Сабақ үлгісі Орындаған : Жарасова г тексерген: Караева Т


Тренинг сабақтың жоспарын құрастыру



бет3/5
Дата15.12.2021
өлшемі25,1 Kb.
#100793
түріСабақ
1   2   3   4   5
Тренинг сабақтың жоспарын құрастыру

Психологиялық тренинг заңы тренингте ойланудың дұрыс , ішкі топтық үдерісті бақылауға мүмкіндік береді. Тренинг заңын тиімді қолдана білу тренинг әсерін арттырып, қатысушыларға көмекші тәсіл болып табылады.



«Мен таңдаған өмір...» тренинг - сабақ
Мақсаты: Оқушыларға өмір ұғымын түсіндіре отырып, өмірде кездесетін әртүрлі жағдайлар туралы ақпарат беру.
Күтілетін нәтиже: балалардың өмірге деген құштарлығын, қызығушылығын ояту.

Тренинг жоспары:
1. Кіріспе сөз. Психолог сөзі.
2. «Ойланып көрейік» жаттығуы.
3. «Менің өмірім...» жаттығуы.
4. «Айдар тағу» жаттығуы.
5. «Күлкі «К» витамині» тренингі.
6. Қорытынды.

Тренинг ережесі:
- Тыңдау әдебін сақтау;
- Өз пікірін ашық білдір;.
- Ашық, көңілді болу;
- Белсенділік таныту;
- Сыйластықта болу;
- «Мен»принципін ұстану;
- «Мұнда және қазір» болу.

1. Кіріспе сөз. Психолог сөзі.

Әрбір адам - өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана сабындай қысқа өмірде «адамдардың бір - бірімен сыйластықта болғанына не жетсін!

Жан – жағымызға мұқият қарасақ, айналамызда күйбең тіршілік жүріп жатыр. Адамдар еңбек етуде, жұмысқа бара жатады, жұмыстан қайтып жатады. Демалады, қонаққа барады, алға қойған мақсаттарына жетіп, басқа бір мақсаттар қойып жатады. Кейбіреулер болса қайғы - мұңды бастарынан өткеріп жатады. Ал, кейбіреулер не үшін өмір сүріп жүргендерін, қиындықтардан қалай құтылу керектігін білмей өмірден түңіліп жатады. Бұл - өмір. Қалтарыстары мен қиындықтары көп осынау өмірде адамдар бір – біріне және өздеріне мейіріммен қарап, ізгі ниетпен жақсылық жасай білу керек. Сол қиындықтарды жеңу жолдарын іздеп, алға қойған мақсаттарына жете білулері әркімнің өзіне байланысты екен.

Олай болса, бүгінгі тренингіміз осы өзіміз таңдаған өмірімізде мәнді де, мағыналы өмір сүру әрқайсысымыздың өз қолымызда. Бүгін, тренинг барысында өзіміз сүріп жатқан өмірді танимыз, өзімізді танимыз деп ойлаймын. Тренинг барысында 3 топ қатысады. Әр сыныптан 8 оқушыдан. Ал, қалған қатыспайтын оқушылар көрермен және қатысып отырған топтарды бағалаушы болып есептеледі. Тренинг соңында осы 3 топ ішінен жоғары белсенділік танытқан топ анықталып, мадақталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет