Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті
СӨЖ
Тақырыбы: «Өзін-өзі тану пәні бойынша тренинг сабақ үлгісі »
Орындаған : Жарасова Г
Тексерген: Караева Т
Алматы 2020
ХХ ғасырдың 40 жылдарынан қолданыс таба бастаған тренингтер оған қатысушылардың өзара әрекеттесе отырып мәселені әр қырынан талқылауын қамтамасыз етеді. Тренинг ағылшын тілінен аударғанда «train»-жаттықтыру, жаттығу деген мағынаны білдіреді. Тренинг – өзін-өзі тануға, өзін-өзі реттеуге, тұлғааралық қарым – қатынасқа, коммуникативті және кәсіби біліктілікке бағытталған психотерапиялық, психокоррекциялық және оқыту әдістерінің жиынтығы.
Тренинг басқа адамдарды жақсы түсінуге көмектеседі, өз бейнесін басқалар қалай көретіндігін салыстыруға мүмкіндік береді, өз мүмкіндігін байқауға, өзіндік санасын жетілдіруге жағдай жасайды.Батыста білімді байыту, дағды мен машықтарды іскерлікке баулудың тиімді тәсілі ретінде танылады. Тренингтер рөлдік ойындарды қолдана отырып, топтағы жұмыс белсенділігін арттыру, теорияны практикалық тапсырмалармен байланыстыру, ақпараттар көлемін саналы меңгеру (миға шабуыл) арқылы эвристикалық әдістемеге жол ашады.
Тренинг – жеке адам не топтың ақпаратты сол кезеңде не болашақта қажеттілігіне жарату мүмкіндігі. Тренинг саналы жұмыс түріне баулиды: қатысушылар пікір алмасады, өз көзқарасын қалыптастыру, жеткізуге, сұрақты дұрыс жүйелеуге, өз білімін практикада қолдануға дағдыланады. Адамды күтпеген оқыс жағдайда ойлану мен шешім қабылдауға үйретеді. Нағыз іске, шеберлікке баулу сәттерін тудырады. Басты жауапкершілік жаттықтырушы (сабақ үдерісінде мұғалім мен көмекшілеріне) жүктеледі, оның ойынды ұйымдастыру, қарым – қатынас тұлға ретінде балаларға әсер етіп, шәкірт қабілетін аша білер кәсіби шеберлігі де аса маңызды.Тренингтер ақпарат ала отырып түсініксіз сәттерді талқылауға, сұрақ қоюға мүмкіндік алса, онда берілген ақпарат тез меңгеріледі және алынған білімдер шәкірттердің мінез – құлық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |