Сабақ мақсаты: Білімділігі



Дата08.09.2017
өлшемі35,02 Kb.
#30125
түріСабақ
Сабақ тақырыбы: Сөздер мен дыбыстар.

Лексикалық тақырып: Менің отбасым



Сабақ мақсаты:

Білімділігі:Сөз, дыбыс туралы ұғымдарын түсіндіру. Сөздің дыбыстан құралатыныі, дыбыстың дауысты, дауыссыз болып бөлінетіні жайлы түсінік беру. Отбасы мүшелері туралы жаңа сөздерді еңгізіп, отбасы мүшелерін атау, сұрақ-жауап арқылы сұхбатқа (диалогқа) үйрету.

Дамытушылығы:Оқушының есте сақтау қабілетін жетілдіру, сөздік қорын, тіл байлығын, тілін дамыту.

Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу

Түзету мақсаты: Өз денесін бағдарлауға үйрету.

Көрнекілігі: кеспе әріптер, үлестірмелі суретттер

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушы назарын сабаққа аудару.



Сабақ мазмұны.

- Қағазды шытырлатамын да, оқушылардан не естідіңдер деп сұраймын.

- Дәл солай партаны қағамында не естігендерін сұрау.

- Дұрыс, сендер дыбыс естідіндер, бірақ бұл дыбыстар бір келкі емес.

- Дыбыстар әр түрлі болады.Мысалы: А-А- десек? Оны созып айтуға болады, дауысымыз еркін шығады. Ал енді бір дыбыстардың айтылуы қысқа. Мысалы: Д дыбысы. Қане осы екі дыбысты айтып көрейік. Айырмашылығы қандай? Бұл дыбыстарды жеке-жеке айтсақ, ол дыбыс. Ал енді осы дыбыстардан сөз құрайық.

Көрген ойыншықтардың аттарын, заттарды ата.

- Сөз бір нәрсе туралы ұғымды білдіреді. Қуыршақ бұл ойыншықты білдіреді. Сөз дыбыстан құралады. Дыбыстар дауысты және дауыссыз болып бөлінеді.

Дауысты дыбыстар әндетіліп, созылып айтылады. Балалар, дыбыстар кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз. Дауыссыз дыбыстарда үн болмайды немесе аз болады.

Сюжетті сурет арқылы сұрау:

- Сәби қалай жылайды? А-А-А-А-А-

- Поезд қалай уілдейді? У-У-У-У-У-

- Қасқыр қалай ұлыйды? Ұ-Ұ-Ұ-Ұ-Ұ-

- Есек қалай ақырады?Иа-Иа-Иа-Иа-Иа-

(Дауысты дыбыстарды созып, дем шығару кезіңде айтқызу)



«Қоңыр қошақан» ертегісін оқып беремін.

(Дыбыс ұғымын түсіндіру мақсатында)

Ертегіні оқып болғаннан кейін келесі сұрақтар қойылады

- Жел соққанда қандай дыбыс естіледі?

- Желмен шайқалған ағаш жапырақтарының дыбысы қандай?

- Маса қалай ызыңдайды?

- Жылан қалай ысылдайды?

- Ара қалай ыжылдайды?

- Қошақан қалай маңырайды?



«Мынау кім?» дидактикалық ойыннан бастау.

- Үйден әкелінген суреттері мен өз отбасы туралы әңгімелейді.

- Атың кім?

- Сенің аған бар ма? (диалогты сұрақтар қою)

- Сенің әпкен бар ма?

- Нешінші сыныпта оқиды?

Мен тақпақ оқимын сендер кім туралы айтып беріндер.

«Отбасы», «Ана» туралы тақпақтар оқимын.



Біздің отбасымыз

Алақаны аялы,

Анам бар жаны саялы

Кешіре білгем кінәмдә,

Әкем бар менің шыдамды

Шалға тартқан шалғында!

Ағам бар менің алдымда

Жақсылыққа толғанған

Інім бар менің артымнан

-Тақпақ кімдер туралы?



Дидактикалық ойын: «Кім қайда орналасқан?»

Әке, ата сөздерінің әр дыбысына сөздер ойландар

Мысалы:

Ә-әтеш, әже



К-көбелек, кәмпит

Е-ешкі, етік

Аталған сөздерді буынға бөліп сөйлем құрастырыңдар.

Әке, ата, әже, аға, шеше, әпке сөздерінің бірінші және соңғы дыбыстарын қандай дыбыс екенің айтқызу.



Қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған жаттығу.

«Қоңырауша» жаттығуы.

Бала 30-60 секунд көлемінде екі қолының ұшымен сілкілейді.



- Әжең үйде қандай қөмек крсетеді?

- Анаң үйде қандай шаруамен айналысады?

- Өзің үйде қандай шаруамен айналысасың?

Өз денесін бағдарлау



Сол қолыңды көтер. Он аяқпен тұр. Он көзіңді жұм.

Қорытындылау.
Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет