Сабақ мақсаты: Азықтардың химиялық және қоректілік сипаттамаларымен танысу Сабақ мазмұны



бет1/7
Дата05.09.2020
өлшемі0,66 Mb.
#77341
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1 сабақ


Зертханалық сабақ 1

Тақырыбы: Азықтың химиялық кұрамы мал азығы қоректілігінің алғашқы көрсеткіші
Сабақ мақсаты: Азықтардың химиялық және қоректілік сипаттамаларымен танысу
Сабақ мазмұны:

  1. Азықтың қоректілігі, қоректілікке түсініктеме

  2. Құрғақ зат

  3. Ақуыз (Белок)

  4. Жануар тектес азықтар

  5. Көмірсулар

  6. Азотсыз шырынды заттар

  7. Май

  8. Минералдық заттар

  9. Дәрумендер

  10. Өсімдік тектес азықтар




  1. Азықтың қоректілігі, қоректілікке түсініктеме

Азық құрамындағы 70- тарта заттар мен қосындылардың мал организмі үшін қажет екендігі дәлелденіп отыр. Олардың кейбіреулерінің қоректену барысындағы қызметін басқа қосындылар атқара алмайды, сондықтан олар азықтандырудың ауыстыруға болмайтын факторына жатады. Мысалы, ауыстыруға болмайтын амин қышқылдары организмге қажетті мөлшерде жеткізіліп тұруы қажет.

Азықтың қоректілігі оның құрамындағы кездесетін жұғымды заттардың мөлшеріне байланысты болады. Мал мен құс азығының құрамына: алмасу қуаты, ақуыз (белок), май, минералдық заттар (макро- және микроэлементтер), көмірсулар, дәрумендер кіреді, немесе мал азығының қуаттық, ақуыздық, минералдық, дәрумендік жұғымдылықтары деп аталады.

Мал мен құс азықтарының жұғымдылығын бір ғана көрсеткіш бойынша бағалау мүмкін емес. Сондықтан да, қазіргі кезде және құс азықтары мен мерзімдік азық үлесінің жұғымдылығын құрамында қуаттық жұғымдылық, жемшөп пен мерзімдік азық үлесінің ақуздық, майлар, көмірсулар, минералдық заттар, дәрумендер сияқты көрсеткіштері бар кешенді бағалау әдісі қолдалынады.

Мал азығының қоректілігі соңғы кезде көбінесе, алмасу қуаты бойынша бағаланады. Алмасу қуаты мал ағзасына, олардың тіршілік етуіне, алатын өніміне қажетті үрдіс. Алмасу қуаты тікелей баланстық зерттеумен немесе жанама әдістермен есептелінеді.

Қазіргі кезде көбінесе, сұлылық және қуаттылық азық өлшемі немесе алмасу қуаты МДж қолданылады. Біз дайындаған Анықтамалық оқулығында көрсеткіштер алмасу қуатымен (МДж) келтірілген.

Бір қуаттылық азық өлшемі (ҚАӨ) = 10 МДж алмасу қуатына тең болады. 1 МегаДжоуль =1млн Джоуль; 1 Дж = 0,2388 ккал. Ал, 1 кал =4,1868 Дж.

Алмасу қуаты бойынша малдың қуатқа қажеттілігін есептеген кезде, оның қорытылуына және алмасуына байланысты шығыстары есептелінеді. Қуат алмасу сызбасы төменде көрсетілген.

Сұлылық азық өлшемі әдістемелік тұрғыда жетілдірілмегендігіне байланысты, қазіргі кезде қолданылудан қалып бара жатыр.



Ал, МДж-қуаттық (қуаттылық) бірлік қазіргі кезде азық қорын санау және экономист мамандарға азықтың салмақ өнімі құрамындағы МДж қуатын есептеу үшін керек. Кейбір азықтардың құрамындағы су 75-80%-ға дейін жетеді. Азық құрамында су көп болса оның қоректік құнарлығы кем болады.

  1. Құрғақ зат

Мал мен құс азықтарындағы құрғақ зат. Малға және құсқа берілетін азықты мөлшерлеуде маңызды көрсеткіштердің бірі-

Сызба 1 - Қуат алмасу сызбасы


мерзімдік азық үлесіндегі құрғақ заттың ең қолайлы деңгейін белгілеп алу болып табылады. Өйткені малды қуатты пен қоректік заттарға деген қажеттілігін қамтамасыз ету осыған байланысты.

Мерзімдік азық үлесіндегі құрғақ заттың қорытылу деңгейі төмен болған сайын мал, әсірісе, мол өнімді мал, оны аз жейді. Мол өнімді мал, мерзімдік азық үлесіндегі 1 кг құрғақ затқа шаққанда, азықтағы қуаттың мейлінше мол шоғырлануын қажет етеді.



  1. Ақуыз (Белок)

Ақуыз (Белок) – мал азығындағы қоректік заттардың ең бастысы. Оның құрамына: оттегі, сутегі, көміртегі, міндетті түрде азот, үнемі дерлік күкірт және кейде фосфор кіреді. Протеинде орта есеппен 16% азот бар дегенді еске ала отырып, мал және құс азығындағы шикі протеин құрамындағы азот мөлшерін 6,25 коэффициентіне көбейту арқылы анықтайды. Ақуыз малдың тіршілігіне, жас малдың өсуіне, ірі малдың ет құруына, сүтінің артуына қажет. Оның жетімсіздігін басқа қоректік заттардың ешқайсысы алмастыра алмайды. Ақуыз барлық азықтардың құрамына кіреді деуге болады. Азықтарда оның мөлшері түрліше болады. Ал малға азық бергенде ақуздың организмге сіңірілген мөлшері ғана қорытылған протеин мөлшері болып есепке алынады.

Малдың протеинге қажеттілігін, жалпы протеин көлемін бұрынғыдай шикі протеинмен қоса есептеп, қосымша ыдырайтын (ЫП) және ыдырамайтын (ЫРП) протеинді, оның бөлшектерімен қорытылатын протеинді және құрамындағы аминқышқылдарында есептеген дұрыс. Орта есеппен ыдырайтын және ыдырамайтын бөлшектердің қатынасы 60-70:30-40 болуы керек. Протеин құрамында жалпы азоты бар органикалық заттар кіреді. Күрделі ақуыздар және өнім бөлшектері, қарапайым амидтер, амин тұздары, нитрит және нитраттар жатады.

Аминқышқылдары көбінесе ақуыздың құрамына кіреді, бірақ олар бос түрлерінде азықтың құрамында болады. Ақуыздың негізгі атқаратын жұмысы мал денесінің құрылыс материалы болғандықтан, торша мен ұлпаның жаңаланып тұруын реттейді. Осыған байланысты күйіс қайтармайтын малды азықтандырғанда, әсіресе ақуыздың мөлшерін ескеру керек.

Азықтың құрамындағы ақуыздар өзінің еру қабілеті бойынша қарапайым және күрделі болып екі түрге бөлінеді.

Қарапайым ақуыздарға: альбуминдер, проламин, глютамин, протамин және склеропротеин жатады.

Күрделі протеиндер құрамында қарапайым ақуыз бен қосымша қосылған түрлі қызмет атқаратын азотсыз заттар бар. Құрамындағы қоспаларға байланысты олар: глюкопротеиндер, липопротеиндер, нуклеопротеидтер, хромопротеидтер және басқа заттарға бөлінеді. Бұл заттар жалпы азықтың құрамында күнжара мен зығырда 3045%, бұршақ тұқымдас дәндерде 25-30% және пішенде 12-15%, тамыртүйнекті жемістілерде 0,5-1,0% болады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет