Тапсырма
Мәтінді оқып, тапсырманы орындаңдар.
Арал теңізі
Арал теңізі - Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан ірі көл. Теңіз 20 ғасырда ауданы жағынан әлемде 4 орында болған, 1960 жылдан бастап теңіздің суы азайып келеді. 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды (Шардара). Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр. Арал теңізін қалпына келтіріп жандандыру жөніндегі бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар:Сібір өзендерін Қазақстанға бұру, Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту, Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу, жерасты суларын пайдалану, Арал теңізінің өздігінен табиғи ретттеулерін немесе толысуын күту.
1-тапсырма.Мәтін бойынша Арал теңізінің су мөлшерінің азаю себебін анықтаңдар?
2-тапсырма. Арал теңізінің құрғап қалуының тіршілікке қалай әсер ететіндігін түсіндіріңіз.
3-тапсырма.Арал теңізін қалпына келтіру туралы өз ойыңызды ұсыныңыз.
Дескриптор
Дескриптор: - Арал теңізінің су мөлшеріңің азаю себебін анықтайды.
- Арал теңізінің құрғап қалуының тіршілікке қалай әсер ететіндігін түсіндіреді.
- Арал теңізін қалпына келтіру туралы өз ойларын ұсынады.