|
|
|
|
Сынып:8
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Күні :
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Бөлім/тақырып
|
Қорқыттың нақыл сөздері
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
|
8.1.4.1 Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану.
8.3.2.1 Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдыққа баға беру;
|
Сабақ мақсаты:
|
Барлық оқушылар орындай алады:
Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолданады.
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Қоркыттың нақыл сөздеріндегі құндылықтарды түсіндіреді.
|
Кейбір оқушылар орындай алады:
Көркем шығармалардан алынған үзінділердің өзіндік ерекшеліктерін дәлелдейді.
|
Бағалау критерий
|
Көркем шығармадағы түйінді ойға өз көзқарасы бойынша дәлел ұсынады.
Қоркыттың нақыл сөздеріндегі құндылықтарды түсіндіреді.
Көркем шығарманың өзіндік ерекшеліктерін дәлелдейді.
|
Тілдік мақсат:
|
Оқушылар орындай алады:
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Баят, оғыздардың, әзелде жазылмаса, әулие, т.б.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Не себепті Қорқыттың нақыл сөздері бүгінгі күнге дейін құнын жоғалтпаған?
Қорқыттың нақыл сөздері арқылы болашақ жастарға қандай тәрбие береміз?
|
Құндылыққа баулу:
|
Тарихи, мәдени құндылықтарды бойына сіңіріп, қадірлеп қастерлеуге баулу. Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқаулық бойынша толық орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады.
|
Пәнаралық байланыс
|
Тарих, ән-күй, қазақ тілі.
|
Алдыңғы оқу
|
«Қорқыт баба» жыры. Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып,үзінділерді жатқа айтуды біледі, өз қарастарын білдіре алады.
|
|