Сабақ мақсаты : а Балаларға жеті саны киелі екенін ұғындыру;ертегінің мазмұнын ашу



Дата01.04.2017
өлшемі351,54 Kb.
#13388
түріСабақ
Оңтүстік Қазақстан облысы

Арыс қаласы

372 бастауыш мектебі



Бастауыш сынып мұғалімі: Қилыбаева Райхан
Тақырыбы: « Жеті қазынаның бірі »

Сабақ мақсаты: а) Балаларға жеті саны киелі екенін ұғындыру;ертегінің мазмұнын ашу;

 ә) Ертегі бойынша сұрақ-жауап алу арқылы ойлау, сөйлеу,оқу дағдыларын, сөздік қорын дамыту;



 б) Мәнерлі сөйлеуге,жануарларды күтіп, қорғауға тәрбиелеу;

Көрнекіліктер:  Суреттер, мақал – мәтелдер, тірек-сызбалар, кесте.

Типі:  Жаңа сабақ.

Әдістері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап алу, ойын.

Сабақтың барысы:

    Ұйымдастыру кезеңі: ынта қою.



Бүгінгі күнімізді бір – бірімізге  жақсы тілек айтудан бастайық.

Қуан, шаттан алақай!



Қуанатын күн бүгін!

Қайырлы күн!

Бәріміз күндей жарасайық!

Бәріміз дос болайық!



Өткенге шолу:

1.Сұрақ- жауап.

Бұрынғы заманда туған күнді тойлау әдетін жазушы қалай түсіндірген?

Алғашқы мүшел жастағы бала нешеде?

Екінші мүшелдегі балаға ата-анасы, елі қандай үміт артады?

13-те немесе одан асқан мүшелдегі үлкендердің өзіңнен айырмашылығы неде?

2.«Туған күнді тойлау» атты шығарманы оқыту.

      Жаңа сабақ:



  1. Түсінік беру.

Қадым замандардан бері Жер бетін мекендеп келе жатқан халықтардың көпшілігі жеті санында сиқырлы күш бар деп санаған. Оны кие тұтып, қастерлеген небір ұлттар да болды. Соның бірі – қазақ халқы. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелерін жеті санымен атап, ата заңдарына, салт-дәстүріне арқау етіп келеді.

-7 санына байланысты не білесіңдер?

жеті қазына жеті қарақшы

жеті ата жеті шелпек

жеті нота жеті күн

жеті жұт жеті жоқ

Бір аптада  неше күн бар (санайық)

Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

-         Яғни, жеті күн бар.

-Бүгін аптаның қай күні? (сәрсенбі)

-Енді жеті қазынаны атаңдаршы.
ер жігіт құмай тазы

берен мылтық

қыран бүркіт



сұлу әйел

жүйрік ат білім-ілім
-Бүгін біз жеті қазынаның бірі-құмай тазыға тоқталамыз.

"Құмай тазы"- қазақтың ертеден келе жатқан аңшы иті. Ол өте жылдам әрі алғыр, 6 айынан бастап аңшылыққа үйретеді 8-9 айында аңға қосады. "Құмай тазы" аңшылыққа тез үйреніп кетеді, оның өзінің аңшылық қасиеті болады. "Құмай тазының" өзге иісі болмайды яғни жаман иісі.«Тазы» деген сөздің өзі «таза «деген мағынаны білдіреді. «Құмай тазы » ердің — абыройын асырар сенімді серігі.



2.Мәтінмен жұмыс. «Жеті қазынаның бірі». 

Арыстан барлық аңдарды жинап, кімнің  күшті, ақылды, епті екенін білгісі келеді. Барлық аңдар өз пікірлерін айтып, ең күшті ақылды деп арыстанды айтады. Бірақ ит үндемейді. Оған арыстан сен неге үндемейсің депті, ит оған ең ақылды, қайыратты – адам депті. Арыстан оған ашуланады. Ит осылай аңдардан бөлініпті. Содан бері ит адамның досы, серігі, қорғаушысы болыпты.

 3. Сөздікпен жұмыс: Аластату, құйрық (қол ) үзу.

4.Сұрақ-жауап: -Арыстан мен Ит неліктен араз болды?

-Иттің адамға достығын қалай түсіндіресің?

Қазына деген не?

-Адамдардың арасына келгенге дейін иттің өмірі қандай болғанын болжап әңгімеле?



5.Ертегі кейіпкерлерді ата және оларды сипатта.Оған жұмбақтарды, мақал- мәтелдерді пайдалан.

Кейіпкерлер

Басты сипаты

...

...

...

...

...

...

Сергіту:

Қырғауыл боп ұшамыз, ұшамыз,

Түлкі болып қашамыз, қашамыз.

Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп,

Орнымызға қонамыз, қонамыз. 

  -Сәл тынығып алдық, сабақты жалғастырамыз.

  

Жұмбақтар.

Жануар мақұлықтың біреуі өзі,


Іркілмей жұмсайтұғын ірі тісті.
(Арыстан)

Өзі айлагер, өзі қу

Жүрген жері айқай шу От басында орайған,
(Түлкі) Құйымшағы сорайған.
(Тазы ит)

Мақал – мәтелдер.

 Жақсы ит иесінің көз-құлағы.     Итті тепкен, ырысты тебеді.

Жеті атасын білмеген – жетесіз

 Жеті атасын білген ер,

Жеті жұрттың қамын жер.

Пысықтау.

Өзіңе ұнаған жеті қазынаның суретін сал.



Ойын: « Тақия тастамақ»

   Ойын шарты тақия тастау арқылы тез жеті қазынаны бір – бірлеп айтамыз кезекпен. Ойын осылай жалғаса береді.



Қорытынды:  Ертегіні рөлге бөліп оқыту.

Үйге тапсырма беру: Үй жануарларын біреуін алып, ертегі құрастырып жас.        

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет