Березов мектеп - балабақша кешені
Аудандық тамыз маслихатына панорамалық сабақ үлгісі
Пән: дүниетану
Тақырып: «Өсімдік»
Дайындаған: І санатты бастауыш сынып мұғалімі
Бокаева Ү.С.
2015-2016 оқу жылы
Панорамалықсабақтыңтақырыбы:
“Өсімдіктер”.
Сабақтың барысы:
1сынып
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға өсімдік түрлері және олардың өсуіне қажет жағдайларымен таныстыру;
Дамытушылық:Оқушылардың дүниетанымдылық қабілеттерін, ойлау, сөйлеу дағдыларын, пәнге деген қызығушылықтарын, дамыту;
Тәрбиелік:Оқушыларды сүйіспеншілікке, табиғатты аялауға, өсімдікті қорғауға, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Панорамалық сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау, ой-қозғау, түсіндіру, сыни тұрғысынан ойлау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, әр түрлі тіршілік орта суреттері, плакат.
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу, еңбекке баулу
Жоспар:
Өсімдіктер
Өсімдік - тірі организм
Өсімдіктердің көп түрлілігі
Өсімдіктер.
Қызығушылықты ояту.
Жұмбақ.
Үйі де жоқ, күйі де жоқ.
Бірақ жауыннан да, дауылдан да
Қымсынбайды.
Ыстыққа да суыққа да
Шын шыдайды.
Шешуін айта ғой
Балалар білсін жайды.
(Өсімдік)
“ Ассоциация” стратегиясы. (Өсімдіктер туралы білетіндерін айту)
Өсімдіктер қандай жерлерде өседі?
Өсімдіктер не үшін қажет?
Қандай өсімдіктерді білесіңдер?
Мағынаны тану.
“Ой қозғау” стратегиясы
Суретке қарап не айтар едіңіздер? Өсімдіктер қандай тәртіппен орналасқан?
Оқулықпен жұмыс:
Өсімдіктер табиғаттың жанды денелері. Олар қоректендіреді, тыныс алады, өседі, көбейеді, қурайды. Өсімдіктердің өсуіне топырақ, су, жылу, ауа, күн көзі керек.
Өсімдіктер үш топқа бөлінеді – ағаштар, бұталар, шөр тектес өсімдіктер.
Ағаш, бұталар, орманда, бақта, саябақта өседі. Ауыл мен қала көшелеріне қарағаш, тал, жөке, қайың, емен ағаштары сән беріп тұрады. Ал раушангүл, шырғанақтың гүл шоғырлары ерекше жұпар иіске бөлейді. Олар табиғаттың ажарын аша түседі.
Сергіту сәті:
Бөлме өсімдіктеріне қамқорлық жасау (жапырақтарын сүрту, су құю)
“ Орнын тап” ойыны /карточкамен жұмыстану/.
(Өсімдіктерді тіршілік ортасына қарай топтастыр).
Бөлме өсімдіктеріДала өсімдіктері
Рефлексия.
1) “Кім жылдам?”
“Миға шабуыл” стратегиясы.
Өсімдіктер қандай үш топқа бөлінеді?
Біз оларды неге табиғаттың жанды денелері дейміз?
Өсімдіктер өсу үшін не қажет?
Ағаштардың қандай пайдасы бар?
Ағаштың бұтадан айырмашылығын айт?
Өз үйіңнің маңайында қандай өсімдіктер өседі?
«РАФТ» әдісі
“Гүлшоғын” сөйлету. (Әр топ гүл шоғының суретін салып, берілген тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салу.)
1-топ: Гүлдің рөліне ене отырып, ризашылықтарын білдіру.
2-топ: Қараусыз, солып қалған гүлдің рөліне ене отырып, адамдарға өз назын жеткізу.
3-топ: Гүл шоғы қалай сыйлау керек?
Р құлпырған гүл қураған гүл балалар
А жер, ауа, су, күн адам оқушы
Фкөрсету монолог кеңес беру
Т ризашылықтарын білдіру өз назын жеткізу қажеттілігін білдіру
Оқушының жауабы:
1топ: Мейірімді жер – ана, таза ауа, мөлдір су, нұрлы күн!
Сіздердің жақсылықтарыңызға ризамыз, біздің әсемдігімізге сіздердің үлесіңіз мол.
/қолдарынан ұстап қимылмен көрсету/
2 топ: Барлық адамдар, маған көмектесіңізші! Мен де басқа гүлдер сияқты әдемі болғым келеді. Бірақ маған уақытымен су құйылмайды, қасымдағы арам шөптер менің өсуіме кедергі келтіреді. Мені аяласаңдар, мен де хош иісімді, әдемілігімді сыйлаймын, қуантамын!
3топ:Гүл шоғы өте әдемі, көңілді көтереді. Гүл шоғын құмыраға салып, суын жиі ауыстыру пайдалы. Сыйлық ретінде бергенде, әдемі қағазбен безендіру керек.
Бағалау /жапырақтар санына байланысты бағалау/
Үйге тапсырма: өз үйіңің маңындағы ұнаған ағаштың суретін сал.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар өсімдіктердің түрлерін, аттарын ажыратады.
Ойлау, сөйлеу дағдылары мен актерлік шеберлігі дамыды.
Еңбекқорлықты, табиғатты аялауды ұғынды және эстетикалық түсінігі қалыптасты.
2 сынып.
Өсімдік - тірі организм
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға өсімдік бөліктері және оның өсіп - өнуін түсіндіру;
Дамытушылық:Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, байқағыштық, өз ойларын еркін жеткізу дағдыларын, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту;
Тәрбиелік:Оқушыларды сүйіспеншілікке, табиғатты аялауға, өсімдікті қорғауға, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу,
Қызығушылығын ояту.
- Мына сурет бойынша не айта аласыңдар?
- Оларға тән қандай ортақ қасиеттерді атай аласыңдар?
- Осылардың ішінде әрқайсысымызға хош иісін, әсемдігін сыйлайтын тіршілік иесін атайықшы?
Мағынаны тану.
“Білемін. Білгім келеді. Үйрендім” стратегиясы.
Білемін.
|
Білгім келеді
|
Үйрендім.
|
|
1. Өсімдіктің тірі табиғат екені.
2. Өсімдіктердің 3 топқа бөлінуі.
3. Өсімдіктің өсуіне қажетті жағдайлар
4. Өсімдік не үшін қажет екені.
5.Өсімдіктердің барлық жерде өсетіні.
|
1.Өсімдік қалай өсіп өнеді?
2.Ағаштар қандай топқа бөлінеді?
3. Өсімдіктер неге қурайды?
4. Қураған өсімдіктер пайдалы ма, зиян ба?
|
|
Топпен жұмыс
1-топ. Өсімдік тұқымнан қалай өнеді?
2-топ. Ағаш түрлері туралы не айтуға болады?
3-топ. Су қүйған өсімдіктің су құйылмаған өсімдіктен айырмашылығы неде?
Оқушының жауабы
1топ. Өсімдік тұқымнан өсіп өнеді. Олардың тамыры, сабағы, жапырағы, гүлдері, жемістері пайда болады. Күзде өсімдіктердің сабағы мен жапырақтары қурайды. Олар көбейеді, қоректенеді, өседі.Бұл өсімдіктердің тірі организм екенін дәлелдейді.
2топ. Өсімдіктер тобының көптеген түрлері болады. Соның ішінде ағаш түрлері: қайың, көктерек, терек, емен, шыршы, қарағаш, жөке. Казакстанда жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар өседі. Жапырақты ағаштың дінінен көптеген бұтақтар тарайды.
3топ. Өсімдік суды топырақтан тамыр арқылы алады. Адам өсіретін көкөніс пен жемістерді үнемі суарады. Егістіктегі өсімдіктерді жаңбырлатқыш қондырғымен немесе арық арқылы берілетін сумен суарады. Сондықтан уақытылы су құйылмаған, баптаусыз өсімдік тез қурайды.
Сергіту сәті
Суреттегі ағаштардан қандай айырмашылықтар көріп тұрсындар?
Сіздерге қай суреттегі ағаштар ұнайды?
Осылай өсірілген ағаштарды көрдіңіздер ме?
Дала немесе үй маңындағы өздігінен өскен ағаштарға қарағанда, қала сәнін және мәдениетін көркейту үшін, қала көшелерінде, саябақтарда өсетін ағаштарды жұмысшылар арнайы белгілі ретпен өсіріп, күтеді.
Өсімдіктердің қоректенуі
Балалар, суреттегі орынын жоғалтқан әріптерді дұрыс орналастыру арқылы, өсімдікке не қажет екенін табайық?
Қорытынды
“Білемін. Білгім келеді. Үйрендім” стратегиясы.
Білемін.
|
Білгім келеді
|
Үйрендім.
|
1. Өсімдіктің тірі табиғат екені.
2. Өсімдіктердің 3 топқа бөлінуі.
3. Өсімдіктің өсуіне қажетті жағдайлар
4. Өсімдік не үшін қажет екені.
5.Өсімдіктердің барлық жерде өсетіні.
|
1.Өсімдік қалай өсіп өнеді?
2.Ағаштар қандай топқа бөлінеді?
3. Өсімдіктер неге қурайды?
4. Қураған өсімдіктер пайдалы ма, зиян ба?
|
1.Өсімдік тұқымынан өсіп өнеді.Тамыр тереңге бойлап өседі, өсімдікті топыраққа бекітіп тұрады және суды тартады. Тамырдағы қоректік заттар сабақты бойлап жапыраққа, гүлге және жеміске барады.
2.Қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар болып екі түрге бөлінеді.
3. Күн сәулесінің әсерінен жапырақта хлорофил деп аталатын зат пайда болады. Ол жапыраққа жасыл түс береді. Күннің жарығы мен жылуы жеткілікті кезде өсімдік жасыл болады.
|
Күтілетін нәтиже:
Оқушыларға өсімдік бөліктері және оның өсіп – өнуіне адам әрекетінің ықпалын білді;
Оқушылардың дүниетанымы кеңейіп, байқағыштық, тапқырлық қабілеті, өз ойларын еркін жеткізу дағдыларын, пәнге деген қызығушылықтары артты.
