Сабақ тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу
Сабақ мақсаты:
а/білімділік: Оқушыларға ондық бөлшек туралы түсінік беру, ондық бөлшекті қосу амалын игерту, есеп шығарту
ә/дамытушылық: Алған білімдерін есептер шығаруда қолдана білу бейімділіктерін қалыптастыру,ойлау қабілеттерін дамыту;
б/тәрбиелік: Оқушыларды тазалыққа, жинақылыққа, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу;
Сабақ типі: алған білімді жетілдіру
Сабақ түрі: білімдік сайыс сабақ
Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, есептер шығарту, CТО, топтастыру, өз бетімен жұмыс, топпен жұмыс, бірлесе оқу стратегиясы, ойын технологиясының элементтері.
Сабақ көрнекілігі: Слайд-презентация, бағалау парағы, математикалық диктант, деңгейлік тапсырмалар, кесте, гүлдер парақшалары.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту:
1.Ұйымдастыру.
а) Сабақтың негізгі мақсаты, жоспарымен, сайыс шарттарымен таныстыру.
б) Топқа бөлу (Қолдарына берілген гүл парақшалары бойынша әр оқушы өз тобын табады )
1- топ «Жай бөлшектер» 2-топ «Ондық бөлшектер»
в) Топ басшыларына бағалау парақтарын тарату. (Әр кезең бойынша оқушыларды бағалайды.)
2.Үй тапсырмасын тексеру . Оқушылар орындаған жұмыстарын жинап береді.
ІІ. Мағынаны тану, ажырату кезеңі:
«Ой ашар стратегиясы»
«Қайсысын таңдайсың?» Сынып оқушылары өтілген тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
Дарынды оқушының ізденіс жұмысы:
Дарынды оқушы ондық бөлшек туралы ізденген жұмысын қорғап баяндайды.
Ондық бөлшектің пайда болуы жайлы
Ондық бөлшектер натурал сандарға ұқсас және есептеулер жүргізуге ыңғайлы болғандықтан күнделікті өмірдегі есептеулерде жиі пайдаланылады.
Ондық бөлшектер, оларға амалдар қолдануды ортаазиялық ғалым Әл-Каши өзінің «Арифметика кілті» (1427жыл) еңбегінде жазған. Ол ондық бөлшекті ең алғаш пайдаланған ғалым ретінде тарихқа енген.
3.Ондық бөлшекті қосу
Түсіндіру: (слайд арқылы) 4,21 және 5,47 сандарының қосындысын табайық. баған түрінде қоссақ қосындысы 9,68 болады. Сонда ондық бөлшектерді қосу үшін:
1/ ондағы аттас разрядтар бірінің астында бірі тұратындай (үтірдің астында үтір тұратындай ) етіп баған түрінде жазу керек.
2/ разрядтар бойынша қосу керек.
3/ қосындыдағы үтірді қосылғыштағы үтірдің астына қою керек.
4/ Ондық бөлшектерді қосқанда қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері сақталады. М: a + b= b + a –ауыстырымдылық қасиеті
(a + b) + c = a + ( b + c )-терімділік қасиеті
(15,224+8,1) + 1,9 = 15,224 + (8,1 + 1,9 )= 25,224
III . Ой толғаныс кезеңі:
Оқушылардың түсінгендерін, тақырыпты меңгергендерін байқау мақсатында «Бақытты сәт» ойыны ойналады.
а/ 1-гейм «Сергіту»
№951.Төмендегі есептерді ауызша орындаймыз:
1.0,7+0,3= 2.0,4+0,1= 3.0,26+0,14= 1,2+0,8 = 1,3+0,5= 0,75+0,25=
3,5+0,5 = 1,1+1,4 = 0,91+0,09=
ә) 2-гейм «Кеспектегі қатырмалар» Топтық жұмыс / Есептерді жазбаша орындаймыз:
1-топ №952 (1,2 баған)
2-топ №954 (1,2 баған)
б) 3-гейм «Көшбасшысымен жарыс» №953 (1,2 баған)
Топ басшылары тақтаға ең тиімді тәсілмен есептер шығарып жатқанда, әр топ кесте толтырады (№955)
в) 4-гейм «Бірлесе оқу» стратегиясы бойынша берілген тапсырманы топпен орындап, талқылап, ережесін қорытып шығарады.
1-топ №958, 960 есеп
2-топ №959, 963 есеп
Сергіту сәті.
Логикалық сұрақтар. /жауабын қазақша, орысша, ағылшын тілінде айтады/
1.Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті. Торда қанша құс қалды? (12, двенадцать, twelve)
2. Барлық жылқының үштен бірі және екеуі бөлініп алынды. Бұдан соң қалған жылқының жартысы айдалып кетті. Сонда өрісте 9 жылқы қалды. Басында неше жылқы болды? (30, тридцать, thirty)
ІV. Сабақты бекіту
5-гейм « Математикалық диктант» /өзіндік жұмыс
1. Ондық бөлшектерді қосу үшін: 1) ондағы аттас разрядтарды... астында... тұратындай етіп,... түрінде жазу керек. 2)...... қосу керек 3) қосындыдағы үтірді қосылғыштардағы үтірлердің... қою керек.
2. Егер қосылғыштардағы ондық таңбаларының саны әр түрлі болса, онда ондық таңбаларының саны аз қосылғышқа қажетті... тіркеп жазу керек.
3. а + в = в + а ( қосудың... қасиеті) ( а+в) +с = а+(в+с) (қосудың... қасиеті)
4. Ондық бөлшектерді азайту үшін: 1) ондағы аттас разрядтарды... астында тұратындай етіп,... түрінде жазу керек 2)... бойынша азайту керек
3) айырмадағы үтірді азайғыш пен азайтқыштағы... астына тура келтіріп қою керек.
5. Егер азайғыш пен азайтқыштағы ондық таңбалар саны әр түрлі болса, онда оларды... тіркеп жазу арқылы теңестіреміз.
6. Егер азайғыш натурал сан болса, онда натурал саннан кейін... қойып, қажетті... санын... жазамыз.
V. Сабақты қорытындылау:
6-гейм. «Сен маған, мен саған» қарсы топ оқушылары бір-біріне сұрақтар немесе ауызша есептер айтады.
Рефлексия. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы оқушылар сабақта алған әсерлерін және тілектерін білдіреді.
-
VI. Үйге тапсырма:
1-топ №956
2-топ №957
VІI. Бағалау: Үй тапсырмасын орындап осы сабаққа белсенді қатысып жоғарыда берілген тапсырмаларды орындауларына сәйкес оқушылар төмендегі кесте бойынша бағаланады және жалпы ұпай сандары бойынша жеңіске жеткен топ анықталады.
№
|
Оқушылардың ТАЖ
|
Берілген тапсырмалар /алған бағалары/
|
Берілген ортақ баға
|
Сергіту
|
Кеспектегі қатырма
|
Көшбасшылық жарыс
|
Бірлесе оқу
|
Матема
тика
лық диктант
|
Мен саған, сен маған
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |