Тыныштық сәтi: «Орманға ойша серуен»
(Ескерту: егер бұл сабақ ашық алаңда өткізілсе, онда серуенді сыныпта емес, бақтағы бір орыннан бастауға тыныштық керек).
Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желді және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).
Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!
Бақытты бол, жан досым!
Қорытынды: Біз өз бойымыздағы жағымды қасиеттерімізді, ізгі ниеттерімізді дамыту барысында өзімізді тәрбиелей аламыз.
Интерактивті тақта
Презентация
PowerPoint
Музыка
7.Үй тапсырмасы.
№ 24-25 сабақ 87 беттегі Абайдың «он жетінші қара сөзін» оқып, мағынасын эссе түрінде жазып келу.
Интерактивті тақта
Презентация
PowerPoint
8.Соңғы тыныштық сәтi. Сергіту сәт.
«Айна» тренингі
Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату
Мазмұны: Жүргізушінің нұсқауымен сыныптағы екі оқушы тақтаға шығады. Олардың біреуі отырғандарға қарсы тұрады, екіншісі артқы жағымен тұрады, сонда екі қатысушы бір-бірлеріне қарсы тұрады. Әрі қарай жүргізушінің ымдауымен сыныптағы бір оқушы келіп жаңағы артымен тұрған оқушының артқы жағына келіп тұрады, ал бері қарап тұрған қатысушы соңғы келген оқушының бойындағы қасиеттерін, қабілеттерін айтып, екінші қатысушыға жасырады (мұнда түр-келбетін, екінші есімін, оқу үлгерімін айтуға болмайды). Екінші оқушы артындағы оқушыны 3 мүмкіндік бойынша табуы керек. Осындай бағытпен сыныптағы оқушылардың көпшілігі тренингке қатысып шығуы керек.
Көзімізді жұмып, баяу әуен толқынымен сүйіспеншілік пен мейірімділікті үйлестіре отырып, жүрегімізден өткізейік. Енді көздеріңізді ашыңыздар, жұмыстарыңыз үшін рахмет! Сабақ аяқталды.Сау болыңдар!