Оқушылар қоршаған ортаны тазалығын сақтап, мәдениетін дамытуды тәрбиеленді.
3-сынып
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің көп түрлілігі
Білімділік: Оқушыларға өсімдіктің өсіп өну жағдайларымен, құрылымының тіршілік ету ортасына қарай бейімделуін және ерекшелігін анықтап салыстыру. Өсімдіктердің маңызы жайлы білім беру;
Дамытушылық:Өсімдік топтарымен өсу ерекшелігін, құрылысын анықтап, қорытынды жасауға баулу. Оқушылардың дүниетанымдылық қабілеттерін, ойлау, сөйлеу дағдыларын, пәнге деген қызығушылықтарын, дамыту;
Тәрбиелік:Оқушыларды сүйіспеншілікке, алғырлыққа, ізгілікке, табиғатты аялауға, өсімдікті қорғауға, адамгершілік қасиет, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Панорамалық сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау, ой қозғау, түсіндіру, сыни тұрғысынан ойлау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, әр түрлі тіршілік орта суреттері, кеппе шөптер, плакат.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, математика.
Қызығушылығын ояту.
«Өсімдік» тақырыбына бес жолды өлең құрау
1.Өсімдік
2.Әдемі, әсем
3.Өседі, қуантады, қоректенеді
4.Өсімдік – адамға тіршілік береді.
5.Гүл немесе ағаш т.б.
ІІ. Мағынаны тану.
Топпен жұмыс. Оқулықпен жұмыс
«Өкіл» әдісі
1 топ:Өсімдіктің көптүрлілігі
2 топ: Ылғал сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер
3 топ: Жылу сүйгіш және суыққа төзімді өсімдіктер
Оқушылар бір – бірінің пікірін тыңдап, оны толықтырып, әр топтан бір оқушы келесі топқа өкіл болып барып өз тақырыбын түсіндіріп, нәтижесінде оқушылар тақырыпты толықтай игереді.
Сен білесің бе?
Ағаштардың тіршілік ету ұзақтығы: Ағаш текті өсімдіктердің биіктігі
Шырша 500жыл, 30-35м
Емен 2000жыл, 40м
Қарағай 350жыл, 36м
Балқарағай 850жыл,
Қайың 150жыл, 20м
Шегіршін 400 жыл, 40м
Шетен ағашы 80жыл,
Көктерек 100жыл.Жөке 35м
Пікірталас
Өсімдіктердің көптүрлі болып өсу себептері неде?
Адамдар өсімдік әлемін сақтап қалу үшін қандай шаралар қолданады?
Өсімдіктерден адамдарға қандай зиян келеді?
Оқушылар «менің ойымша», «мен сенімдімін» деген сияқты сөйлемдермен бастап ойларын айтады.
Тыныштық сәтін ұйымдастыру
Оқушының жауабы
Өсімдіктердің көптүрлілігі алуан түрлі ортада, әр түрлі жағдайларда тіршілік етуге бейімделуіне байланысты.
Адамдар өсімдік әлемін сақтап қалу үшін жасыл желектерді отырғызып, орман шаруашылығына бақылауды күшейтіп, осы салаға жауапты мамандарды дайындайды, құрып кету қауіпі төнген өсімдіктерді Қызыл кітапқа енгізеді.
Өсімдіктерден адамдарға зиян келетін себептері: орман өрті, улы өсімдіктерді абайсыз пайдалану, арам шөптің шамадан тыс көбеюіне байланысты ауруға шалдығу.
Шығармашылық тапсырма
Эссе
І топ:«Ауылды жасыл желекке бөлейік»(болашақтағы ауыл бейнесін елестету)
ІІ топ: «Табиғат пен адам егіз»(табиғатты қорғауға тілек жазу)
ІІІ топ: Өсімдіктің пайдасы
Қорытындылау
Тесттік тапсырмалар
1.Өсімдік топтары:
а)көгал, бұта, тоғай
ә)тоғай,шалғын,шөп
б)ағаш, шөп,көгал
в)ағаш, бұта, шөп
2.Өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайлар
а)су,жарық,аз ғана қорек,ауа,жылу
ә)су, жарық,қорек,ауа,жылу
б)құрғақшылық,жарық,қорек,ауа,жылу
в)су, қараңғылық,қорек,ауа,жылу
3.Бақбақ, сүттіген, қоңырбас, беде, жантақ, қурай өсімдіктерінен ылғал сүйгіштері:
а)бақбақ, қурай, беде
ә)қурай,қоңырбас,сүттіген
б)беде,қоңырбас,бақбақ
в)жантақ,қурай,сүттіген
Күтілетін нәтиже
Оқушы
Табиғатқа деген жүрегінде жылулық ұялаған
Білім стандартына сай міндетті мүмкіндік деңгейдегі біліммен қаруланған
Бойында адамгершілік қасиет қалыптасқан
Өз бетімен ізденуді мақсат етеді
Өз ойын еркін айта біледі
Достарыңызбен бөлісу: |