Сабақ тақырыбы: Алкендер, құрылысы, изомериясы,
Сабақ мақсаты: 1.Алкендердің құрылысын және изомериясын талқылау;
Табыстылық критерийі : 1.Алкендердің құрылысндағы ерекшеліктерді ажырата біледі;
2. Алкендердің изомериясы мен аталуы туралы түсінік аладаы;
3. Атауы берілген алкендердің құрылым формуласын жазып үйренеді;
Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту;
Сабақта қолданылатын модульдер: АКТ. Оқыту үшін бағалау. Диалогтік оқыту, Топтық жұмыс
№
|
Сабақ кезеңдері
|
Жүргізілетін іс-әрекет
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Кері байланыс
|
Бағалау түрі
|
1
|
Ұйымдастыру
|
|
Сыныпта жұмыс жасауға қажет атмосфера орнатады. Оқушыларды топқа бөледі
|
Топтасып топқа бөлінеді. Топтың алтын ережесін жасайды. Топ басшысын сайлайды
|
|
|
2
|
Үй тапсырмасын сұрау.
Қызығушылықты ояту кезеңі
|
1.Миға шабуыл
2. ББҮ кестесі
|
Өтілген тақырып бойынша сұрақтар қояды.
ББҮ кестесінің 1 және 2 бөлімін толтыртады
|
Сұрақтарға жауап береді.
Кестені толтырады
|
|
Ауызша коментарий арқылы бағалау.
Топ жетекшісінің бағалауы
|
3
|
Жаңа білімді меңгеру
Мағынаны тану кезеңі
|
ДЖИКСО
|
Топтарға тақырыпты бөліп тапсырма береді.Интерактивті тақтадан этиленді спирттен алудың әдісін виртуальді лаборатория арқылы көрсетеді.
|
Оқушылар тақырыпты оқып алдымен жұпта сосын топта талқылайды.Қайтып өз топтарына келіп тақырыптың әр бөлімін әр оқушы түсіндіреді.
|
Саусақпен бағалау
|
Топ жетекшісінің бағалауы
|
4
|
Сабақты бекіту
Ой қозғау кезеңі
|
Семантикалық карта
Деңгейлік тапсырмалар
Венн диаграммасы
|
Құрылым формуласы берілген алкендерді атау мен алыну жолдарына қатысты сұрақтарды семантикалық карта арқылы береді.
Деңгейлік тапсырманы таратады
Венн диаграммасын толтыртады .
|
Семантикалық картаны топта толтырады. Алкендерге байланысты бес жолды өлең жазады.
Венн диаграммасы арқылы алкандар мен алкендерді салыстырады
|
Екі жұлдыз, бір тілек.
ББҮ кестесінің 3 бөлімін толтырады
|
Топтардың бірін-бірі бағалауы. Өзін өзі бағалауы
|
5
|
Үй тапсырмасын беру
|
Алкендер туралы тақырыпты үйде оқып келу.
|
Оқулықтан келесі сабақтың тақырыбын айтады.
|
Үй тапсырмасын жазып топта жұпта талдайды.
|
|
Жиынтық баға шығару
|
|
|
|
|
|
|
|
Сабақ тақырыбы: Алкендер, құрылысы, изомериясы, алыну жолдары
Сабақ мақсаты: 1.Алкендердің құрылысын және изомериясын талқылау;
2. Алкендерді алудың жолдары мен реакция теңдеулерін жазып, талдау жүргізу;
Табыстылық критерийі : 1.Алкендердің құрылысндағы ерекшеліктерді ажырата біледі;
2. Алкендердің изомериясы мен аталуы туралы түсінік аладаы;
3. Атауы берілген алкендердің құрылым формуласын жазып үйренеді;
4. Алкендерді алудың реакция теңдеулерін жазып үйренеді.
Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту;
Сабақта қолданылатын модульдер: АКТ. Оқыту үшін бағалау. Диалогтік оқыту, Топтық жұмыс
Сабақтың көрнекіліктері:Интерактивті тақта, қима қағаздар, виртуальды лаборатория,
Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі
1.1. Сергіту сәті (Сағат тілімен жүрейік)
1.2. Топтастыру ( Мозайка әдісімен әр топта 4 оқушыдан болатындай етіп,топқа бөлу.)
2. Үй тапсырмасын сұрау.
Қызығушылықты ояту кезеңі
2.1. Миға шабуыл (Алкандар тақырыбын қайталауға сұрақтар)
2.2. ББҮ кестесі ( Алкендер туралы бұрын білетінін, не білгісі келетінін ойланып, кестенің 2 бөлімін толтырады)
3.Жаңа білімді меңгеру
Мағынаны тану
3.1. ДЖИКСО ( тақырыпты 4 бөлікке бөліп, оқушылардың өздерінің жұпты және топта талқылауына беріледі)
4. Сабақты бекіту
4.1. Семантикалық карта (Алкендердің құрылым формуласы мен аталуын сәйкестендіру)
4.2. Деңгейлік тапсырмалар ( алкендер тақырыбы бойынша есептер )
4.3. Венн диаграммасы ( Алкендер мен алкандарды салыстыру)
5. Үй тапсырмасы
Алкендердің химиялық қасиетін оқып келу, Октеннің мүмкін болатын изомерлерінің құрылым формуласын жазы,п, жүйелік номенклатурасы бойынша атау.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау.
Қызығушылықты ояту кезеңі
Миға шабуылсұрақтары:
1. Алкандардың жалпы формуласы? ( Сn Н2n+2)
2. Алкандар қандай көмірсутектер? (Қаныққан)
3. Алкандардың молекуласындағы С атомдарының гибридтелу типі? (sp3)
4. Алкандар молекуласындағы валенттілік бұрышы мен С атомдары арасындағы дара байланыстың ұзындығы қандай?
( 109028ʹ ; 0,154 нм)
5. Метанның кеңістіктік пішіні қандай?( дұрыс тетраэдр)
6. Конформерлер дегеніміз не? (Алкандар молекуласындағы атомдар топтарының кеңістікте әртүрлі жағдайда орналасуы)
7. Алкандарға қандай изомерия түрлері тән? ( С атомының қаңқасы бойынша изомерлену)
8. Алкандардың физикалық қасиетінде қандай заңдылықтар бар? ( Салыстырмалы молекулалық массасының артуымен алкандардың балқу, қайнау температуралары, тығыздығы біртіндеп артады)
9. Алкандарды атауда қандай жұрнақ жалғанады? (-ан жұрнағы)
10. Алкандарды атауда қандай заңдылық сақталады? ( алдымен С қаңқасының ұзыны таңдалады, сосын радикал жақын орналасқан жағынан С атомы нөмірленеді. Алдымен радикалдың орны көсетіліп аталады сосын үзын тізбек аталады)
11. Алкандарды қандай әдістермен алады? (Алкенді дегидрлеп,Вюрц реакциясы арқылы галогеналканнан, С гидрлеп алады)
12. Метанды лабораторияда қалай алады? ( натрий ацетатын натрий гидроксидімен қосып балқытып алады)
13. Алкандарға қандай химиялық реакциялар тән? ( орынбасу және тотығу, ыдырау реакциялары)
14. Алкандардың галогендермен реакциясы қандай жағдайда жүреді? ( жарықтың немесе жоғары температураның әсерінен)
15. Алкандардың ыдырау реакциясы қандай жағдайларда жүреді және қандай өнімдер түзіледі?(әр түрлі температурада 10000-та С; 15000-та ацетилен; 5000, Ni қатысында этилен)
16. Крекинг деп қандай процесті айтады? (Қарапайымдау көмірсутекке ыдырауы)
17. Риформинг реакциясында қандай өнім түзіледі?( ароматты көмірсутек)
18. Алкандардың изомерленуі қандай жағдайда жүреді? (АІСІ3, 4000 -та)
ББҮ кестесін толтыру
Білемін
|
Білгім келеді
|
Үйренгенім
|
|
|
|
3.Жаңа білімді меңгеру
Мағынаны тану
3.1. ДЖИКСО
Тақырыпты 4 бөлікке бөліп, оқушылардың өздерінің жұпты және топта талқылауына беріледі
1-топ Қанықпаған көмірсутектер мен алкендер туралы түсінік (оқулықтан 85 бет)
2-топ Алкендердің құрылысы ( оқулықтан 86 бет)
3-топ Атаулары мен изомерлері ( оқулықтан 87-88 бет)
4-топ Алкендердің алыну жолдары (оқулықтан 90-91 бет)
4. Сабақты бекіту
4.1. Семантикалық карта (Алкендердің құрылым формуласы мен аталуын сәйкестендіру)
|
СН3-СН=СН-СН3
|
СН2=СН-СН(СН3)-СН2-СН3
|
СН2=С(СН3)-СН(СН3)-СН2-СН3
|
СН2=С(СН3)-СН(С2Н5)-СН2-СН3
|
СН2=С(СН3)-С(СН3)(С2Н5)-СН(С2Н5)-СН2-СН3
|
2,3-диметилпентен-1
|
|
|
|
|
|
2,3-диметил-3,4-диэтилгексен-1
|
|
|
|
|
|
2-метил-3-этилпентен-1
|
|
|
|
|
|
Бутен -2
|
|
|
|
|
|
3-метилпентен-1
|
|
|
|
|
|
4.2. Деңгейлік тапсырмалар ( алкендер тақырыбы бойынша есептер )
1-деңгей тапсырмасы
1.Құрамында: а) 6 көміртек атомы бар; Б) 12 сутек атомы бар; в) 8 көміртек атомы бар; г) 18 сутек атомы бар алкеннің молекулалық формуласын жаз.
|
2-деңгей тапсырмасы
Салыстырмалы молекулалық массалары: а) 70-ке тең; б) 98-ге тең алкенннің молекулалық формуласын анықтаңдар.
|
3-деңгей тапсырмасы
Көлемі 44,8 л этанды дегидрлегенде этиленнің қандай көлемін алуға болады? Этиленнің шығымы 80% болса.
|
1-деңгей тапсырмасы
Берілген көмірсутектердің ішінен алкендердің формуласын теріп жазыңдар: С2Н6; С3Н6; С5Н10; С6Н6; С10Н20; С7Н14; С6Н12
|
2-деңгей тапсырмасы
Құрамы С6Н12 болатын алкеннің еселі байланыс орны бойынша және класаралық изомерлерінің құрылым формуласын жазыңдар.
|
3-деңгей тапсырмасы
Сутек бойынша салыстырмалы тығыздығы 35-ке тең алкеннің молекулалық формуласын есептеңдер.
|
4.3. Венн диаграммасы ( Алкендер мен алкандарды салыстыру)
Ұқсастығы
Алкен
Алкан
5. Үй тапсырмасы
Алкендердің химиялық қасиетін оқып келу,
Октеннің мүмкін болатын изомерлерінің
құрылым формуласын жазып, жүйелілік номенклатурасы бойынша атау.
Достарыңызбен бөлісу: |