Азотсыз шырынды заттар
Азотсыз шырынды зат (АШЗ) тарға – крахмал, қант, кейбір қышқылдар, инулин, пектин жатады.
Крахмал өсімдіктің құрамында қоры ретінде көп мөлшерде дәнде, жеміс, тамыртүйнектердің тамырында 60-70%-ға дейін, ал аз түрде жапырақта, өсімдік сабағында 2%-ға дейін болады. Көбінесе малдың денесінде крахмалға ұқсас гликоген қор ретінде пайда болады.
Азықтың құрамында қант – көбінесе жүзім қанты, фруктоза, манноза және күрделі қант түрінде кездеседі: қызылшада 18%, сәбізде 16% жас астықтұқымдас шөптің құрамында 13%, пішенде 1,5-8%-ға дейін болады. Лактоза – малдың сүтіндегі қанттың бір түрі.
Май
Азотсыз заттардың құрамына майлар жатады. Майдың құрамы глицеринмен май қышқылдарының тұзы, бір тектес май қышқылы болса, қарапайым боп саналады, күрделісінде әр түрлі болады.
Күрделі майлардың құнарлылығы, үйлесімдігі және басқа көрсеткіштері құрамындағы май қышқылдарына байланысты. Май қышқылдары толтырылған (стеарин, пальмитин, май, каприн, миристин, тағыда басқа) және толықтырылмаған (олеин, линол, линолен және арахидон) май қышқылы болып бөлінеді.
Май азық құрамында әртүрлі мөлшерде болады: бидайдың, қара бидайдың дәнінде – 1,2%; жүгері, сұлы дәнінде – 5-6%, өте көп өсімдіктерде: зығыр, күнбағыс, қытай бұршақ, рапста 30-40%-ға дейін. Өсімдіктің сабағында, жапырағында, тамыртүйнекті жемістердің тамырында өте аз: дәнмен, тұқымда көбірек, көк шөпте, сүрлемде, пішенде 1,2% дейін болады. Малдың жасына, тұқымына, күйіне байланысты денесінде 3-50%-ға дейін май болады.
Май көбінесе қуат үшін пайдаланылады. Малдың денесінде май қоры көмірсулар мен ақуыздан синтезделеді, бірақ олардың өзінің химиялық, физикалық көрсеткіштері малда ұқсас болады.
2-сызба. Зоотехникалық азықтың зерттеу сызбасы
Достарыңызбен бөлісу: |