Сабақ мақсаты: Азықтардың химиялық және қоректілік сипаттамаларымен танысу Сабақ мазмұны



бет3/7
Дата05.09.2020
өлшемі0,66 Mb.
#77341
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1 сабақ

Көмірсулар

Көмірсулар бірқантты – глюкоза, фруктоза, галактоза, манноза, рибоза, ксилоза, арабиноза; екіқантты – сахароза, мальтоза, лактоза, целлобиоза; үшқантты – рафиноза, көпқантты – крахмал, целлюлоза (жасұнық), декстрин, инулин, екі гликоген, пектиндік заттар, гемицеллюлоза, тағы да басқа болып бөлінеді.

Көмірсулардың қуат қоры ретінде – крахмал, сахароза, глюкоза, мальтоза, фруктоза тағы басқа; құрылыс материалдары ретінде – лактоза, манноза, галактоза, рафиноза, рибоза қолданылады. Лактоза – сүттің құрамында, манноза – арпамен, бидайдың дәнінде, ашытқыда, қылқан жапырақта; галактоза – тамыртүйнектер мен жемістерде, күнжарада, зығыр дәнінде; рафиноза – қант қызылшасында, қара бидай, бидай дәнінде көп болады.

Малдың асқазанында қорытылу кезінде бір, екіқантты және көп қанттының ішінен – крахмал тез қорытылады, ал – көпқанттының крахмалдан басқа түрлері қиын қорытылады.

Көмірсулар шикі жасұныққа және азотсыз шырынды заттарға (АШЗ) бөлінеді.

Шикі жасұнықтың құрамына целлюлоза, гемицеллюлоза және инкрустік заттар: лигнин, кутин, суберин кіреді. Шикі жасұнық нейтралдық – детергендірген (НДК) және қышқыл детергендірген (КДК) болып бөлінеді. Азықтың құрамындағы мөлшері азықтың түріне, дайындалған өсімдіктің өсу, даму кезіне, дайындау және сақтау технологиясына байланысты болады.

Көп жағдайда ірі азықта: пішенде 20-30%, сабанда 35-40%, сұлы, арпа дәнінде 10-12%, көк шөпте 5-13%, ал тамыртүйнек жемістерде 0,5-1,4% аз мөлшерде кездеседі. Шикі жасұнықтың мөлшері азық құнарлығының төмен екендігін білдіреді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет