Сабақ мақсаты: Азықтардың химиялық және қоректілік сипаттамаларымен танысу Сабақ мазмұны



бет5/7
Дата05.09.2020
өлшемі0,66 Mb.
#77341
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1 сабақ

Минералдық заттар

Минералдық заттар (шикі күл). Шикі күлдің құрамына макрожәне микроэлементтер, топырақ, құм тағыда басқа күймейтін заттар кіреді.

Макроэлементтер сілтілі – кальций, магний, калий және натрий; қышқылды – күкірт, фосфор, хлор, бұларграммен, ал микроэлементтер: темір, кобальт, мыс, марганец, мырыш, бор, иод, бұлар милиграммен өлшенеді.

Минералдық заттар азықтың құрамында органикалық және минералдық қышқылдарының тұзы ретінде, ал фосфордың бір бөлігі, күкірт, кремний, темір, магний және басқа органикалық заттар (ақуыз, майлар, көмірсулар) құрамында болады (3-кесте, қосымша).

Минералды заттарға мал азығын жоғары температурада 500-550 С жаққанда қалатын шикі күл құрамындағы химиялық элементтер жатады. Олардың азық құрамындағы мөлшері грамдап есептеліп сегізі макро көп мөлшердегі элементтер деп, ал қалғаны макро – аз мөлшердегі элементтер деп аталады. Макроэлементтерге жататын азық күлінде көп болатын кремний шақпақ элементі инертті реакцияларға қатыспайтын тотық ретінде болатындықтан, әдетте оны есепке алмайды.



  1. Дәрумендер

Дәрумендер мал азықтарында өте аз болады. Осыншалық аз болуына қарамастан малдың өсуіне, денсаулығына, төлдің өсіп жетілуіне т.б. физиологиялық жағдайына өте қажет. Дәрумендер организмге жеткілікті болу үшін малды жазда, өрісте көп жаю керек, өйткені көк шөпте дәрумендер мөлшері мол болады. Қыста, мал қолда тұрғанда, жақсы сапалы пішен, шырынды азықтар беру керек.

Дәрумендер денеде зат алмасу барысын қамтамасыз ететін, организмге түзілмегендіктен азықтармен толық жеткізілуі қажет органикалық заттар. Сыртқы ортадан организмге аз енсе зат алмасуы тежеліп, бұзылып витамин жетіспеушілік – гиповитаминоздық ауыру белгілері, ал витаминдер тіпті болмағанда – витаминсіздік, яғни авитаминоздық ауыру белгілері пайда болады.

Аурудын алғашқы кезеңінде барлық витаминдердін жетіспеушілігінен тәбеттін бұзылуы, өсудін тежелуі салмақ қысымының тоқталуы сияқты белгілер пайда болып, ұлғая келе ол витамин жетіспеушілігінен туатын арнайы белгілерге ұласады. Олар тек жетіспейтін витаминді бергенде ғана жазыла бастайды. Организмдегі зат алмасу барысы неғұрлым жеделдеген сайын өсіп келе жатқан төл, буаз және жоғары өнімді сақа мал организмінде витаминдер жетіспеушілігінін зардабы өсе түседі.

Дәрумендерді атқаратын қызметіне байланысты екі топқа бөлінеді. Біріншісі – биокатализаторлар ретінде ферменттер құрамында қызмет ететіндері коферменттер. Оларға В витаминдердін тобы және К витамині жатады. Екіншісі – торш құрылысындағы тұзілу процесін реттеу арқасында зат алмасуына ықпалын жүргізетін индуктивтік әсер ететіндері. Оларға А, Д, Е, С витаминдері, холин жатады.

Химиялық құрылысы және физикалық әсері бойынша витаминдерді майда және суда ерігіштігіне қарай бөледі. Майда еритіндерге А, Д, Е, суда еритіндерге В тобынын және С витаминдері жатады. Витаминдердін негізгі көзі – азықтар. Тек кейбір витаминдер ас қорыту жолындағы микробиологиялық түзілуі В12К немесе организмдегі биологиялық түзілу С витамині арқылы пайда болады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет