Микроэлементтердің
көпшілігі бауырда, сүйек және бұлшық ет ұлпаларында жиналады. Бұл ұлпалар
көптеген микроэлементтердің негізгі қоры. Элементтер кейбір мүшелерге тән болып табылады және онда
концентрациясы жоғары болады. Мысалы, мырыш – қарын асты безінде, йод – қалқанша безінде, фтор – тіс
кіреукесінде, алюминий, мышьяк, ванадий – шашта, кадмий,
сынап, молибден –
бүйректе
, қалайы – ішек ұлпаларында, стронций – қуық безінде, сүйек ұлпасында, барий – көздің пигментті
қабатында, бром, марганец, хром – гипофизде және тағы басқаларда жиналады. Натрий және хлор жасуша
аралық, ал калий және магний жасуша ішіндегі сұйықтықтарда кездеседі. Натрий және калий фторид түрінде
сүйек және тіс ұлпаларында болады.
Магний фосфат түрінде тістің қатты ұлпаларында болады. Сонымен қатар, микроэлементтердің ағза
үшін физиологиялық маңызы өте жоғары.Микроэлементтер қан жасалу, тотығу – тотықсыздану, тамырлар
мен ұлпалардың өткізгіштігіне белсенді әсер етушілер. Микроэлементер ферменттер, гормондар,
дәрумендер, биологиялық белсенді заттар құрамына комплекс түзушілер немесе активаторлар түрінде кіреді
де зат алмасу, көбею, ұлпаның тыныс алу, улы заттарды залалсыздандыру үрдістеріне қатысады. Кейбір
элементтердің мөлшері адам ағзасында жасы ұлғайған сайын өзгеріп отырады. Мысалы, кадмийдің
бүйректегі және молибденнің бауырдағы мөлшері қартайғанда жоғарылайды. Жас ұлғайған сайын кейбір
мырыш, ванадий және хром сияқты микроэлементтердің мөлшерлері кемиді. Әр түрлі микроэлементтердің
жетіспеушілігіне немесе артуына байланысты көптеген аурулар белгілі. Фтордың жетіспеушілігінен тіс
жегісі, йодтың жетіспеушілігінен зоб, молибденнің артық мөлшерінен подагра пайда болады. Адам ағзасын-
дағы биогенді элементтер концентрациясы өмір сүрудің тепе-теңдігін сақтайды (химиялық гомеостаз). Бұл
баланс элементтің жетіспеушілігіне немесе артық болуына байланысты бұзылады және әр түрлі аурулар
туады.
Микроэлементтердің адам
ағзасындағы мөлшері және
қатынасы
жайындағы мәліметтерді
сот – медициналық сараптама жасау
істеріне
пайдаланады.
Мысалы,
этил
спиртінің қатынасында алкогольді улану жағдайында бауырда кальцийдің мөлшері көбейіп, натрий
мен калий азаяды. Тағам құрамында темір, мыс, мырыш, йод, кальций, фосфор, магний және т.б.
элементтері жетіспесе, адам денсаулығына үлкен зардап келуі мүмкін. Сонымен қатар, ағзаға биогенді
элементтердің тек қана жетіспеушілігі емес, артық мөлшері де зиян, өйткені бұл кезде химиялық гомеостаз
бұзылады. Мысалы, тағамда марганец артық мөлшерде болса, плазмада мыстың мөлшері көбейеді, ал,
бүйректе азаяды. Тағам құрамында молибденнің мөлшері көбейсе, бауырда мыстың мөлшері көбейеді.
Тағамда мырыш көбейсе темірі бар фермент-тердің белсенділігі төмендейді. Сондықтан да тіршілікте
маңызды болып саналатын минералды компоненттердің концентрациясы сәл ғана көбейсе олардың аз
мөлшерінің өзі де улы болып табылады деуге негіз бар. Магний жүйке ұлпаларының жұмысын жақсартады,
сүйек түзуге қатысады. Адамға күніне шамамен 400 мг магний керек. Фтор, стронций адам тісінің мықты
болуына әсер етеді. Адам ағзасында 250 – 300 г NaCl болады, тамақпен 10-15 г күнделікті қайта
толықтырылып отырады. Натрий хлоридінің артық мөлшері ішкі ағзаларға (бауыр, бүйрек) әсер ететіндігі
зерттелген. Ал, Жамбыл облысындағы тұз бассейндері кендерінің (Ресей ғалымдарының зерттеулері
бойынша барлығы 54 тұз бассейндері бар екендігі келтірілген) осы уақытқа дейін ашық болуы, желдің
әсерінен тозаң түрінде аймаққа таралуы экологиялық ахуалының нашарлығын көрсетеді деуге болады.
Микроэлементтердің ағза үшін физиологиялық маңызы өте жоғары. Мыс денсаулыққа өте пайдалы
микроэлементтердің бірі. Егер ағзада мыс жетіспесе, бауырда қорланған темір гемоглобинмен байланысқа
түсе алмайды. Мыстың мөлшерінің аз немесе көптік шамасының көрсеткіші-адамның шашы. Мыстың
мөлшері төмендеген кезде немесе жетіспеген жағдайда шаш тез ағарады. Мыс қанға оттектің өтуін
қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде жасуша, ұлпалар оттекпен жақсы қамтамасыз етіледі. Мыс көптеген
ферменттердің құрамына кіреді, ұлпалардағы тотығу реакциясын жылдамдатады. Темір элементінің рөлі
денсаулық үшін өте зор. Егер темір жетіспесе, баршамызға белгілі анемия немесе қан аздық ауруы пайда
болады. Бұл элементтің ағзадағы тәуліктік мөлшері 11-30 мг. Адам қанында 3 г жуық темір бар. Оның
мөлшері көрсетілген шамадан төмен болса, қанның қызыл клеткасының, яғни, гемоглобиннің түзілуі
нашарлап, тыныс алу функциясы төмендейді. Темір ағзаға сырттан түседі, тамақтың құрамындағы темір
ионы он екі елі ішектің жоғарғы бөлігінде қанға сіңеді. Темірдің ағзаға дүрыс сіңбеуі асқазандагы түз
қышқылының жетіспеуінен немесе темірдің белокпен байланысының нашарлауынан болады. Жоғарыда
айтылған элементтердің тәуліктік нормасын зерттеудің нәтижесінде мынадай қорытынды жасалады: ересек
адамдар үшін микроэлементтердің тәуліктік мөлшері: алюминий – 49,01 мг, бром – 0,821 мг, темір – 1,1-30
мг, йод – 0,2 мг, кобальт – 0,05-0,1 мг, марганец – 5-7 мг, мыс – 2-3 мг, молибден – 0,15-0,3 мг, никель – 0,63
мг, рубидий – 0,35-0,5 мг, фтор – 2-3 мг, мырыш – 10-15 мг. Әрине, бұл көрсеткіштер адамның жас
ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, ой еңбегімен айналысатын адамдар үшін
марганецтің мөлшері тәулігіне 5-6 мг. Жас балаларға марганецтің мөлшері ересектерге қарағанда көбірек
қажет болады. Сондықтан да соңғы жылдары микроэлементтер жайлы зерттеу жұмыстары жүйелі жүргізіліп
келеді. Микроэлементтердің негізгі физиологиялық – биохимиялық қасиеттері бойынша Қазақстанда П. Р.
Загриценко, Ж. Қалекенов, Қ. Кенжеев, Ж. Мамутов және К. Сағатов, ал Ресейде Я. В. Пейве, М. Я.
Школьник, П. А. Власюк, О. К. Кедров – Зихман сияқты ғалымдар зертеу жұмыстарын жүргізген.
Мыс
денсаулыққа өте пайдалы микроэлементтердің бірі. Егер ағзада мыс жетіспесе, бауырда қорланған темір
гемоглобинмен байланысқа түсе алмайды. Мыстың мөлшерінің аз немесе көптік шамасының көрсеткіші-
адамның шашы. Мыстың мөлшері төмендеген кезде немесе жетіспеген жағдайда шаш тез ағарады. Мыс
қанға оттектің өтуін қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде жасуша, ұлпалар оттекпен жақсы қамтамасыз
етіледі. Мыс көптеген ферменттердің құрамына кіреді, ұлпалардағы тотығу реакциясын жылдамдатады.
Темір элементінің рөлі денсаулық үшін өте зор. Егер темір жетіспесе, баршамызға белгілі анемия немесе
қан аздық ауруы пайда болады. Бұл элементтің ағзадағы тәуліктік мөлшері 11-30 мг. Адам қанында 3 г жуық
темір бар. Оның мөлшері көрсетілген шамадан төмен болса, қанның қызыл жасушасының,
яғни гемоглобиннің түзілуі нашарлап, тыныс алу функциясы төмендейді. Темір ағзаға сырттан түседі,
тамақтың құрамындағы темір ионы он екі елі ішектің жоғарғы бөлігінде қанға сіңеді. Темірдің ағзаға дұрыс
сіңбеуі
асқазандагы тұз
қышқылының жетіспеуінен
немесе
темірдің ақуызбен байланысының
нашарлауынан болады.
Қоректік зат, оны пайдалану барлық тірі организмге тән қасиет. Қоректену нәтижесінде ағзада
көптеген биологиялық, химиялық және физикалық үрдістер, яғни, көбею, өсу, даму, еңбек ету, т.б.
жағдайлары болады. Адамның денсаулығы дұрыс болып қалыпты өмір сүру үшін ең қажеттісі — қоректік
заттың мөлшері, сапасы, ағзаға ену мөлшері міндетті түрде тиісті деңгейде сақталуы керек. Әрбір қоректік
заттың энергетикалық балансын сақтау ең басты шарт болып табылады. Қоректік заттың құрамындағы әр
түрлі бөліктерінің мөлшері, сапасы (белоктар, майлар, комірсулар, минералды заттар, макро және
микроэлементтер, витаминдер) саны белгілі ретпен бір-біріне тығыз байланыста болатындығы анықталған.
Ағзаға қажетті негізгі қоректік заттар
Негізгі қоректік заттар
Тәуліктің мөлшері
Белоктар
85г
Көмірсулар
380-400г
Майлар
102г
Минералды заттар
Кальций
800 мг
Кобальт
0,1-0,2 мг
Марганец
5-10 мг
Молибден
0,5 мг
Хром
2-2,5 мг
Магний
400 мг
Фторидтер
0,5-1,0 мг
Темір
14 мг
Йодтар
0,0-0,2 мг
Мыс
2 мг
Витаминдер
В
1
(тиамин)
1,7 мг
В
2
(рибофлавин)
2,0 мг
В
6
(пиридоксин)
2,0 мг
В
9
(фолацин)
200 мкг
В
12
(цианкобаламин)
3 мкг
С (аскорбин қышқылы)
70 мг
А (ретинол)
1000 мкг
Е (токоферол)
10мг
Д (кальцийферол)
2,5 мкг
РР (ниацин)
19 мг
Кестеде келтірілген заттардың арасынан фторидтерге тоқталатын болсақ, оның ағзаға қажетті мөлшері
0,5-1,0мг аралығында. Ал, судың құрамында болуға тиісті шекті мөлшері-0,75мг. Жамбыл облысы
аймағындағы фторидтердің мөлшері шектен артық екендігі зерттелді, яғни, Талас-Аса бойындағы мөлшерлік
шамасы 1,5-6,25мг/л. Фторидтердің тотығу-тотықсыздану үрдісінен кейін ағза үшін маңызды иод элементін
ағзадан ығыстырып шығару мүмкіндігі жоғары. Сонда, иодты дәрі-дәрмек пен қоректік заттарды қанша
пайдалансақ та ағзадағы иодты фторидтердің ығыстырып шығарып жіберуі қазіргі кезде белең алып отырған
зоб ауруының көбеюіне негіз болып отыр.
Йод, I –1811 ж. француз химигі Б.Куртуа ашқан. Табиғатта тұрақты бір изотопы бар, бос күйінде
кездеспейді. Қара сұр түсті, күлгін жылтыр, өткір иісті. Лаутарит, дитцент минералдарында, мұхит суы,
мұнай кендеріндегі ілеспе суда, балдырларда кездеседі. Суда нашар, органикалық еріткіште (спирт, эфир,
күкірткөміртек, хлороформ) жақсы ериді. Көптеген металдармен және сутекпен жоғары температурада
әрекеттеседі. Сілтімен әрекеттесіп йодатты тұз түзеді, тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш сипат көрсетеді.
Йод мұнайдағы ілеспе судан хлормен, натрий нитратымен немесе қышқыл қатынасатын марганец қос
тотығымен тотықтыру арқылы өндіреді. Йод және оның қосылыстары медицинада, металл өндіруде (титан,
циркон, гафний), фотосурет өңдейтін химиялық реактив жасауда, т.б. қолданылады. Адам организмінде
Йодтың жетіспеушілігі қалқанша бездің ұлғаюына, бұғақ ауруына шалдықтырады.
Йод – өмірлік маңызы бар элемент. Ол қалқанша без үшін құрылыс материалы (қалқанша без – йод
жинақтаушы орган). Өкінішке орай, бұл микроэлемент ағзада жасалмайды, адам оны тек ас, тағам арқылы
алады. Сырт қарағанда йод жетіспеушілік білінбейді, ал тапшылық сезілсе түрлі ауруларға шалдықтырады,
яғни шаршау, түрлі жұқпалы ауруларды тез қабылдағыштық, белсіздік және ақыл – ой кемістігі.
Йод жетіспеушілігіне байланысты ауруларды емдегеннен гөрі алдын – алған жөн. Адам күнделікті ө
сімдік және жануартекті өнімді қабылдағанмен, ағзаға қажет мөлшердегі дәрумен мен микроэлементтерді
ң орнын толтыра алмайды. Ағза йодты синтездей алмағандықтан, тршілік үшін күнделікті йоды бар тағам
дарды пайдалану есебінен қажет мөлшерін толтыру қажет.
.
Йодтың күндік нормасы
Йод мөлшері (мкг)
Категориясы
Жасы
50
Емізулі сәби
Алғашқы 12 айда
70
Ерте жастағы балалар
1- ден 2 жасқа дейін
90
Мектеп жасына дейінгі балалар
2- ден 6 жасқа дейін
120
Бастауыш және орта сынып оқушылары
7- ден 12 жасқа дейін
150
Жасөспірімдер, ересектер
12- ден жоғары жастағылар
200
Аяғы ауыр әйелдер мен бала емізетін әйелдер
Ең жоғарғы
мөлшердегі өнімі – теңіз өнімдері
(800
– 1000
мкг/кг).
Теңіз балдырлары мен губкалар және балық майы, кальмар, теңіз капустасы. Ет, сүт, жұмыртқада йод аз,
өсімдіктекті азықта тіпті аз.
Йод бар өнімдерді қабылдағанда (80- 85 % мөлшерін ал үшін) мынаны ескер жөн:
1) йодтың қалқанша безге кіруі үшін фермент, селен, мырыш, темір және А, Е дәрумендері бірге
жүруі қажет.
2) микроэлементтер пісіру кезінде жойылып кетеді. Егер сорпа дайындасаңыз әңгіме басқада, ал тек
картоптың өзін қайнатсаңыз, йод сумен бірігіп өзгеріске ұшырайды.
3) кейбір тамақ өнімдері йодты өзіне «байлап» алып, ағзаға сіңірілуін нашарлатады, ондай қасиетке
барлық шаршыгүлділер: орымжапырақ, шалқам, шалқан, шомыр, соя, бұршақ жатады. Бұл оларды жемеу
деген емес, керісінше соларды көбірек мөлшерде қабылдау керек деген сөз.
4) йод жетіспеді екен деп тек йодталған өнімді ғана жеуге болмайды, тепе – теңдік сақтап, май, ақуыз,
көмірсуларды да аз мөлшерде қабылдар отырыңыз.
5) йодтың спирттегі ерітіндісін тікелей пайдалануға мүлдем болмайды, 1 тамшы йодтан 11 күндік
мөлшерін бірден аласызда, қалқанша безді «отырғызасыз» және таза йод аллергия беруі мүмкін
Адамның өмір сүруіне бүкіл өмір бойы бір қасық қана йод жеткілікті.
Йод адам ағзасында 20 – 30 мг мөлшерінде ғана болса да өте маңызды үрдістерді атқарады.
Хром - өсімдіктер мен жануарлардың қаптамасының құрамына кіретін биогенді элемент болып
табылады. Жануарларда хром липид, нәруыз, көмірсутектің алмасу процестеріне қатысады. Тағам мен қан
құрамында хромның шамадан тыс азаюы бойдың өсуін баяулатады, қан құрамында холестерин шамасын
көбейтеді.
Металл қалпындағы хромның еш зардабы жоқ, бірақ шаң түрінде өкпені тітіркендіруі мүмкін. Хром
(ІІІ) қоспасы дерматитке соқтырады. Хром (VI) онкологиялық түрлі ауруларға душар етеді.
Кобальт – В12 дәруменінің бір бөлігі болып табылатын минералды зат болып табылады. Әдетте
микрограммен (мкг) өлшенеді.
Кобальт қызыл қан жасушаларына қажет. Ағзаға тазамдар арқылы түсіп отырады.
Күнделікті тұтыну мөлшері анықталмаған, себебі бұл минералдың аз бөлігі ғана қажетті шама
болып табылады (әдетте 8 мкг-дан артық емес).
Ағза кобальттің жетіспеуінен акобальтозге ұшырайды. Акобальтоз тәбеттің нашарлауы, анемия,
шамадан тыс салмақ тастауға алып келеді.
Адам организміндегі жалпы темірдің салмағы 4,25 г. Осы көлемнен 57 % қандағы гемоглобинде болады,
23 % - ферменттерде, 20 % - бауырда, сүйек майында жинақталған және қосалқы темір қорын құрады. Темірді
сіңіру ішекте орындалады, темір жетіспегенде организм асқазаннан да ала алады.
Темірдің өмірлік маңызы жоғары, гемоглобиннің түзілуіне (қызыл қан денелері), миоглобин (бұлшық
еттегі қызыл пигмент ) және кейбір ферменттердің түзілуіне қажетті. Әйел адамдарда темір және кальций
тапшылығы жиі кездесіп отырады. Темір несеп арқылы (күніне 0,5 мг), терлеу нәтижесінде (әр тер 1-2 мг
темір бар). Әйелдер айына 10-40 мг темір жоғалтып отырады.
Біз қабылдап жатқан темірлердің тек 8% ғана сіңіріледі, нәтижесінде қан құрамына енеді. Қанның
негізгі бөлігін қамтитын гемоглобин әрбір 120 күн сайын өңделіп және қайта айналымға түседі.
Мыс,
кобальт,
марганец
және
С дәрумені
темір сіңіру
процесіне
өте қажетті.
Темір В дәруменінің дұрыс метоболизміне керек. Темір бойдың өсуіне, түрлі ауру түрлеріне қарсы тұруға
мүмкіндік береді, шаршаудың алдын алады.
Темірге
кептірілген ақ
саңырауқұлақтар,
жануарлардың
дауыры
мен бүйрегі,
шабдалы,
жасыл өсімдіктер, картоп, пияз, асқабақ, алма, айва, алмұрт, горох, жұмыртқа өте бай.
Адамның 1 кг салмағына темір қажеттілігі: балалар - 0,6 мг, ересектер - 0,2 мг, жүкті әйелдер - 0,3 мг
күніне пайдалану керек. Тағаммен келетін темір мөлшері жеткілікті болып есептеледі, тек кейбір
жағдайларда (анемия, қан тапсырғанда) құрамында темір мол өнімдер мен препараттар қабылдау керек.
Темірдің шамадан тыс қабылдануы (200 мг және жоғары) улануға алып келеді.
Цинк сүйектің түзілуіне қажетті микроэлементтердің бірі, диабетпен, қан айналымы бұзылған
адамдардың сауығуына септігін тигізеді.
А дәрумені цинктің қатысуымен әрекет етеді. С дәрумені және цинк - катар және т.б. вирустық ауру
түрлеріне қарсы ем болып саналады. Цинктің вирус және токсиндердің алдын алатын қасиеті бар.
Адам аяғында пайда болатын ақ дақтар адам ағзасында цинктің жетіспеушілігін білдіреді. Цинк
дәм сезбеушіліктің, бедеуліктен емдеуге, өсуге, ақыл-естің дамуына мүмкіндік береді , адам
ағзасында холестериннің жинақталуына кедергі жасайды.
Цинктің негізгі көздері: бифштекс, жас қойдың еті, сыра дрожжалары, жұмыртқа, майсыз құрғақ сүт.
Цинкке устрица бай. Асқабақ дәндерінде цинк устрицаға қарағанда 26%-ға кем.
Ересек адамның цинктің күндік қажеттілігі 15 мг.
Фтор адам ағзасына қажетті элемент болып табылады. Адам организмінде фтор негізінде тіс эмалінде
және сүйек құрасында кездеседі.
Фтордың негізгі көздері: су, теңіз өнімдері және желатин. Пияз және жасымық (чечевица) фторға
бай өсімдіктер болып табылады. Фтордың күнделікті сұранымы - бір литр суға 1 мг.
Фтордың жетіспеуі остеохондроз, тіс түсінің өзгеруі мен формасының өзгерісіне алып келеді.
Фтордың жетіспеуі тісжегіге алып келеді (кариес). Кариестің алдын алу үшін фтор қосылған
тіс пастасын,
фторландырылған суды
(концентрациясы
1
мг/л)
қолданған абзал.
Осындай іс-
әрекеттер тісжегінің пайда болуын 30-50 %-ке азайтады.
Кептірілген құрма – адам ағзасына қажетті дәрумендерге бай жеміс. Оның құрамында ақуызбен
көмірсутектен басқа темір, фосфор, мыс, марганец, магний, калий, кальций, фтор, селен элементтері бар.
Кальций сутектің, фтор тістің беріатігі үшін қажет болса, селен жүрек және қатерлі ісік ауруларының алдын
алып, ағзаның қорғаныш қабілетін күшейтеді.
Фосфор – күш-қуат көзі. Қаңқаның мықтылығы құрамындағы фосфор мен кальцийдің мөлшеріне тығыз
байланысты. Фосфордың мөлшері кальцийден бір жарым есе көп болуы керек. Ондай болмаған жағдайда
тепе-теңдік мөлшерін белгілі бір деңгейде ұстап тұру үшін жеткіліксіз мөлшерін сүйектегі қордан алады.
Бірақ D витамині оның арақатынасын реттеп отырады. Фосфор жүйке жасушаларының қызметі үшін де ке-
рек. Сондықтан оның мөлшері барлық уақытта біркелкі болуы керек. Фтор, стронций адам тісінің мықты
болуына әсер етеді.Фосфор — аралық зат алмасу процесінде маңызды рөл атқарады. Оның қатысуымен
көмірсулардың фосфорлану процесі жүреді, қанның қышқыл-сілігілік тепе-теңдігі қамтамасыз етіледі,
бұлшық еттің жиырылуын қуаттандыратын биохимиялық процестер атқарылады.Фосфор ақуызы мол ет, сүт
өнімдерінде кездеседі.
Темір — гемоглобиннің, миоглобиннің, тотығу-тотықсыздандыру ферменттері —
пероксидаза, каталаза мен биологиялық тотығу процесін жүрізетін цитохромдық ферменттер құрамы на
енеді. Денеде темір бауырда, көк бауырда, ішектің кілегейлі қабығында ферритин (темірдің гидрат тотығы
мен белоктардың қосылысы) түрінде кездеседі. Организмде темір гемосидерин (темірлі пигмент,
гемоглобиннің ыдырау өнімі) түрінде де кездеседі. Темірдің бір бөлігі плазма белоктарымен сидерофилин
атты қосылыс түзеді. Осы қосылыс түрінде темір организмде тасымалданады. Организмде темір жетіспесе
эритроциттердің түзілуі бұзылып, қан азаяды (анемия).
Бұл элементтің рөлі денсаулық үшін өте зор. Егер темір жетіспесе, баршамызға белгілі анемия немесе
қаназдық ауруы пайда болады. Бұл элементтің ағзадағы тәуліктік мөлшері — 11-30 мг. Адам қанында 3
грамға жуық темір бар. Оның мөлшері көрсетілген шамадан төмен болса, қанның қызыл жасушасының, яғни,
гемоглобиннің түзілуі бұзылып, тыныс алу қызметі нашарлайды. Темір ағзаға сырттан түседі, тамақтың
құрамындағы темір ионы он екі елі ішектің жоғар-ғы бөлігінде қанға сіңеді. Темірдің ағзаға дұрыс сіңбеуі
асқазандағы тұз қышқылының жетіспеуінен немесе темірдің ақуызбен байланысының нашарлауынан
болады. Ал тұз қышқылының жетіспеуінің өзі бауыр мен өт жолдарының дұрыс қызмет атқармауынан деуге
болады, яғни, оларда әр түрлі тұздар тас түрінде жиналады. Тастардың пайда болуы топырақ пен судың және
қоректің сапасына байланыс-ты екендігі түсінікті.
Темір жетіспеген кезде тері бозарады, тырнақ жұмсарады, әрі тез сынады, ауыз қуысы және ас-қазанның
сілекейлі қабаты бүлінеді.
Темір жұмыртқаның сарысында, қарақұмықта, грек жаңғағында, күнжіт, фасоль, өрікте, мейізде көп
болады.
Күкірт (мөлшері 0,25% шамасында) – цистеин, цистин, метионин амин қышқылдарының, В
дәрмендәрісі мен кейбір ферменттердің құрамы на енеді. Организмде ол креатин, муцин, глютатион,
инсулин, питуитрин, кофермент А, таурин мен оның туындылары құрамында кездеседі. Бұл элемент жүннің,
мүйіздің, құс қауырсыны мен мамығының құрамында көп мөлшерде кездеседі. Ол организмде күкірт
қышқылын түзіп, тоқ ішекте түзілетін улы заттарды залалсыздан-дыруда маңызды қызмет атқарады.
Натрий –жасушада тек ион түрінде кездеседі. Ол негізінен дене сұйықтықтарының құрамы нда болады
да, қан мен лимфаның осмос-тық қысымын реттеуде маңызды рел атқарады. Натрий буферлік жүйе
құрамына еніп, қанның әрекетшіл ортасын реттеуге, қозу процесінің туындап, таралу процесіне қатысады,
гормондар синтезіне әсер етеді.
Хлор –организмде теріс зарядты иондар түрінде кездеседі, натрий және калий иондарымен байланыста
болады, жасушада козу процесінің туындауында маңызды рөл атқарады, қарын сөлі құрамыңдағы тұз
қышқылының құрамы на енеді.
Магний — жасуша ішінде жинақталатын катион. Ол митохондрия-ларда шоғырланады, тотықтырғыш
фосфорлану процесінің белсендірушісі болып табылады да, қуат алмасуын, ДНК синтезін жандандырады,
актин мен миозинді жалғастыратын магнийлі белок комплексінің құрамына еніп, бұлшық еттің жиырылуын
қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Магний гликолиз процесін реттейтін көптеген ферменттік
жүйелердің құрамына енеді, кальцийдің кереғары болып табылады. Қан құрамында магний мөлшері өссе,
нерв жүйесінің қозғыштығы төмендеп, нерв орталықтарының қызметі тежеледі, организмді ұйқы басып,
селқостық (апатия) байқалады.
Мыс – гемокупреин түрінде эритроциттер құрамында болады. Ол кейбір тотығу-тотықсыздаңдыру
ферменттерінің құрамына ене оты-рып, ұлпалық тыныс процестеріңде маңызды рөл атқарады. Мыс қан түзу
процесін жақсартады, меланин пигментін түзу үшін қажет. Ол цитохромоксидаза ферментінің белсенділігін
күшейтіп, гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондары мен А, В, С, Е, РР дәрмендәрілерінің әсерін
жандандырып, өсіп-өну процесін күшейтеді.
Кобальт – В12 дәрмендәрісінің құрама бөлігі болғандықтан қан түзу процесінде маңызды қызмет
атқарады. Ол организмдегі ферменттік процестерге, зат алмасу қарқынына, өсу, даму процестеріне жағымды
әсер етеді, жүректің, ас қорыту ағзаларының, нерв жүйесінің, ішкі секреция бездерінің, сүйек кемітінің
қызметін жақсартады. Орга-низмде ұйқы безінде, бауырда, бұл шық еттерде жинақталады.
Марганец – дененің барлық мүшелері мен ұлпа ларының құрамында кездеседі, бірақ сүйекте, бауырда,
бүйректе, ұйқы безінде, гипо-физде көбірек жинақталады. Ол белоктарды ыдырататын ферменттердің
құрамы на енеді, кейбір тотығу-тотықсыздандыру ферменттерінің белсеңділігін арпырады, белоктың,
көмірсулардың, маидың алмасуын жандандырады. Марганец организмнің өсіп-дамуына, қанның түзілуіне,
сүйектің жетілуіне жағымды ықпал етеді.
Мырыш – барлық ұлпа ларда кездеседі, карбоанщдраза ферментінің, инсулин гормонының құрамына
енеді, мырыш тұздары гипофиз, ұйқы безі және жыныс бездері гормондарының белсенділігін арттырып,
белоктар мен көмірсулар алмасуын жандандырады.
Бром – гипофиз гормондарының құрамы нда кездеседі, үлкен ми жарты шарлары жасушаларындағы
қозу және тежелу процестерінің туындауын реттейді.
Фтор–сүйек пен тіс кіреукесінің құрамы на енеді. Ол көптеген ферменттердің әрекетін әлсіретіп, зат
алмасу процесін баяулатады, қан құрамындағы кальций мен фосфордың ара қатынасына әсер етіп, сүйектің
қатаюын шапшандатады. Фтор жетіспесе тіс кіреукесі бұзылады .
Никель – кейбір ферменттердің белсенділігін күшейтіп, ашу процесін жандандырады, организмде оның
мөлшері шамадан артық болса, онда никель көздің қасаң қабағына жинақталып, организм көру қабілетінен
айырылады.
Қоректік зат, оны пайдалану барлық тірі организмге тән қасиет. Қоректену нәтижесінде ағзада көптеген
биологиялық, химиялық және физикалық үрдістер, яғни, көбею, өсу, даму, еңбек ету, т.б. жағдайлары
болады. Адамның денсаулығы дұрыс болып қалыпты өмір сүру үшін ең қажеттісі — қоректік заттың
мөлшері, сапасы, ағзаға ену мөлшері міндетті түрде тиісті деңгейде сақталуы керек. Әрбір қоректік заттың
энергетикалық балансын сақтау ең басты шарт болып табылады. Қоректік заттың құрамындағы әр түрлі
бөліктерінің мөлшері, сапасы (белоктар, майлар, комірсулар, минералды заттар, макро және
микроэлементтер, витаминдер) саны белгілі ретпен бір-біріне тығыз байланыста болатындығы анықталған.
Достарыңызбен бөлісу: |