Сабақ үлгісі Тақырыбы : «Қарым қатынас мәдениеті»



Дата10.04.2022
өлшемі18,75 Kb.
#138733
түріСабақ
Байланысты:
СӨЖ ӨЗІН-өзі тану


СӨЖ
Өзін-өзі тану пәні бойынша тренинг сабақ үлгісі
Тақырыбы: « Қарым – қатынас мәдениеті »


Мақсаты: Заманға лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру, тың идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдыққа бейімдеу. Тәрбиешілердің эмоционалды көңіл-күйлерін көтеру, кәсіби шеберліктерін арттыру, топтасып жұмыс жасауды дамыту.


Қатысушылар: тәрбиешілер мамандар.


Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, тест, психологиялық тренингтер


Жұмыс түрі: топтық жұмыс.


Тәсілі: тәжірибелік жаттығулар, тренингтер, тапсырмалары, сұрақ-жауаптар.


Көрнекілігі: , интерактивті тақта, магнит тақтасы, сұрақ карточкалары.


ТРЕНИНГ БАҒДАРЛАМАСЫ:



  1. «Танысу» жаттығуы;




  1. Сергіту тренинг




  1. Топқа бөлу;




  1. Ой жинақтау;

Шаттық шеңбері


Әртүрлі тренингтер


Сұрақ-жауап ойыны


Педагогикалық жағдаяттар тапсырмалары


Релаксация


Құрметті әріптестер, сәлеметсіздер ме! «Қарым-қатынас мәдинеті»


атты -тренингке қош келдіңіздер! Бүгінгі таңда ΧΧΙ ғасыр талабына сай, жаңашыл, мейірімді, кәсіби шебер маман болуымыз қажет. Бүгінгі тренинг кәсіби шеберліктеріңіздің артуына, топпен жұмыс жасауды дамытуға ықпалын тигізеді деп сенемін..



  1. «Біз біргеміз тренигі»

Барлық қатысушылар шеңбер бойынада тұрады. Өздерінің есімдерін қоса казіргі көңіл-күйлерін қимылмен көрсетеді.





  1. Достық сыйластық бірлестік аралы.

Көз алдарыңызға елестетіп көріңіздер.Сіздер аралдасыздар арал бірте-бірте кішірейіп барады.Аман қалу үшін мына кішкентай жерге барлығымыз сыйуымыз керек.Кәнекей сыйамызба? Кәне кәне аман қалайық.





  1. «Қарым-қатынас» жаттығуы

Біздер әрқайсымыз әр нәрсені жақсы көреміз,махаббатымызды әр түрлі білдіреміз. Енді біздер жүрегімізден шыққан жылы сөздермен алақан жылуы арқылы «бір-бірімізге» білдірейік. Әркім өз сөзін айтып,алма-кезек алақанға-алақан қояды. Мысалы: Мен сіздерді құрметтеймін.





  1. Мен кіммін,Мен қандаймын” тренинг Өзгелер мені қалай танып қабылда

Ортаға бір ойыншы өз еркімен шығады. Қалған ойыншылар жүргізушінің айтқан сипаттамасы бойынша кімді суреттеп тұрғанын табу керек. (бір адамға қысқаша мінездеме беріледі)





  1. Балық,Құс,Аң” ойыны

Психолог: Балық,құс,аң – деп шеңбермен қайталап жүреді де, аң-құс немесе балық,- деп бір қатысушыға нұсқау береді,сол кезде аталған аттын атауын айту керек.


Мысалы: Аң десем, Қасқыр деп.


Бұл ойында қатысушыларға зейінмен тұру ұсынылады, шапшаңдықпен айту, айтылған сөзді қайталамау.




6.Есте қалған қызықты бір оқиға жаттығуы.

Топ дөңгеленіп тұрады,қатысушыларға жүрек беріледі. Жүректі бір-бірлеріне кезектесе ұсынып,есте қалған қызықты оқиғаларын,қуанышты күндерін айтады.


Денеге массаж жаттығуы.Нұсқауы:


Бірінің артында бірі шеңберде тұрып,бір-бірінің денесіне алақанмен массаж жасау. Оңға бұрылады: басына, желкесіне, арқасына, иығына,ішіне,,беліне,саусақ-қолдарына,біліктеріне.


Жарқыра менің жұлдызым”


Адам жүрегіне қандай тілек айтсаңыз,өзіңізге де сол тілек қайтып оралады. Бір-бірімізге рухани жылы сөздер айту арқылы,өзімізге тренинг соңында алған әсерлерін,пікірін келесі сөйлемдерді жалғастыру арқылы ұсыналады.


-Мен бүгінгі тренингте түсінгенім…


— Мені таң қалдырды…


— Мен сезіндім…


— Ойлаймын…


— Мені тренингте ашуландырған сәт…


— Мені қуантқан сәт…


— Маған тренингте қатты ұнағаны…


— Маған тренинг ұнамады,себебі….


— Менің алған әсерім. (осы нұсқауларды жалғастырып, пікірлерін


білдіру сұралады.


Релаксация


Баяу музыка ойнап тұрады. Релаксацияға арналған жаттығулар.


Көзімізді жұмамыз. Денемізді бос ұстаймыз. Сіздер өзен жағасында отырсыздар. Судың әуені, шуылы құлағыңызға жағып, күн шуағы денеңізді жылытады. Жалаң аяқ құмның үстінде жүрсіздер, құм аяқтарыңызды күйдіріп барады. Су денелеріңізді жеңілдетіп, өзіңізді жақсы сезінудесіз. Өте жақсы демалдық. Қандай ғажап табиғат деген, таза ауа, жұмсақ құм, жылы су, табиғат деген қандай тамаша! Терең дем алыңыз, ақырын демімізді шығарамыз. Біздің басымыз артық ойлардан тазарды. Біз өзімізді күні бойына жетер жігер, қуат алдық, біз көңілдіміз! Біз осы өмірдегі ең бай, байсалды, білімді, бақытты, керемет жандармыз! Енді ақырын-ақырын көзімізді ашамыз. Бір-бірімізге сүйіспеншілікпен қараймыз!




Қорытынды

Құрметті әріптестер, біздің кездесуіміз аяқталып келе жатыр. Сондықтан өз ойларымызды ортаға салып, бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық! Тренинг сіздерге не берді? Қандай сезімде болдыңыз? Ұсыныс-тілектеріңізді айтыңыздар!


Құрметті әріптестер! Біздің сіздермен кездесуіміз өз мәресіне жетті. Бірақ біздің жолымыз әлі соңына жеткен жоқ, біз әрдайым қозғалыстамыз. Олай болса ΧΧΙ ғасырдың жаңашыл, шығармашылықтарыңыз толағай табыстарға толы шебер маман иесі болуларыңызға тілектеспін!




Барлықтарыңызға үлкен рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет