Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_№11_____________ Мерзiм____________ № 30сабақ_____
Тақырып Денсаулық құпиялары
Құндылық: Адамгершілік.
Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.
Мұғалiм: Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы
Сынып: 1 «А» «Ә» «Б»
Сабақ мақсаты:
«Денсаулық»ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу.
Міндеттері :
Білімділік: денсаулықты сақтау,нығайту қажеттігі туралы түсініктерін кеңейту,
Дамытушылық:денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру,
Тәрбиелік: бала денсаулығын күтуге ,бағалауға тәрбиелеу.
|
|
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.
2.Тыныштық сәтi.
-Балалар дененелеріңді түзу ұстаңдар,бастарыңды жоғары көтеріңдер
Мөлдір бұлаққа келіп тоқтадық балалар.
Су-табиғат байлығы,
Өзен-көлге барғайсың.
Кемі екі рет әр күні
Суға түсіп алғайсың.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Дәптердегі берілген тапсырманы қарап шығу.
|
Сабақ барысын талқылау:
|
4.Жағымды пікір айту.
«Жаны саудың-тәні сау»- деп жазылған сөзді балалармен бірге оқимыз.
Балалардың жауаптары тыңдалады.
|
|
5.Әңгiмелеу (сұхбат)
Мұғалім оқушылармен «тәтті алма» туралы әңгімелесу мақсатында сұрақтар қоямын:
-Баянның орнында болсаңдар сендер не істер едіңдер?
-Тазалықтың денсаулықа қандай ісері бар?
|
|
6.Шығармашылық жұмыс.
Ойын-жаттығу «Пайдалы-зиянды»
Оқушыларға жағдаяттар жазылған кеспе қағаздарды таратып беремін,олар суретпен де беріледі.Денсаулық үшін пайдалы немесе зиянды екендігін ажыратуы керек.Дайындалуға 1-2 минут уақыт беріледі. -бала жаттығу жасаса. -бала ағашқа өрмелесе, -бала ауыр заттарды көтерсе,-бала сіріңкемен ойнаса, -бала қолын жуса, -бала күнге қыздырынса, -бала мұз балмұздақты жесе. Демек,денсаулықтың тағы бір құпиясы-зиянды әрекеттерді жасамау,пайдалы әрекеттерді жасау.
|
|
7.Топпен ән айту.
Балдырғандар әні сөзі:Н.Жанаев. әні:Б.Дәлденбаев.
Біз балдырған баламыз,
Шырқап әнге саламын,
Туған жердің төрінде
Алау болып жанамыз.
|
|
8.Үй тапсырмасы.
Табиғат өлеңін жаттап келу.
|
|
9.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.
«Жақсылық кені»аялдамасы.
Жақсылық-жақсы істерден,жақсы-әрекеттерден,жақсы сөздерден құралады.Жақсы сөзі-денсаулықтың келесі құпиясы.Осы аялдамада тоқтаған адамдар бір-біріне үнемі жақсылық жасайды,жақсы сөздер айтады.
Осы аялдамаға жақсы сөздер айтады.
-Денің сау болсын!
-Жаның сұлу болсын!
-Таза су саған күш-қуат берсін!
|
Оқушылар шаттық шеңберіне жиналып,сабақты қорытындылау үшін бір-біріне тілек айтады.
|
Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_№11_____________ Мерзiм____________ № 31сабақ_____
Тақырып: Отанымды сүйемін
Құндылық: Адамгершілік.
Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.
Мұғалiм: Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы
Сынып: 1 «А» «Ә» «Б»
Сабақ мақсаты:
«Отан»,махаббат,ұғымдарының құндылық ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттері :
Білімділік:Отан,сүйіспеншілік,татулық туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық:Отанға сүйіспеншілігін мақтанышын арттыру,
Тәрбиелік: Отанын сүюге,патриоттыққа тәрбиелеу.
|
|
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.
2.Тыныштық сәтi.
-Балалар дененелеріңді түзу ұстаңдар,бастарыңды жоғары көтеріңдер
Мөлдір бұлаққа келіп тоқтадық балалар.
Су-табиғат байлығы,
Өзен-көлге барғайсың.
Кемі екі рет әр күні
Суға түсіп алғайсың.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Дәптердегі берілген тапсырманы қарап шығу.
|
Сабақ барысын талқылау:
|
4.Жағымды пікір айту.
Балалар,біздің еліміз-тәуелсіз мемлекет.Қазақстанда тұратын көп ұлтты халықтар бір-бірімен тату-тәтті,достыққа,бірлікке,ынтымақтастықта өмір сүруде.Сондықтан да біз бейбіт елде тұрамыз деп иақтан етеміз.Отанын сүйген адам елі үшін бәріне даяр тұрады.
|
|
5.Әңгiмелеу (сұхбат)
Біздің Отанымыз қалай аталады?
Астана неге ерекше?
Елімізде қандай мерекелер бар?
Б.Ысқақовтың «Отан»өлеңін мәнерлеп оқу.
Отан-сенің ата-анаң,
Отан-досым,бауырың.
Отан-өлкең астанаң,
Отан-аудан,ауылың
Балалар өлеңді жалғастырады.
|
|
6.Шығармашылық жұмыс.
Ойын-жаттығу
Мен елімді сүйемін.
-Мен отанымды сүйемін.
-Мен Қазақстан ұланымын
|
|
7.Топпен ән айту.
-Балалар бүгінгі сабақтың тақырыбы ерекше.Өйткені біз бүгін «Отан»,»махаббат» туралы әңгімелесеміз,махаббат сүйіпеншіліктен туады.Балаға,анаға,ұстазға деген махаббат,отанға деген махаббат.Қазір біз қолымызды жүрек тұсымызға қойып
Отанымыз-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін айтамыз.
Сөзі:Ж.Нәжімеденов. Н.Назарбаев. Әні:Ш.Қалдаяқов.
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны-
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген
Қазағым мықты ғой!
Менің елім,менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін елім,
Туған жерім менің –Қазақстаным.
Балалардың жауаптары тыңдалады.
|
|
8.Үй тапсырмасы.
Туған өлке туралы өлең жаттап келу.
|
|
9.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.
Балалар шеңберге жиналып Отанға деген сүйіспеншіліктерін білдіреді.
|
Оқушылар шаттық шеңберіне жиналып,сабақты қорытындылау үшін бір-біріне тілек айтады.
|
Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_№11_____________ Мерзiм____________ № 32сабақ_____
Тақырып: Отанымды сүйемін
Құндылық: Ақиқат.
Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.
Мұғалiм: Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы
Сынып: 1 «А» «Ә» «Б»
Сабақ мақсаты:
«Отан»,махаббат,ұғымдарының құндылық ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттері :
Білімділік:Отан,сүйіспеншілік,татулық туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық:Отанға сүйіспеншілігін мақтанышын арттыру,
Тәрбиелік: Отанын сүюге,патриоттыққа тәрбиелеу.
|
|
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.
2.Тыныштық сәтi.
-Балалар дененелеріңді түзу ұстаңдар,бастарыңды жоғары көтеріңдер
Мөлдір бұлаққа келіп тоқтадық балалар.
Су-табиғат байлығы,
Өзен-көлге барғайсың.
Кемі екі рет әр күні
Суға түсіп алғайсың.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Дәптердегі берілген тапсырманы қарап шығу.
|
Сабақ барысын талқылау:
|
4.Жағымды пікір айту.
Балалар,біздің еліміз-тәуелсіз мемлекет.Қазақстанда тұратын көп ұлтты халықтар бір-бірімен тату-тәтті,достыққа,бірлікке,ынтымақтастықта өмір сүруде.Сондықтан да біз бейбіт елде тұрамыз деп иақтан етеміз.Отанын сүйген адам елі үшін бәріне даяр тұрады.
|
|
5.Әңгiмелеу (сұхбат)
Біздің Отанымыз қалай аталады?
Астана неге ерекше?
Елімізде қандай мерекелер бар?
Б.Ысқақовтың «Отан»өлеңін мәнерлеп оқу.
Отан-сенің ата-анаң,
Отан-досым,бауырың.
Отан-өлкең астанаң,
Отан-аудан,ауылың
Балалар өлеңді жалғастырады.
|
|
6.Шығармашылық жұмыс.
Менің елім тақырыбында коллаж құрастыру
|
|
7.Топпен ән айту.
Менің елім
Менің елім- алып ел,
«Бар ғой онда бәрі»-дер.
Өзен де бар,шөл де бар.
Дөңес те бар,тау да бар.
Бақша да бар ,бау да бар.
|
|
8.Үй тапсырмасы.
Отан туралы өлеңдер жаттап келу.
|
|
9.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.
Елімізді сүйеміз Қ.Мырзалиевтың әнін айтамыз.
Балбұл жанған гүл шағында,
Біз отанның ұланымыз.
Бақытты елдің құшағында
Білім алу-ұранымыз.
Біз өнерге ,ұлы өмірге,
Гүл өмірге иеміз
Көгімізді көлімізді
Елімізді сүйеміз.
|
Оқушылар шаттық шеңберіне жиналып,сабақты қорытындылау үшін бір-біріне тілек айтады.
|
Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_№11_____________ Мерзiм____________ № 33сабақ_____
Тақырып: Өзін-өзі тану пәнінен үйренгенім
Құндылық: Адамгершілік.
Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.
Мұғалiм: Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы
Сынып: 1 «А» «Ә» «Б»
Сабақ мақсаты:
Өзін-өзі тану адамгершіліқ құндылығы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері :
Білімділік: өзін-өзі тану пәнінен меңгерген білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: өз бойларындағы құнды қасиеттерді көрсете білуге жетелеу.
Тәрбиелік: достық көмекке ұжымда жұмыс істей алуға тәрбиелеу.
|
|
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.
2.Тыныштық сәтi.
-Балалар дененелеріңді түзу ұстаңдар,бастарыңды жоғары көтеріңдер
Мөлдір бұлаққа келіп тоқтадық балалар.
Су-табиғат байлығы,
Өзен-көлге барғайсың.
Кемі екі рет әр күні
Суға түсіп алғайсың.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Дәптердегі берілген тапсырманы қарап шығу.
|
Сабақ барысын талқылау:
|
4.Жағымды пікір айту.
«Үйренгенің өзіңе жақсы,жасағаның елге жақсы» халық даналығын жазып қоямын.Мәні мен мағынасын айтып түсіндіремін.
|
|
5.Әңгiмелеу (сұхбат)
Өзін-өзі тану пәнінен қандай жақсылықтарды үйрендіңдер?
Қандай жаман әдеттерден аулақ болу керек?
Өмірдің мәні неде екенін қалай түсінесіңдер?
|
|
6.Шығармашылық жұмыс.
Ақ параққа өзін-өзі тану әлемінің суретін салу.
|
|
7.Топпен ән айту.
Біліміңмен көктедім.
Алтын ұя-мектебім,
Біліміңмен көктедім.
Саған деген жүректе
Ақ алғысым көп менің.
|
|
8.Үй тапсырмасы.
Жақсылық туралы дәптерге әңгіме жазу.
|
|
9.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.
Балаларды шеңберге тұрғызып сыныптас достарымен қол ұстасып өз бойларындағы
жақсы қасиеттерін таныту мақсатында алған білімдерін қорытындылау үшін
бір-біріне жүрекжарды тілектерін айтуы тиіс.
–Мен саған бақыт тілеймін!
-Мен саған жақсылық тілеймін!
-Мен саған мықты денсаулық тілеймін!
|
Оқушылар шаттық шеңберіне жиналып,сабақты қорытындылау үшін бір-біріне тілек айтады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |