Сабақ мақсаты : «Өзін-өзі тану» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Міндеті



бет1/7
Дата18.03.2017
өлшемі1,22 Mb.
#11758
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
Мектеп__ №28__ Мерзiм__05.09.2015 №_1____

Тақырып: Біз осындай баламыз

Құндылық: мейірімділік. Өзін-өзі тану Қасиеттер: сүйіспеншілік, мейірім, ізгілік.

Мұғалiм Жапаркүлова Ф

Сынып 2 «А,Ә»


Сабақ мақсаты: «Өзін-өзі тану» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеті:

  1. 2-сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұнымен таныстыру ;

  2. өзін және айналасын тануға деген қызығушылықтарын арттыру ;

  3. ізгілікке тәрбиелеу .




Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

  1. Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген «Өзіңді тану» жаттау бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.

Сұрақтар:



  1. Өзін-өзі тану сабақтарында не үйрендіңдер?

  2. Өз бойыңда қандай қасиеттер болғанын қалайсын?

  3. Өз бойыңда қандай қасиеттер болғанын қалайсың?

Сабақ барысын талқылау:

4. Әңгімелесу

«Мен қандаймын?», «Жақсы болу-өзіңнен»-деген өлең жолдарындағы ойларды айқындау түсу үшін сұрақ қойылады.

Жаман болу –өзіңнен, Жамандық көрсең біреуден,

Жаман болу –өзіңнен. Мен қандаймын ?- деп ойла.

Өзіңді өзің ая да, Өзіңді өзің қолыңа ал,

Өзіңнен үйрен,өзіңнен. Өзіңсің ақыл айнасы.

Жақсылық көрсең біреуден, Тиеді саған мәні бар,

Мен қандаймын?- деп ойла. «Өзіңді тану»пайдасы.







  1. Дәйексөз

«Өзіңді танығанда ғана өзгені білесің» А.Пивен




5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушылар суреттегі алма ағашында көрсетілген өзін-өзі танудан үйренген құндылықтар туралы түсініктерін айтып береді.

Олар әдептілік,білім,қайырымдылық,достық,табиғат,Отан,денсаулық,отбасы,махаббат,бірлік сынды құндылықтар.

Дәптермен жұмыс

Кіші шеңберлердің ішіндегі әріптерден мейірім,қамқорлық,тазалық,денсаулық,рақмет,кешіріңіз деген сөздерді құрап,торкөздерге жазыңдар.






  1. Топпен ән айту. 3 мин.

«Біз бақытты балдырғандар» Сөзі: М.Әлімбаев Әні:Ө.Байділдаев





  1. Үй тапсырмасы. 2 мин.

«Біз бақытты баламыз» өлеңін жаттап келіңдер. Келесі сабаққа «Балапан» әңгімесін оқып келу.




6. Қорытындылау. Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

Өзін-өзі тану сабақтары арқылы өзін, басқа адамдарды және қоршаған ортаны тани алады. Сүйіспеншілік, отбасы жақсылық, достық, бақыт, білім сияқты ең асыл құндылықтар.

Балалардың денесі, ойы сергітіледі.

Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, денелерін бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Осылайша 3 минуттай отырады.





Мектеп__№11___ Мерзiм___09.09.2014_ №_2____

Тақырып: Біз осындай баламыз

Құндылық: мейірімділік. Өзін-өзі тану Қасиеттер: сүйіспеншілік, мейірім, ізгілік.

Мұғалiм Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы

Сынып 2 «А,Ә,Б»



Сабақ мақсаты: «Өзін-өзі тану» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеті:

    1. 2-сыныпқа арналған «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұнымен таныстыру ;

    2. өзін және айналасын тануға деген қызығушылықтарын арттыру ;

    3. ізгілікке тәрбиелеу .




Сабақ барысы:

      1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

      1. Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.

      1. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген «Біз бақытты баламыз» жаттау «Балапан» әңгімесі бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.

Сұрақтар:



    1. Арман мен Нұрлан балапанға қандай қамқорлық көрсетті?

    2. Сендер жазғы демалыс кезінде қандай қамқорлық істер жасай алдыңдар? Енді сол туралы әңгімелеп беріңдер.

Сабақ барысын талқылау:

  1. Әңгімелесу

Балалар суреттерге қарап және берілген сұрақтарды қолдана отырып, «Біз осылай өсеміз» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.

    1. Өсімдіктер мен жан-жануарлардың өсуі үшін не қажет?

    2. Адамның дамуына не ықпал етеді?

    3. Өскен сайын өз бойларыңнан қандай өзгерістер байқадыңдар?

    4. Өз бойларыңда қандай қасиеттер болғанын қалайсыңдар?






5. Дәйексөз

Мұғалім тақтаға «Өзіңді тану арқылы өмірдің ақиқатын түсінесің» халық даналығы, деп жазып қояды.

- «Өзіңді тану арқылы өмірдің ақиқатын түсінесің» делінген халық даналығында үлкен мән бар. Шынайы өмірде жағымды да, жағымсыз да құбылыстар, әрекеттер кездесуі мүмкін. Соларды ажырата білу аркылы өмірдің жағымды жақтарын бойымызға сіңіріп, жақсы өмір сүруге, адамдарға және айналамызға қуаныш, бақыт сыйлай білуге үйренеміз.Балалар дәптердің соңында берілген «Менің дәйексөздерім» айдарындагы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген бетке осы дәйексөзді жазып алады.Өзін-өзі танудың жақсы сөздерін еске түсіру мақсатында үйге мынадай тапсырма беріледі.





6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Ойын. «Мен қандай баламын?»

Өзін-өзі танудың 2-сыныптағы алғашқы сабағы болғандықтан өзін-өзі тануды алдымен өзінен бастау керектігін оқушылардың есіне түсіру мақсатында мынадай ойын ұйымдастырылады..

Ойынның шарты бойынша мұғалім мынадай тапсырма береді: «Айнаға қарап тұрып, өздеріңнің бір жыл ішінде қалай өзгергендерің туралы ойланыңдар». Мейлі ол, сыртқы келбеті болсын, мейлі ол ішкі ойлары болсын, мейлі ол, ақылдары мен адамгершілік қасиеттері болсын, мейлі ол жақын, туыстарымен, достарымен қарым-қатынастары болсын. Ойлануга 1-2 минут уақыт беріледі. Оқушылардың ойын жетелеу үшін мұғалім мынадай сұрақтар қоюы мүмкін:


  1. 1 -сыныпта сен нені жақсы көруші едің? Ал қазір ше?

  2. Не істей алмаушы едің? Ал қазір қолыңнан не келеді?

  3. Былтыр сен нені армандадың? Ал биыл ше?

  4. 1 - сыныпта досың қанша еді? Ал қазір ше? Балалардың жауаптары.




  1. Топпен ән айту. 3 мин.

«Біз осылай өсеміз» Сөзі: М.Әлімбаев Әні:И.Нүсіпбаев




  1. Үй тапсырмасы. 2 мин.

«Кел балалар күлейік» өлеңін жаттап келіңдер. Келесі сабаққа «Бос қайық» аңыз әңгімесін оқып келу.




  1. Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!




Мектеп__№11_ Мерзiм____16.09.2014 №_3____

Тақырып: Көңіл күйімізді басқара білейік

Құндылық: дұрыс әрекет. Өзін-өзі тану Қасиеттер: ұстамдылық, сабырлық, ризашылық.

Мұғалiм Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы

Сынып 2 «А,Ә,Б»

Сабақ мақсаты: «Махаббат», «бақыт», «адамгершілік» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту

Міндеті:

    1. жағымды қарым-қатынастар туралы түсінік беру;

    2. ұстамдылық іскерліктерін дамыту;

    3. әр түрлі жағдайларда өзін үстай білуге тәрбиелеу.







Сабақ барысы:

      1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

      1. Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.

      1. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген «Көңіл күйімізді көтере білейік» жаттау «Бос қайық» аңыз әңгіме бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.

Сұрақтар:



      1. Бүгінгі көңіл күйлерің қандай?

      2. Аңызда адамның қандай көңіл күйі сөз болады?

      3. Өздерің қандай қорытынды жасар едіңдер?

Сабақ барысын талқылау:

    1. Әңгімелесу

Оқушылардың айналасындағы адамдардың, өзінің көңіл күйі туралы сезінгендерін ортаға салып айтулары үшінсұратар қойылады.

      1. Ренжіген немесе қуанған кездеріңде өздеріңді қалай ұстайсыңдар?

      2. Адамдардың көңіл күйі сендерге қалай әсер етеді?




5. Дәйексөз

Мұғалім тақтага «Кулкі - көңіл ажары» қазақ халық мақалы, деп жазып қояды.



- Адам әр түрлі жағдайларға байланысты ренжуі, жабырқауы, қабағының қатыңқы болуы, тіпті ашулануы мүмкін. Сондай жағдайларда адамның жылы шырай танытуы, жымиып қарауы, күлімсіреуі, қандай сөзді, істі болмасын күліп тұрып қабылдауы көңілді сергітіп жібереді. «Күлкі - көңіл ажары» деген осы. Бүдан басқа да халық арасында күлкі өмірді ұзартады, деген сөз бар. Өйткені барлық уақытта да көңілді жүрсең, өміріңнің үзақ болатыны да сөзсіз. - Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз «Көңіл күйімізді басқара білейік» деп аталады. Бұл дегеніміз қандай жағдайда болмасын сабыр сақтап, өзімізді ұстай білуімізді және өзімізге, айналамызға қуаныш сыйлауымызды білдіреді. Ол үшін алдымен көңіл күй сезімдерін ажыратып білуіміз керек.

Балалар дәптердің соңында берілген «Менің дәйексөздерім» айдарындагы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген бетке осы дәйексөзді жазып алады.

Оқушылар «бір, екі, үш» деп санап үш топқа бөлінеді. 1-топ «Айым», 2-топ «Күнім», 3-топ «Жұлдызым» деп аталады. Осы топтар сабақ басталғаннан аяқталғанға дейінгі тапсырмаларды топ болып орындайды. Сабақ соңында жеңімпаз топ анықталады.





6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. «Көңіл күйім қандай?»

Балалардың жауаптары жаттығу арқылы бекітіледі.

Мұғалім адамның әр түрлі көңіл күйін бейнелейтін суреттерді үшке бөліп (үш тоща арнап) тақтага іледі. Әр топ өз тапсырмалары бойынша берілген суреттердегі адамның көңіл күйін ажыратады. Мұғалім мынадай сұрақ қояды?

• Балалар, қай көңіл күйдегі адамның бет әлпеті сендерге


ұнады? Неліктен?

Алынған жауаптарды мүғалім өз ойымен түйіндейді.



- Дұрыс айтасыңдар! Көңілді, қуанышты адамның жүзі де әдемі. Қараған сайын қарағың келеді. Ал ашулы адамның жүзі де адамды өзіне тартпайды. Сондықтан қолдан келгенше ашулы сезімдерімізді ақылмен іштей жеңіп, көңілді жүргеніміз дұрыс. Ол біздің адамдарға, айналаға деген махаббатымызды (сүйіспеншілігімізді) оятады және бақытты өмір сүруімізге көмектеседі.

«Өзін-өзі танудың» өнегелі сөздерін үш топ кезектесіп оқиды және өз сөздерімен мағынасын түсіндіреді. Бет әлпетіне қарап адамдарды жайдары, жылы жүзді, түсі суық, ренжулі деп ажыратуға болады. Жақсы көңіл күй адамға қуат береді. Ал сабырлы болу - адамның әр түрлі жағдайларда өзін ұстай білуі, ұстамды болуы.






7.Топпен ән айту. 3 мин.

«Біз көңілді баламыз» Сөзі: Е.Өтетілеуов





  1. Үй тапсырмасы. 2 мин.

«Тиін мен қасқыр» аңыз әңгімесін оқып келу.




9. Қорытындылау Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин. «Көңіл күйімізді басқара білейік» деп аталады.Бұл дегеніміз қандай жағдайда болмасын сабыр сақтап,өзімізді ұстай білуімізді қандай жағдайда болмасын сабыр сақтап,өзімізді ұстай білуімізді жәнеөзімізге,айналамызға қуаныш сыйлауымызды білдіреді. Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Табиғаттың сұлулылығы соншалықты, караған сайын қарай бергің келеді. Ондағы сұлу да нәзік гүлдерге, самғай үшқан құстарға қызыға қараймыз. Бір сәт қасымызда мүлгіп тұрған тауға қарап оның үшар басына шыққымыз келіп кетті. Сол сәтте Табиғат-анамыз естіп тұрғандай, бізді әр түрлі түстерімен әсем көрінетін кемпірқосаққа айналдырып, аспан аясына орналастырды.
Қандай керемет! Биіктен сан түрлі шашақ шашып, нүрға бөленген қандай ғанибет! Біздін түрлі түсті сәулелерімізге қуана қарап, мәз-мәйрам болған балалар. Көктен қарағанда табиғат
сұлулығы бүрынғысынан да құлпырып кеткендей! Осындай сұлулыққа шын тамсанған, қызыға қараған сезімімізден бойымыз сұлулық пен жылылыққа бөленгендей. Осы сұлулық пен жылылықты ұзақ сақтауға іштей уәде етіп, бұрынғы қалпымызға келейік.



Мектеп__№11_____ Мерзiм____23.09.2014____ №_4____

Тақырып: Көңіл күйімізді басқара білейік

Құндылық: дұрыс әрекет. Өзін-өзі тану Қасиеттер: ұстамдылық, сабырлық, ризашылық.

Мұғалiм Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы

Сынып 2 «А,Ә,Б»




Сабақ мақсаты: «Махаббат», «бақыт», «адамгершілік» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту

Міндеті:

    1. жағымды қарым-қатынастар туралы түсінік беру;

    2. ұстамдылық іскерліктерін дамыту;

    3. әр түрлі жағдайларда өзін үстай білуге тәрбиелеу.




Сабақ барысы:

      1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

      1. Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.

      1. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген «Тиін мен қасқыр» әңгімесі бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.

Сұрақтар:

1.Тиін неліктен үнемі көңілді жүреді?

2.Жақсы көңіл күйде жүру үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?



Сабақ барысын талқылау:

4Әңгімелесу

Оқушылардың айналасындағы адамдардың, өзінің көңіл күйі туралы сезінгендерін ортаға салып айтулары үшінсұратар қойылады.



      1. Ренжіген немесе қуанған кездеріңде өздеріңді қалай ұстайсыңдар?

      2. Адамдардың көңіл күйі сендерге қалай әсер етеді?




5. . Дәйексөз

Мұғалім тақтага «Өмір деген жарыста, шаттанған, дос қалыспа!, деп жазып қояды.Адам әр түрлі жағдайларға байланысты ренжуі, жабырқауы, қабағының қатыңқы болуы, тіпті ашулануы мүмкін. Сондай жағдайларда адамның жылы шырай танытуы, жымиып қарауы, күлімсіреуі, қандай сөзді, істі болмасын күліп тұрып қабылдауы көңілді сергітіп жібереді. Бүдан басқа да халық арасында күлкі өмірді ұзартады, деген сөз бар. Өйткені барлық уақытта да көңілді жүрсең, өміріңнің үзақ болатыны да сөзсіз.






6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Сахналау «Мен әртіспін» Мынадай тапсырмалар беріледі:

    • Қуанышты күйді көрсететін көрініс

    • Ренішті күйді көрсететін көрініс

    • Таңғалуды сипаттайтын көрініс







7.Топпен ән айту. 3 мин.

«Біз көңілді баламыз» Сөзі: Е.Өтетілеуов





8.Үй тапсырмасы. 2 мин.

«Табанды бала» аңыз әңгімесін оқып келу.







9. Қорынындылау Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

«Көңіл күйімізді басқара білейік» деп аталады.Бұл дегеніміз қандай жағдайда болмасын сабыр сақтап,өзімізді ұстай білуімізді қандай жағдайда болмасын сабыр сақтап,өзімізді ұстай білуімізді жәнеөзімізге,айналамызға қуаныш сыйлауымызды білдіреді.



  • Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді

жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!



Мектеп__№11_____________ Мерзiм_____30.09.2014____ №_5____

Тақырып: Оқуға құштарлық

Құндылық: дұрыс әрекет. Өзін-өзі тану Қасиеттер: білімді, еңбекқор.

Мұғалiм Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы

Сынып 2 «А,Ә,Б»




Сабақ мақсаты: «Білім», «махаббат», « адамгершілік» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту

Міндеті:

    1. оқу-білімнің адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;

    2. оқуға, білім алуға деген ынталарын дамыту;

    3. кітапты қадірлеуге, еңбекті сүюге тәрбиелеу.




Сабақ барысы:

      1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

      1. Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.

      1. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген «Табанды бала» аңыз әңгіме бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.

Сұрақтар:

1. Бала өз мақсатына қалай жетті?

2. Баланың ғалым болуына қандай қасиеттері көмектесті?



Сабақ барысын талқылау:

4. Әңгімелесу

-Адамға білім не үшін қажет?

-Оқу кезінде қандай қиындықтар кездеседі?

-Оларды қалай жеңуге болады деп ойлайсыз?

--Білімді болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар?





5. Дәйексөз

Балалардың жауаптары сабақтың дәйексөзімен туйінделеді.

Мұғалім тақтаға «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» Қазақ халық мақалы , деп жазып қояды.

- Балалар, кітап оқу арқылы білімді боласың. Білімді адам -ол күшті адам. Өйткені адам білімнің арқасында өмірдің ақиқатын танып біледі. Көп білсең адамдарға ақыл-кеңес бере


аласың, сыйға бөленесің. Біліміңнің көп болғандығынан барлық жағдайларда сөзбен, ақылмен жеңе аласың. Сондықтан да халық «Білекті бірді жығар, білімді мынды жығар» деп айтқан.




6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Дәптермен жұмыс

Жоғарыда айтылып, талқыланған әңгімеден түйген ойлар дәптерде берілген тапсырма арқылы бекітіледі.



- Бақытты балалар елінің суреті арасынан жазу жазылатындай етіп бос қалдырылған жолдарға олардың бақытты болуына нелер көмектескенін жазыңдар. Балалар
тапсырманы дәптерде орындайды, орындап біткен соң жария етеді.




7.Топпен ән айту. 3 мин.

«Бақытты балалық шақ» Сөзі: Ж.Тұрбеков Әні: Ә.Еспаев




8.Үй тапсырмасы. 2 мин.

«Кітаптың жыры» өлеңін жаттап келу.






9.Қорытындылау Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.Білім адам игілігіне қызмет етеді. білім алу қызығушылық, еңбекқорлық және табандылық танытуды қажет етеді.

Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Табиғаттың сұлулылығы соншалықты, караған сайын қарай бергің келеді. Ондағы сұлу да нәзік гүлдерге, самғай үшқан құстарға қызыға қараймыз. Бір сәт қасымызда мүлгіп тұрған тауға қарап оның үшар басына шыққымыз келіп кетті. Сол сәтте Табиғат-анамыз естіп тұрғандай, бізді әр түрлі түстерімен әсем көрінетін кемпірқосаққа айналдырып, аспан аясына орналастырды.


Қандай керемет! Биіктен сан түрлі шашақ шашып, нүрға бөленген қандай ғанибет! Біздін түрлі түсті сәулелерімізге қуана қарап, мәз-мәйрам болған балалар. Көктен қарағанда табиғат
сұлулығы бүрынғысынан да құлпырып кеткендей! Осындай сұлулыққа шын тамсанған, қызыға қараған сезімімізден бойымыз сұлулық пен жылылыққа бөленгендей. Осы сұлулық пен жылылықты ұзақ сақтауға іштей уәде етіп, бұрынғы қалпымызға келейік.




Каталог: uploads -> doc -> 09bb
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
09bb -> Сабақ №38 Күні, айы, жылы Сабақтың тақырыбы: Түр. Түрдің критерийлері. Популяция
09bb -> 1. Қазақ тілінде қанша әріп бар екенін белгілеңіз а 40 в 32 с 36 д 41 е 42
09bb -> Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы Зар заман Сабақтың мақсаты Білімділік
09bb -> Сабақтың тақырыбы: Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет