Сабақ мақсаты: Оқушылардың адам жанының сұлулығы туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу



Дата06.07.2018
өлшемі60,5 Kb.
#47897
түріСабақ
Кеулімжай Шаттық «Өзін-өзі тану» пәнінің мұгалімі Абай ауылы №90 орта мектебі Қазалы ауданы , Қызылорда облысы

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары Тақырыбы: Адамның жан сұлулығы Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттері: мейірімділік, қамқорлық,сабырлылық, ізгілік, әдептілік.

5-сынып, №4 сабақ

Сабақ мақсаты: Оқушылардың адам жанының сұлулығы туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділігі: Оқушыларға адамның жан сұлулығының маңызын түсіндіру арқылы мейірімділік қасиетін ұғындыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың бойына өмір құндылықтарын сіңіре отырып,адам жанының сұлулығын көрсететін әдептілік пен ізгілік қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды жан сұлулығына жеткізетін әдептілік, ізгілік, сыйластық,мейірімділік қасиеттеріне тәрбиелеу.


Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)


Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. 5 Т ережесі

Тәртіп, талап, тыныштық , тазалық, татулық.

1 Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»

Алған әсерлерін сұрау.



2 Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген «Сұлулық сыры»әңгімесі.

Авторы А. Л.Бжиска

-Бейбіттің өз өміріне риза болмау себебі неде?

-Бейбіт Мақсұт ағайының берген ақылынан қандай ой түйді?

-Адам өмірде өзін-өзі бағалай білу үшін бойында қандай қасиеттер болу

керек?

- Адамдардың қарым-қатынасынан, іс-әрекетінен ішкі дүниесінің сұлулығын қалай байқауға болады?



-Сендер әдемілік, сұлулық деген сөздердің мағынасын қалай түсінесіңдер?


Ескерту

Дәйексөз. «Сыртқы сұлулығың толы болу үшін-ішкі сұлулығың жандануы керек» Виктор Гюго

Дәйексөзді ұлдарға бір рет, қыздарға бір рет қайталата оқыту

.Дәптерге жаздыру.

-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесің?

Оқушылар жауабын толықтыру.


  1. -Адам бойында адалдық, мейірімділік, сезімталдық, сыйластық сияқты адамгершілік қасиеттер болса, ол адамның сыртқы сұлулығы да толық болады. Айналасындағы көпшілікті баурап алатын, жүректің жылуын, шапағат нұрын төге білетін адамның ішкі және сыртқы сұлулығы нәзіктік, сезімталдық, мейірімділікке байланысты болады.







  1. Оқиғаларды әңгiмелеу


Арман тау. С. Қабибекқызы.

Ертеде бір үйдің екі қызы болыпты. Бірінің аты Айдан, екіншісінің аты Нұрдан екен.Екеуінің ақылды, сабырлы, көркем мінезді балалар екенін бүкіл ауыл біледі екен. Олар үнемі ақсақалдардан, өздерінің әке-шешелерінен көп адам бара алмайтын бір тау бар екенін, оның ең биігінде жалғыз гүл өсетінін естиді. Осы гүлді кімде-кім аналарына сыйласа, сол баланың анасы дүниедегі ең бақытты адам болып, барша тілектері орындалады екен. Адамдар бұл туралы қаншама естіп жүрсе де, алыс тауды іздеп шығуға тәуекелдері бармайды.

Ал, аналарының барлық ізгі тілектері орындалып,бақытты болғанын қалаған Айдан мен Нұрдан тауды іздеуге шығады. Бұлардың алыс тауға қасиетті гүлді іздеп кеткенін бүкіл ауыл естиді.

Кейбіреулері аман-есен келетініне сенбесе, кейбіреулері үлкен үмітпен күтіп жүреді. Екі бала алыс-алыс жол жүреді, қатты шөлдейді, қарындары ашады, шаршайды. Бірақ соған қарамай таудың биігіне шығып, Гүлді де табады. Кез-келген жерде өспейтін таңғажайып гүлді ауылдарына әкеліп, аналарына сыйлайды. Ауыл түгел жиналып, таңғажайып гүлді көздерімен көріп қуанады. Ақсақалдар «Енді ауылымыз көркейеді» деп балаларға алғыс айтады. «Алыс тауға баратын жол салынды» деп жар салады.

Айдан мен Нұрданның тек қана жақсылық пен игілік ойлайтын анасының бұрын армандаған барлық тілектері орындала береді, орындала береді. Жаңбыр жаумай қиналған ауылға қайта –қайта жаңбыр жауады, жер көгереді, егін өседі. Ауыл балаларының ішіндегі ақылдылары «алыстағы тауға барып, таңғажайып гүлді» әкеліп аналарының, елдің ықыласына бөленіп жатады. Ал, біреулері шаршап, шалдығып орта жолдан қайтып келеді. Сөйтіп, бұл ауыл керемет шаһарға айналады. «Алыстағы тау мен гүл» Арман тау мен Арман-гүл болып ауыздан-ауызға, елден-елге тарайды. Айдан мен Нұрданның есімдерін халық қадір тұтып, өз

балаларына үлгі қылады.

Сұрақтар: -Айдан мен Нұрдан неліктен осындай әрекетке барды? -Осы әңгіме мазмұны бойынша қандай ой түйер едіңдер? -Жан сұлулығы дегенді қалай түсінесің? -Жаны сұлу адамдардың бойында қандай қасиеттер болады? -Айдан мен Нұрданның бойындағы қандай жақсы қасиеттерді өз бойыңа алар едіңдер?





  1. Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.

Ойын түрінде өткізу

1-топ:

« Жансыз жүректі жандандыру»Түрлі –түсті қағаздан қиылған жүрекшелерге«Ішкі сұлулық» сөзін ің қасиеттерін туындатып, жансыз жүрекке апарып ілу.

2-топ:

з«Сұлулық тамшысы» Тамшыға «Сыртқы сұлулық» сөзінің қасиеттерін туындатып, бұлтқа ілу.



3-топ :

«Көбелекті гүлге қондыр» ойыны. Тақтаға ілінген гүл суреттерінің жапырағына өлең немесе мақалдың бір қатарын жазып қою. Оқушылар берілген өлең немесе мақалдардың ұйқасын қолдарындағы көбелектің қанатына жазып, сәйкес сөздер жазылған көбелектерді гүлге қондыру.

1. «Сұлулық бар жерде

..(Ұлылық бар).......................................


2. Күн шуағынан тараған

...(Сұлулыққа толы айналам)......................................


3.Адамдарға мейіріммен қараған,

..(Сұлулығы жүректен тараған)....................................................


4.Өзіңді –өзің өзгерту-

.(Жақсылыққа жете білу).......................................







  1. Топпен ән айту:


Бақытты балалық шақ

Сөзі Ж. Тұрбековтікі,

Әні Ә. Есбаевтікі

Жарастықпен жайнатып өмір көркін,

Гүл бақшада сайрандап өскен еркін,

Шат көңілді бақытты ел ұланымыз,

Келешекте ұлы істі меңгеретін.(2 рет)
Отанымыз әлпештеп анадайын,

Құшақтайды аялап сағат сайын

Зәулім мектеп, кең сарай, түрлі алаң,

Не керектің біз үшін бәрі дайын.(2 рет)


Білім шыңын өрлейміз басып алға,

Қиындық жоқ, бөгеліс жолымызда.

Саланатпен сап түзеп, ән шырқаймыз,

Көк туымыз желбіреп қолымызда.(2 рет)









5.Үйге тапсырма:.

Оқулықтың 35 бетіндегі Л.Воронкованың «Қуаныш» тақырыбын үйден оқып келу.

Дәптермен жұмыс. «Жан сұлулығы» туралы берілген 1,2,3 тапсырмаларды орындап келу.





6.Сабақтың қорытынды сәтi.

Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық.Қандай жан тыныштығы.! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады.Сабағымыз аяқталды, сау болыңдар!








Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет