Сабақ мақсаты : Оқушыларға темекінің зияны, оның таралу тарихы және темекі түтінінің



Дата08.01.2017
өлшемі40,03 Kb.
#6525
түріСабақ
Cабақтың тақырыбы: Зиянды заттардың зардаптары

Сабақ мақсаты: 1. Оқушыларға темекінің зияны,

                                оның таралу тарихы және темекі түтінінің

                                құрамын    ұғындыру;

                             2. Танымдық қызығушылықтарын арттырып,

                                ой-өрістерін дамыту;

                             3. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.



Көрнекілік: интерактивті тақта, плакаттар

Әдісі: сұрақ-жауап, баяндама, әңгіме

Барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Кіріспе:

Темекі жайлы айтар болсақ, адамдардың тұрмысына араласып кеткені соншалықты, оның бәле ретінде қабылданбайтынын айта кету жөн. Дүние жүзінде 5800 млрд астам шылым өндіріледі. Жасөспірімдер көп уақытын өз теңдестерінің арасында өткізеді. Өйткені олардың арасында болу-қажетті тиістілік. Топ ережелерімен келіспесең қарым-қатынасты ұстау қиын, келіспеушіліктен, мазақтан, компенсациялаудан және болған жағдайды өзгерту үшін жасөспірімдер ең алғашқы рет шылым шегіп және арақ ішуге барады.

Темекі түтінінің ішінде 5000-нан астам химиялық қоспа бар, оның көбі улы. Оның ішінде никотин, мышьяк, ДДТ бар. 50 канцерогенді қоспа –ағзада жасушалардың өлуіне әсер етеді. Никотин адамды өзіне тәуелді етеді. Темекінің әрқайсында 15 тен 20мг никотин болады. Әр сигареттен 1-2 мг никотин бөлініп шығады, 50-60 мг адамды өлімші етеді. Тұтанған темекінің температурасы 10000С жетеді.

         Темекі түтінінің құрамында

А) улы газ-клеткалардағы қызыл түйіршіктердің қызметін нашарлатады.

Ә) смола – темекінің тұтанып тұрған кезінде пайда болады. Рак ауруын тудырады.

Б) аммиак, бензол, цианид, 600-ден астам қоспа болады.

ІІ. Оқушының дайындаған баяндамасы.

Тақырыбы:

Темекінің таралу тарихы

Біздің дәуірге дейінгі 600-1000 жылдар  - Уаксактун Гватемала. Темекі шегушілердің алғашқы графикалық келбеті балшықтан жасалған тамырлар табылды. Онда индеец Маяның келбеті берілген. Ол жапырақтары дөңгелетіп бұралған жіппен таралған темекіні тартып тұр, Мая индеецтері темекі шегуді сик ар деп атапты.

1492 жылдың 12 қазан айы – Христофор Колумб Сан Сальвадора жағалауына жүзіп келеді де аборегендердің темекі жапырақтарын кептіріп қойғанын көреді.

1492 жылы Колумба командасынан Родриго Джерз және Луиз де Торрес екеуі темекі шегуді көрген алғашқы европалықтар болды. 1531 жылы Санто Даминго  темекіні Европада культивациялай бастады.

1575-1600 жылы Қытай, Жапонияда темекі шегушілер жиі кездесетін болды. Англияда әрбір жас адамның темекі шегуі міндетке айналды. Көптеген баспасөз мақалалары оның емдік қасиеттерін мадақтай бастады. Италия, Римде темекіні дәрілік қасиеті бар шөп ретінде өсіре бастайды. Бірақ оның ешқандай куәлігі айтылмайды.

Түркия Мұрат Сұлтан екінші ағылшындардың темекі шеккенін көріп, жаңа дәрілік шөп ретінде өсіре бастайды.

1586 жылы Германия темекі өсімдігінің қауіпті  өсімдік екенін бірінші болып жариялайды.

17 ғасырдың бас кезінде Ресейде бірінші Петрдің еңбегіне орай мемлекеттік қазына үшін аса пайдалы, ал адамның денсаулығы үшін зиян осы өсімдік стратегиялық пайда ретінде кеңінен таратылады.

1674 жылы Ресейде темекі шегушілерге шек қойылды. Айып адамның өмірін қиюға дейін. Бірақ оны шегу ұлғая берді. Екі жылдан соң шектеу алынып тасталды. Темекіні шегу жоғары таптан өтіп, қарапайым халық арасына кеңінен тарайды.

18-19 ғғ-да темекі Қазақстан жеріне қарапайым шаруалардың қоңыс аударуымен бірге келді.


ІІІ. Оқылған баяндамаға қатысты оқушылардың сұрақтарға жауап беруі

1.     Ең алғаш темекі шегудің нышаны қай жерде байқалды?

2.     Қай елдерде және нешінші жылы темекіні дәрілік қасиеті бар өсімдік ретінде өсіре бастады?

3.     Темекінің қауіпті екенін бірінші болып жариялаған мемлекет?

4.     Қазақстанға темекінің келу жылы?

 ІҮ. Пікір алмасу.

      Егер сіз темекі шегуді тастасаңыз:

20 минуттан соң қан                                              8 сағаттан соң қандағы                

   қысымы мен тамыр соғуы                               никотин және тұншықтырғыш газ

             қалыпқа түседі                                            деңгейі жартылай төмендейді,

                                                                                     оттегі деңгейі қалыпқа 

                                                                                                  келеді                

48 сағаттан кейін

организмде никотин

       қалмайды    

 72 сағаттан кейін адамның                                              2-12 аптадан кейін қан

         көңіл күйі жақсарады                                        айналымы жақсарады

   3-9 айдан кейін өкпенің                                1 жылдан кейін миокард

   қызметтік қоры 30%өседі                              инфарктісінің қауіп-қатері

                            50% төмендейд

5 жылдан кейін өкпе,

ауыз қуысының, көмей

және өнеш қатерлі ісігімен

ауыру қаупі 2 есеге азаяды

   10 жылдан кейін                                                     15 жылдан кейін өкпе 

       миокард инфарктісінің                                    қатерлі ісігінің қауіп-

      қауіп-қатері ешқашан                                       қатері ешқашан темекі

      темекі шекпеген адам                                        шекпеген адам қауіп



     қауіп-қатерімен теңеседі                                       қатерімен тенеседі

 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет