Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп №144 орта мектеп Мерзiмі : 04.12.2015ж. № 13сабақ
Тақырып: Көмектесе білейік
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.,қамқорлық.
Мұғалiм: Сейдахметова Гүлмира
Сынып: 1
Сабақ мақсаты: «Қамқорлық» ұғымының адамгершілік құндылығы
ретіндегі маңыздылығын түсіндіру;
Міндеттері:
Білімділік: мейірімділік адами қасиеті мен өзара әрекеттері туралы түсінік беру;
Дамытушылық: қамқорлық жасау,көмек көрсету дағдыларын дамыту;
Тәрбилік: қайырымды,жағымды қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
|
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Оқулықтар, жұмыс дәптері, слайд, дәйексөз, ән
|
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.
2.Тыныштық сәтi. -Балалар ,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашуға болады.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Дәптердегі берілген тапсырманы қарап шығу.
|
Ескертулер
|
4.Әңгiмелеу (сұхбат)
Қайырымды болу,көмек көрсету дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету мақсатында «Арыстан мен тышқан» ертегісінің негізінде әңгіме ұйымдастырылады.
Арыстан тышқанға қандай көмек көрсетті?
Тышқан арыстанның жақсылығын қалай қайтарды?
Балалардың жауаптары тыңдалып қорытынды жасалады.
|
|
5.Шығармашылық жұмыс.
Ойын. «Көмектесе білейік»
Балалар шеңбер құрып тұрады, ойынның шарты бойынша мұғалім допты қағып алған бала өзінің беретін көмегі туралы (қолғабыс болсын, сөзбен көмек болсын, ақыл айту болсы) айтуы қажеттігін түсіндіреді. Мұғалім өз тарапынан көрсетілетін «көмек» туралы (Мен сендерге оқуға көмектесемін) айтып бір балаға допты лақтырады. Барлық бала айтып біткенше, ойын осылай жалғаса береді.
6. Дәптермен жұмыс
Дәптердегі суретті бояу.
|
|
7.Топпен ән айту.
Балалар мұғаліммен бірге шеңберге жиналады, бәрі қосылып «Көмектесем бәріне!» өлеңін мұғаліммен бірге айтады.
Отын жарып беремін, Ең елгезек баламын,
Суды да алып келемін. Үлкен тілін аламын,
Аялаймын мамамды, Өссем деген ойымда
Тиеді ылғи көмегім. Таудай биік талабым.
|
|
8.Үй тапсырмасы.
Ақ параққа өздеріңнің сендер кімге,қандай жағдайда көмек беретіндеріңді туралы сурет салыңдар.
|
|
9. Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.
Сабақ соңында балаларды жақсылыққа жетелеу мақсатында ізгі сөздермен марапаттау.Себеттегі қағаздан жасалған гүлдерді балаларға таратып беру.Әрбір гүлде алдын ала «Қайырымды бала», «Мейірімді бала», «Әдепті бала», «Рақымды бала», «Қамқор бала» деген сөздер жазылады.Мұғалім ер балаға гүлді сыйлау сәтінде онда жазылған сөзді дауыстап оқып береді.
|
|
Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_№11_____________ Мерзiм_15.12.2014_____ № 14сабақ_____
Тақырып: Көмектесе білейік
Құндылық: Мейірімділік.
Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.
Мұғалiм: Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы
Сынып: 1 «А» «Ә» «Б»
Сабақ мақсаты: «Қамқорлық» ұғымының адамгершілік құндылығы
ретіндегі маңыздылығын түсіндіру;
Міндеттері:
Білімділік: мейірімділік адами қасиеті мен өзара әрекеттері туралы түсінік беру;
Дамытушылық: қамқорлық жасау,көмек көрсету дағдыларын дамыту;
Тәрбилік: қайырымды,жағымды қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
|
|
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.
2.Тыныштық сәтi. -Балалар ,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашуға болады.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Дәптердегі берілген тапсырманы қарап шығу.
|
Сабақ барысын талқылау:
|
4.Жағымды пікір айту.
«Бірлесе көтерген жүк жеңіл» деп жазу және осы мақалды бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіру.
|
|
5.Әңгiмелеу (сұхбат)
Қайырымды болу,көмек көрсету дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету мақсатында «Арыстан мен тышқан» ертегісінің негізінде әңгіме ұйымдастырылады.
Арыстан тышқанға қандай көмек көрсетті?
Тышқан арыстанның жақсылығын қалай қайтарды?
Балалардың жауаптары тыңдалып қорытынды жасалады.
|
|
6.Шығармашылық жұмыс.
«Сахналау» ертегісі бойынша сахналық көрініс ұйымдастыруда балаларға өзара көмектің қажеттілігін түсіндіру мақсатын көздеу,мұғалім ертегі кейіпкерлерін балалардың арасынан олардың қалауы бойынша дайындайды өзі автор болады,көмектесу бойынша өз
ойларын айтады.
Ойын оқушыларға көмек көрсетудің маңыздылығын ұғындыру мақсатында «Біз де» ойыны өткізіледі. Балалар шеңбер құрып дөңгелене отырады.Мұғалім немесе ойын бастаушы ортаға шығып, «көмек», «көмектесу» іс-әрекеттеріне қатысты сөйлемдер айтады.Балалар ойын бастаушының айтқан сөздерін дұрыс деп тапса, «біз де»деп жауап
беруі керек.Ал қосылуға болмайтын сөзге «бізде»деп айтып қалған бала айып тартатын болады. Ән салып,немесе би билеп т.б.өнер көрсетеді.
7. Дәптермен жұмыс:
Дәптердегі суретті бояу.
|
|
7.Топпен ән айту.
Балалар мұғаліммен бірге шеңберге жиналады. бәрі қосылып «Дос болайық бәріміз!» әнін айтады.
|
|
8.Үй тапсырмасы.
Оқулықтағы «Көмектесем бәріне»өлеңін жаттап келу.
|
|
9. Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.
Сабақ соңында балаларды жақсылыққа жетелеу мақсатында ізгі сөздермен марапаттау.Себеттегі қағаздан жасалған гүлдерді балаларға таратып беру.Әрбір гүлде алдын ала «Қайырымды бала», «Мейірімді бала», «Әдепті бала», «Рақымды бала», «Қамқор бала» деген сөздер жазылады.Мұғалім ер балаға гүлді сыйлау сәтінде онда жазылған сөзді дауыстап оқып береді.
|
|
Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_№11_____________ Мерзiм_23.12.2014__________ № 15сабақ_____
Тақырып: Сыйласаң-сыйлы боласың
Құндылық: Сыйластық.
Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.
Мұғалiм: Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы
Сынып: 1 «А» «Ә» «Б»
Сабақ мақсаты: «Сыйластық» ұғымының адамгершілік
құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.
Міндеттері :
Білімділік: дос,туыс, жақын адамдар арасындағы өзара сыйластық туралы
түсініктерін мәнін ашу;
Дамытушылық: дос,туыс,жақын адамдарына деген сүйіспеншілігін арттыру;
Тәрбиелік:достық,туыстық,сыйластық қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу.
|
|
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.
2.Тыныштық сәтi. -Балалар ,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашуға болады.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Дәптердегі берілген тапсырманы қарап шығу.
|
Сабақ барысын талқылау:
|
4.Жағымды пікір айту.
«Өзіңді сыйласаң-сыйымды боларсың» деп ,
осы халық даналығын бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіру.
|
|
5.Әңгiмелеу (сұхбат)
Сабақта мәтінмен жүргізу үшін «Үш ұл » ертегісі ұсынылады.
|
|
6.Шығармашылық жұмыс.
Ойын. «Сыйласа білесің бе?» Сыйластықты білдіретін және сыйластықты білдірмейтін сөздерді араластырып алдын ала сөз тіркестерінің тізімін құрастыру.Оқылған сөз тіркестерін балалар ойын барысында «дұрыс» деп тапса,қолдарын шапалақтайды.Егер «бұрыс» деп тапса,алақандарын екі жаққа жаяды.
7. Дәптермен жұмыс.
Оқушылар дәптерде берілген тапсырма бойынша ребустың шешуін тауып,бос торкөздерді толтыруды ұсыну.Егер көмек қажет болса ата-анасымен бірге орындауға кеңес беру.Ребустың шешуі: Достық сыйластықтан басталады.
|
|
8.Топпен ән айту.
Балалар мұғаліммен бірге шеңберге жиналады. бәрі қосылып «Дос болайық бәріміз!» әнін айтады.
|
|
9.Үй тапсырмасы.
Сыйластық туралы өлең жаттап келу.
|
|
10. Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.
Балалар шеңберге жиналып,сабақта алған білімдерін бекіту мақсатында төмендегі пікірді өз ойларымен жалғастырады:
Сыйластық дегеніміз.....
Күтілетін жауаптар:
Сыйластық дегеніміз-сәлем беру.
Сыйластық дегеніміз-жасы үлкенге құрмет көрсету.
|
|
Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_№11_____________ Мерзiм____________ № 16сабақ_____
Тақырып: Сыйласаң-сыйлы боласың
Құндылық: Сыйластық.
Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.
Мұғалiм: Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы
Сынып: 1 «А» «Ә» «Б»
Сабақ мақсаты: «Сыйластық» ұғымының адамгершілік
құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.
Міндеттері :
Білімділік: дос,туыс, жақын адамдар арасындағы өзара сыйластық туралы
түсініктерін мәнін ашу;
Дамытушылық: дос,туыс,жақын адамдарына деген сүйіспеншілігін арттыру;
Тәрбиелік:достық,туыстық,сыйластық қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу.
|
|
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.
2.Тыныштық сәтi. -Балалар ,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашуға болады.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Дәптердегі берілген тапсырманы қарап шығу.
|
Сабақ барысын талқылау:
|
4.Жағымды пікір айту.
Тақтаға «өзіңді сыйласаң-сыйымды боларсың» деп жазып қою.
Осы халық даналығын бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіру.
|
|
5.Әңгiмелеу (сұхбат)
Сабақта мәтінмен жүргізу үшін «Үш ұл » ертегісі ұсынылады.
|
|
6.Шығармашылық жұмыс.
Ойын. «Сыйласа білесің бе?» Сыйластықты білдіретін және сыйластықты білдірмейтін сөздерді араластырып алдын ала сөз тіркестерінің тізімін құрастыру.Оқылған сөз тіркестерін балалар ойын барысында «дұрыс» деп тапса,қолдарын шапалақтайды.Егер «бұрыс» деп тапса,алақандарын екі жаққа жаяды.
7. Дәптермен жұмыс:
Оқушылар дәптерде берілген тапсырма бойынша ребустың шешуін тауып,бос торкөздерді толтыруды ұсыну.Егер көмек қажет болса ата-анасымен бірге орындауға кеңес беру.Ребустың шешуі: Достық сыйластықтан басталады.
|
|
8.Топпен ән айту.
Балалар мұғаліммен бірге шеңберге жиналады. бәрі қосылып ,А.Меңжанованың «Болайықшы осындай!» әнін айтады.
Жақсы бала еңбекшіл,
Ер-азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүлге болады.
Еңбекшіл осындай
Болайықшы,досым-ай!
|
|
9.Үй тапсырмасы.
Сыйластық туралы өлең жаттап келу.
|
|
10. Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.
Сыйластық-адамдар арасындағы ізгі қарым-қатынас.Адамды сыйлай білу үлкен адамгершілікті білдіреді.Ол адамдардың жақсы әрекеттерінен көрінеді.Адамдардың сыйлай білсең,олар да сені сыйлайды.Осындай сыйлы қарым-қатынастардан адамдар қуанышқа бөленеді,тату-тәтті өмір сүреді.
|
|
Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_№11_____________ Мерзiм____________ № 17сабақ_____
Тақырып: Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен
Құндылық: Қиянат жасамау.
Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.
Мұғалiм: Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы
Сынып: 1 «А» «Ә» «Б»
Сабақ мақсаты: Балаларды жақсы мен жаманды ажырата және өмірде қолдана білуге үйрету.
Міндеттері :
Білімділік: Балаларға жақсы,жаман туралы түсінік беру;
Дамытушылық: Жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту;
Тәрбиелік: Жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу.
|
|
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.
2.Тыныштық сәтi.
-Балалар ,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашуға болады.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Дәптердегі берілген тапсырманы қарап шығу.
|
Сабақ барысын талқылау:
|
4.Жағымды пікір айту.
«Жақсы болу-өз қолыңда» деп жазып және осы халық даналығын бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіру. -«Жақсы болу –өз қолыңда» деген халық даналығында үлкен мән бар.Жақсы болуды басқа біреуден іздеудің қажеттігі жоқ.Адамның жақсы істерге,жақсы әрекеттерге ұмтылуы,айналасындағылармен сыйлы қарым-қатынастар жасауы,өтірік айтпауы,сөзінде тұруы,жақсылардан үйренуі өзіңе байланысты.Сондай-ақ жаман әрекеттерден де қашық болуы-өзіңнің қолыңда.
|
|
5.Әңгiмелеу (сұхбат)
Мұғалім жақсылықты,жамандықтан ажырата білуді үйрету мақсатында әңгімелесу жүргізіледі.Төмендегідей сұрақтар беріледі:
Жақсы іс деген не?
«Жаман » дегенде ойларыңа не түседі?
|
|
6.Шығармашылық жұмыс.
Балаларға қағаздан екіге бүктеліп жасалған,сыртқы бетіне «Жақсы бала»деп әдемі жазуларымен жазылған,ішкі беті жолдарға бөлінген кітапшалар таратып беріледі.-Балалар,кітапшаның бірінші жолына өзіңмен қатар отырған сыныптасыңның есімін,келесі жолдарға оның жақсы әрекеттерін (сәлемдеседі,кешікпейді,
өтірік айтпайды,сөзінде тұрады,тапсырманы орындайды,үлкенді сыйлайды,кішіге қамқор,кешірімді және т.б) және соңынан өз есімдеріңді жазыңдар. Тапсырма орындалып біткен соң балалар кезегімен кітапша ішіне жазғандарын жария етеді .
7. Дәптермен жұмыс
Дәптерде үлкен қоржынның және шашылып жатқан асықтардың суреті салынған.Асықтардың нөмір ретімен қойып,сөйлемді оқыңдар.
|
|
8.Топпен ән айту.
Балалар мұғаліммен бірге шеңберге жиналып, «Болайықшы осындай»әнін барлығы қосылып айтады.
|
|
9.Үй тапсырмасы.
Оқулықта берілген өлеңді жаттап келу.
|
|
10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.
Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші.Жүрек әр түрлі сезімдерге толы.Олардың арасында жанашырлық,
қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер.Сезіндіңдер ме,сезген болсаңдар,
сендердің жүректерің жылы да мейірімді.Олай болса сендер де көп қайырымды істер жасап,қамқорлық көрсете аласыңдар.
|
|
Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_№11_____________ Мерзiм____________ № 18сабақ_____
Тақырып: Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен
Құндылық: Жақсылыққа баулу.
Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.
Мұғалiм: Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы
Сынып: 1 «А» «Ә» «Б»
Сабақ мақсаты: Балаларды жақсы менжаманды ажырата және өмірде қолдана білуге үйрету.
Міндеттері :
Білімділік: Балаларға жақсы,жаман туралы түсінік беру;
Дамытушылық: Жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту;
Тәрбиелік: Жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу.
|
|
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.
2.Тыныштық сәтi.
-Балалар ,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашуға болады.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Жаттауды сұрау.
|
Сабақ барысын талқылау:
|
4.Жағымды пікір айту.
. Жақсы адамды айналасындағылар жақсы көреді,сыйлайды.Оның достары көп болады
|
|
5.Әңгiмелеу (сұхбат)
Балаларға жақсы адам болудың негізі өз-өзіне есеп беру екендігін түсіндіру мақсатында В.Сухомлинскийдің «Әйнек адам» әңгімесін оқып беру.Әңгіме мазмұнын сұрақтар бойынша талдау.
Баланың әрекеттері туралы не айтасыңдар?
Әйнек адам баланы қандай жақсы қасиеттерге үйретті?
|
|
6.Шығармашылық жұмыс.
«Жұмбақ өлең» ойын-жаттығуында балалардың жақсы мен жаманды ажырата алуларына мүмкіндік беріледі.
7. Дәптермен жұмыс
Суреттер бойынша «жақсы», «жаман»сөздерін қатыстырып әңгіме құрастыруға тапсырма беру,үйде аяқтап келу.
|
|
8.Топпен ән айту.
«Бала т тілегі» әнін қосылып айтады.
|
|
9.Үй тапсырмасы.
Дәптердегі тапсырманы аяқтап келу.
|
|
10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.
. -Балалар,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да болады.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза ,шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |