Сабақ үлгісі Сабақтың тақырыбы: Бисер тарауына қорытынды



бет1/3
Дата05.06.2017
өлшемі467,8 Kb.
#18209
түріСабақ
  1   2   3
Әбуова Жанар.Әлменқызы.

Атырау облысы. Қызылқоға ауданы Миялы селосы.

Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің технология пәні мұғалімі.

Сабақ үлгісі

Сабақтың тақырыбы: Бисер тарауына қорытынды

Сабақтың мақсаты: Алған білімдерін практикамен байланыстырып, ойларын тұжырымдай білуге, өнерді эстетикалық талғаммен қаблдауға үйрету.

Білімділігі: Оқушылардың бисер өнері туралы алған білімдерін жүйелеу.

Дамытушылығы: Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастырып, шығармашылық қабілетін арттыру.

Тәрбиелілігі: оқушыларды талғампаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеп, тиянақтылық деңгейін көтеруге баулу.

Сабақ түрі: қорытынды сабақ

Сабақ әдісі: ақпараттық технологиямен жұмыс, іздену, түсіндіру,көрсету,тест жұмысы.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта,слайд,су моншақпен жасалған бұйымдар көрмесі.

Пәнаралық байланыс: тарих, сызу, математика
Сабақ барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

А) “ Су моншақтан бірнеше қатарлы алқа тоқу” тақырыбы бойынша тоқылған алқаларын қарау.

Мұғалім сөзі. Алқа- әйел адамдардың мойнына тағатын әшекей бұйымдарының бірі.

Зергерлер алқаны- металмен асыл тастарды шабыстырып істесе қазіргі кезде су моншақтарды пайдалану арқылы да алқаның өте әдемі түрлерін жасауға болатынын шеберлер көрсетіп жүр. Бұл жұмыс- әркімнің әстетикалық талғамына ,төзімділігіне, қиялының ұшқырлығына байланысты.

Өткен сабағымызда алқа тоқудың бірнеше тоқу схемаларын сызып, сол бойынша тоқып үйрендік, үйден сол тоқыған жұмысымызды аяқтап келуге тапсырма берілген болатын. Қазір сол жұмыстарыңызды бағалайық.

Әрбір оқушының тоқыған алқасының схемасымен бірге көпшілікке таныстыру.

II. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Бисер тарауына қорытынды.

Су моншақпен жұмыс жасау тарауының соңғы сабағы болғандықтан әрбір оқушыға өзбетімен ізденіс жұмысын берген болатынмын енді осы жұмыстарды тыңдап көрейік .



IIІ.Ізденіс жұмысы

1.Су моншақтың шығу тарихы, түрлері, неден жасайды,тоқу технологиясы

2. Су моншақтарды қандай бұйымдарға қолданады

3.Бисермен алқа тоқу үлгілері,сызбалары.

4. Әйел адамдардың бисерден жасалатын әшекей бұйымдары

IV. Пысықтау. Тест жұмысы.

1.Ең алғаш бисер қай елде пайда болды?

а) Египет

ә) Жапония

б) Үндістан

2. Тұңғыш рет бисер қандай өндіріспен байланысты болды?

а) ағаш өндіру

ә) әйнек өндіру

б) металл өндіру

3. Бисермен жұмыс істегенде көмектесетін құрал?

а) ине, жіп

ә) қашау


б) метрлік

4. Бисермен гүл, жапырақ тоқу үшін қандай материал қолданған жөн?

а) жіп

ә) сым


б) кендір діп

5. Бисерді ең көп шығаратын ел?

а) Қытай

ә) Жапония

б) Англия

6. Бисер қандай материалдан жасалады?

а) әйнек

ә) фарфор

б) хрусталь

7. Барлық қол өнері сияқты бисер тоқудың тарихы бар. Осыдан неше жыл бұрын әйнек өнері пайда болған?

а) 6 мың

ә) 8 мың


б) 4 мың

8. Бисердің түрлері?

а) ұзынша

ә) домалақ

б) үшбұрыш

9. Әйнекті ең алғаш құпиясын ашқан ел?

а) Египет

ә) Сирия


б) Финикия

10. Бисерді қандай бұйымға қолданады?

а) ыдыс – аяққа

ә) киімге



б) қару – жараққа

Жауап кілті

  • 1 – а 6 – б

  • 2 - ә 7 – а

  • 3 – а 8 - ә

  • 4 - ә 9 –б

  • 5 - ә 10 – ә

  • Бағалау шегі

  • 1 - 5 – «3»

  • 6 - 8 – «4»

  • 9– 10 – «5»

V.Қорытынды



VI. Бағалау





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет