Өсімдік тектес азықтар
Өсімдік тектес азықтарда орта есеппен 5%-ға дейін шикі күл, кейбір шөлейт жерде өскен өсімдіктерде 10%-ға дейін болады. Өсімдіктің дәніне, тамырына қарағанда сабағы мен жапырағында күл екі есе көп болады. Жалпы күлдің мөлшері, минералдық заттардың мөлшері қосымша кестелерде келтірілген (2-сызба).
Азықтың органикалық бөлігіне азотты, азотсыз заттар, дәрумендер, гармондар және басқа биологиялық заттар кіреді. Олардың азық құрамындағы мөлшері қосымша кестелерде келтірілген. Малды, азықтандырған кезде тағы да көңіл бөлетін жағдай ол толыққұнды рационды құру.
Достарыңызбен бөлісу: |