3. «Менің өмірім...» жаттығуы. Бұл жаттығу сұрақ - жауап түрінде өтеді. Яғни, біздің сүріп жатқан өмірімізге қатысты сұрақтар. Мәселен, күнделікті қарап жүрген киноларымызға, қызығушылық танытатын компьютерлік ойындарымыз жөнінде болмақ.
Сұрақтар:
1. Қандай теле сериалдарды білесің?
2. Қандай компьютерлік ойындарды білесің?
3. Сәнге айналып жатқан ұялы телефондар мен оның түрлері.
4.«Тиімді қарым-қатынас орнату» бағытында бейнежаттығу.
Ортаға 6 мұғалім шақырамын. Сіздерге тапсырмалар беріледі. Тапсырмаларды үнсіз оқып, вербалдық емес қарым-қатынас құралдарының көмегімен жағдайяттарды ойнап шығуы тиіс. Басқа қатысушылар не жайлы «баяндап» жатқанын шешулері керек.
Тапсырмалар:
1. Басқаларға өзіңіздің сүйікті киіміңіз жайлы айтыңыз, оның түсін, үлгісін сипаттап беріңіз. Оны жиі киесіз бе, қандай жағдайларда киесіз?
2. Соңғы көрген фильміңіз және оның не туралы болғанын айтыңыз: ол сізге ұнады ма?
3. Жақында қандай қуанышты оқиға болды, соны бөліскенде қасыңызда кім болды?
4. Бос уақытыңызды қалай өткізесіз, немен айналысасыз, қайда барасыз кіммен араласасыз?
5. Сүйікті кітабыңызды, оның оқиғаларын айтып беріңіз, басты кейіпкерлері кімдер?
6. Үй шаруашылығымен айналысқанды ұнатасыз ба? Сізге үй ішінде атқарылатын жұмыстың қайсысы ұнайды, қайсысы ұнамайды.
5.Қорытынды
Сізге бүгінгі тренинг ұнады ма?
Қандай әсер алдыңыз?
Назарларыңызға рахмет!
Пайдаланылған әдебиеттер:
Андреева Г.М. Психология социального познания. – Москва.,2000
Базарбаев К.Қ. Психологиялық тренинг: Ұйымдастыру жолдары. – Астана.,2011
Большаков В.Ю. Психотренинг: Социодинамика. Упражнения. Игры. – Москва.,1996
Василюк Ф. Е. Психология переживания. — Москва., 1984.
Жұмасова К.С. Психология. – Астана.,2010
Достарыңызбен бөлісу: |