ЖҰМЫСТЫҢ ОРЫНДАЛУ ТӘРТІБІ 1-тапсырма. Маятниктің инерция моментін анықтау. Маятник ролигіне еркін таңдалынған сақинаны салып, оны қатты қысу керек. Аспалы жіпті маятник осьіне орап және оны айқындап қою керек. Сақинаның төменгі қыры, бағанада нөл шамасын көрсетеді ме, тексеріңдер. Егер көрсетпесе, онда жоғары тіреуішті бұрап алыңдар, және оның биіктігін ретке келтіріңдер. Бифилярлы аспаны, жіптің ұзындығын реттеу үшін гайканы босатыңдар. Жіптің ұзындығын былай анықтаңдар: маятникті түсіргеннен кейін сақинаның шеті төменгі фотоэлектрлі бергіштін оптикалық осьінен 2 см-дей төмен жатуы тиіс. Маятниктің орналасуына түзету жүргізіңдер. Оның осьі прибордың табанына паралель болу керек, соған көңіл бөліңдер. Бір орам келесі орамның қасында жататындай оның бір қалыпты оралуына көңіл бөле отырып, маятник осіне аспалы жіпті ораңдар. Маятникті электрлі магниттің қасына айқандап қойыңдар және бұл жағдайда жіптің көп оралып кетпеуіне көңіл бөліңдер. Маятникті оның қозғалыс бағытына 5 градус бұрышқа жақын бұрыңдар. ”Пуск” клавишын басыңдар. Маятниктің түсу уақытын алып, оның орташа мәнін есептеңіз. Маятниктің ұзындығын табыңыз. (3.5)-тен инерция моментін табу керек. Ол үшін мынаны ескеру керек: , ондағы маятник осінің диаметрі, аспалы жіптің диаметрі. Сол сияқты:
, мұндағы – маятник осінің массасы, – ролик массасы, – роликке салынған сақина массасы.
Басқа сақиналар үшін өлшеулерді қайталаңдар. Өлшеу нәтижелерін 3.1-ші кестеге толтырыңдар:
3.1 кесте