Сабақ үлгісі деп жариялауға Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы селосы



бет1/5
Дата06.07.2018
өлшемі0,85 Mb.
#47427
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Республикалык 45minut.kz сайтына сабақ үлгісі деп жариялауға

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы селосы



Абуова Жанар Алменовна

Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің ехнология пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Тоқу әліппесі

Сабақтың мақсаты: Ұлттық қолөнеріміздің бір түрі тоқыма тоқу түрлерімен танысу. Қолмен тоқу өнерін жан - жақты меңгерту. Тоқыманың тұрмысқа қажеттілігі мен қазіргі өмірде алатын орнын әңгімелеу.
1. Білімділік мақсаты: бес инемен тоқу әдіс тәсілдерін үйрету.

2. Дамытушылық мақсаты: жұмыс барысында оқушының шеберлігін, ой-өрісін, көркемдік талғамдарын арттырып, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік мақсаты: өз бетімен жұмыс жасауға, бір-біріне көмектесуге, әсемдікке, ұқыптылыққа, сұлулыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер пен құрал-жабдықтар: Нұсқау карта, бес ине, әртүрлі тоқуға арналған жіптер, дайын тоқылған бұйымдар, шартты белгілер, суреттер.

Сабақтың әдісі: Сто әдісі, бейне ролик, сұрақтар шебері, топтық жұмыс, белсенді тақта Постер қорғау, үлестірме бетше,мақал- мәтел, ИНЗЕРТ стратегиясы

Сабақ түрі: аралас, сарамандық сабақ

Пәнаралық байланыс: тарих, биология.

Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі  
1. Кабинетті, тақтаны сабаққа дайындау;
2. Оқушылардың сабаққа қатысуын түгендеу;
3.Құрал-жабдықтар мен материалдарды тарату

4. Оқушыларды 2 топқа бөлу І топ Тоқымашылар ІІ топ Ісмерлер

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен сабақта жүргізілген жұмыстарға талдау жасау;

«Қыстық киімдер, сырт киімдер, сырт киім үлгілері»

1. Қыстық киім, бас киім түрлерін реттеп айтқызу.

2. Сырт киім үлгілері( буклет) қорғату.

3. Тақтамен жұмыс Постер қорғау

І-топ. Ұлттық сырт киім атаулары мен жаңа сәндегі тігілген сыртқы киімдер түрлерін жіктеп айтқызып, қорғату,

ІІ-топ. Ұлттық сыртқы бас киім атаулары мен жаңа сәндегі тігілген сыртқы бас киімдер түрлерін жіктеп айтқызып, қорғату,

Бағалау Жұлдызшалар арқылы бағалау

«3»-сары

«4»- қызыл

«5»- көк

ІІІ. Жаңа сабақ.

Халқымыздың ұмытылып бара жатқан мәдени мұрасы – тоқыма өнері. Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан, ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнер. Бұл тамаша өнер қазіргі талап тілектер тұрғысынан жалғастырып, тұрмыспен бірге ұласа дамып, одан сайын жетіліп, адамдарды сұлулыққа, әсемділікке жетелеуде. Адамдардың тұрмыс хәлдері үнемі өрлеуіне сай олардың мәдени тұрмыстық тілектері өсе түсуде. Сондықтан да әр адам киген киімінің қазіргі сән үлгісіне сәйкес бола отырып, қайталанбас әсем ерекшелігін, даралығын таныта білуге тырысады. Міне, осыған орай бізге көмекке келген өнердің бірі – тоқыма. Тоқымамен айналысқанда адам жеке басына аса қажет нәрсені жасау үшін тоқымайды: осы тоқу үстіндегі түрлі түсті бояулар әлемінің үйлесімділігін, алуан түрлі сән үлгілерін таңдап, түрлі тоқу әдістерін меңгеруі адамның талғамын, шеберлігін, ой-өрісін жетілдіріп, көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. Соған орай, тоқу өнері басқа да істер сияқты үйренуді, ізденуді қажет етеді. Қазақ қолөнершілері тоқу ісіне көбінесе жүннен иірілген жіптерді пайдаланған. 




1. Қарапайым сым темірден жасалған біз. Бұл көбінесе шұлық тоқуға, мойын орағыш тоқуға, баскиім, т.б. тоқуға арналған. Оны қазіргі таңда пластмассадан, ағаштан, бамбуктен, сүйектен жасауға болады. 
2. Екі басы сым темірден жасалған, ортасына түтікше пластмасса кигізілген қарапайым біз. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет