Сабақ Магнит өрісі. Ампер күші



бет1/6
Дата26.08.2017
өлшемі1,28 Mb.
#29075
  1   2   3   4   5   6


«Бейнеу гимназиясы» мемлекеттік мекемесі

«Жаңаша білім берудің әдістері» тақырыбында аудандық семинарында өткізілген ашық сабақ


Магнит өрісі. Ампер күші.

Дайындаған: «Бейнеу гимназиясы» мемлекеттік мекемесі физика мұғалімі Утегенов Жумабек Умирбекович

Бейнеу 2016 жыл




«Бекітемін»

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Г Азанова
Күні: 10.03.16

Сыныбы: 10

Пәні:физика

Сабақтың аты

§10,1 Магнит өрісі

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

1. Оқушыларға магнит өрісі ұғымын қалыптастыру және Ампер заңы мағынасын таныстыру, ой-танымын дамыту.

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.


Күтілетін нәтиже

1. Оқушыларға магнит өрісі ұғымын қалыптастыру және Ампер заңы мағынасын таныстыру, ой-танымын дамыту.

2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.



3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Негізгі идеялар



Тапсырмалар

  1. Жеке жұмыс
    Білім деңгейі:

А) Еске түсіру «Дұрыс және дұрыс емес тұжырымдар»






Тұжырымдар

ия

жоқ

1

Электр тогы дегеніміз зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы







2

Тізбек бөлігіндегі ток күші кедергіге тура пропорционал, ал өткізгіш ұштарындағы кернеуге кері пропорционал болады.







3

Электр өрісін заряд немесе зарядталған дене, ал магнит өрісін магнит заряды тудырады деген сөз дұрыс па?







4

Эрстед тәжірибесінде тогы бар өткізгіш магниттік тілшеге әсер етеді деген тұжырым бар. Тұжырым дұрыс деп ойлайсыңба?







5

Магнит өрісінің екі полюсі бар; олар оңтүстік және солтүстік полюс деп аталады деген сөз дұрыс па?







6

«Бұрғы ережесі» деген ережемен Ампер күшінің бағытын анықтауға болады, ал «Сол қол» ержесімен магнит өрісінің бағытын анықтаймыз деген тұжырым дұрыс па?







7

Ампердің магниттердегі магнит өрісін оның ішіндегі микротоктар тудырады деген гипотезасы дұрыс па?










сұрақтар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

жауаптар































ұпай































Топтық жұмыс


Оқушыларды топқа бөлу: Оқушылар үш топқа бөлінеді, топтар «Бақылаушылар», «Экспериментаторлар» және «Теоретиктер» деп аталады.


Жеке жұмыс
Жаңа материалды түсіндіруден алдын оқушыларға «Инсерт» әдісінде не білетінін анықтап аламын: Оқушылар сабақ басында А бөлікті толтырады, сабақты түсіндіріп болғаннан соң В бөлікті, түсінбегендерін С бөлікке жазады да, сабақ соңында D бөлікке өзінің жаңадан қандай тұжырымға келгенін жазады.



Білемін

Білдім

Білгім келеді

Жаңаша сыни ойлау

А

В

С

D














Жаңа материалды түсіндіру және оқушыларға тапсырма беру.


Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)


    1. Сәлемдесу

    2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

    3. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2 сандары арқылы 2 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5 минут)

  1. Электр тогының жылулық әрекеті жайында не білесіңдер?

  2. Джоуль-Ленц ережесі жайында не білесіңдер?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі және сабақ түсіндіріледі: (4 минут)

Магнит өрісі деп өткіштердің электр тогымен өзара әрекеттесуі жүзеге асатын материяның түрін айтады.



Тұрақты немесе немесе қарапайым магниттер деп магниттелуін ұзақ сақтайтын денелерді айтады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет