Сабақ мақсаты: оқушылардың физиологиялық дамуы жайлы мәліметтер беру Сабақ жоспары


Физиологияның дамуы, салалары, процесс



бет2/64
Дата26.02.2023
өлшемі161,56 Kb.
#170160
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
ok. fiz. damu - darister

2. Физиологияның дамуы, салалары, процесс
Физиологиясының дамуы ерте уақыттан басталады. Көне медицина оқымыстыларының ішіндегі ең белгілісі Гиппократ, ал феодализм дәуірінде- Европада Авиценна деп атаған атақты тәжік дәрігері әрі философы Абу-Али Ибн-Сина. Оның «Дәрігерлік ғылымның ережелері деген кітабы көптеген европалық және шығыс тілдеріне талай рет аударылған.
Балалар мен жасөспірімдердің отандық гигиенасы көне замандағы «Владимир Мономахтың, балаларға нақылы» (XI ғ.), Епифаний Славинецкийдің «Балалар әдеттерінің азаматтығы» (XVII ғ.) Феофан Прокоповичтің «Жастыктың адал айнасы немесе күнелтіс жүрістерінің көрсеткіші» (XIII ғ.) сияқты ескерткіштермен тамырлас.
Россиядағы балалар мен жасөспірімдер гигиенасының негізгі проблемаларын эксперименттік жолмен шешу, сол сияқты арнаулы құралдар басып шығару тек Петербург дәрігерлік хирургиялық академиясында гигиена кафедрасы ашылған соң (1871) ғана мүмкін болды. Кафедраны А. П. Доброславин (1842—1889) басқарды.
Мектеп гигиенасы жөнінде бірінші ғылыми орталық- мектептік-гигиеналык комиссия- Россияда 1875 жылы Әскери-оқу мекемелерінің педагогикалық, музейінде пайда болды.
Балалар мен жасөспірімдердің физиологиясы және гигиенасын дамытуда И.М. Сеченов пен И.П. Павловтың зерттеулері мен ашкан жаңалықтарының маңызы зор. Біздің республикамызда тірі организмдердің анатомиялық құрылысын зерттеуде Ф.М.Мұхаметқалиев, А.Р.Рақышев үлес қосқан. Қазақстан физиология ғылымының қалыптасуы 1938 жылдан басталады. Оған Полосухин А.П. Алматыға 1944 жылы келуі себеп болады. Полосухин қан мен лимфа айналысының реттелуі мен оларға байланысты вегетативтік қызметтер бағытын жұмыс жасады. А.М.Бекетаев, І.М.Бірімжанова, Л.Е.Бөлекбаева, Қ.Қ.Сәтбаева, Н.О.Базанованың шәкірттері Қ.Д.Дүйсембин,О.Т.Измайлов, З.Қ.Қожабеков, К.Т.Ташенов ағзаның ас қорыту ерекшеліктерін қарастырған. Б.А.Атшабаров, А.П.Алдашев, Т.Ш.Шарманов, Т.А.Құлқыбаев, Б.А.Әбеуов. Нейрофизиология- Рымжанов, Тілеулин, Төлеуханов.
Педагог кадрлар даярлау жүйесінде оқу сабағы ретінде мектеп гигиенасы 30-жылдарда бастап енгізілді. Болашақ педагогтарға арналған бірінші оқулық «Мектеп гигиенасының» (1934) авторы С.Е. Советовтың (1896-1967) бұл жұмыстағы еңбегі аса зор. Мектеп гигиенасы бойынша алғашкы басылымдар белорус материалдарына жазылып, жекелеген мақалалар түрінде тек XX ғасырдың басында жарыққа шықты. 18-19 ғасырда орыс гигиенист дәрігерлері М.Я.Мудров, А.П.Добролавин, Ф.Ф.Эрисман қосқан үлестері ерекше.
Анатомия мен физиология ғылымдары ерте заманнан бастап дамығанымен балалардың дене құрылысы мен мүшелердің қызмет ерекшеліктерін зерттеу кейінірек 18-19 ғасырларда басталған. Н.Ф.Филатов, П.Ф.Лесгафт, А.Н.Северцов, П.П.Павлов, К.Д.Ушинский, П.П.Блонский, П.К.Анохин. Алғаш рет А.Н.Северцов (1939), Анохин (1949) системогенез туралы ілімнің мүшелер мен мүшелер жүйелерінің гетерохронды (гетерос-әртүрлі, хронос- уақыт) түрде болу негізінің жасқа байланысты физиологияның дамуына ықпал еткен. Анохиннің пікірінше- бала организмінің алғаш рет түрлі кезеңдерде дамуы оның құрылымының бір-біріне уақытша байланысты өзгеруі арқылы жетілетіндігін байқатады. Функциялық жүйелердің әр уақытта пайда болуы мен әртүрлі дамуы ең алдымен дененің бейімделу қасиеттерін негіздейді. Бұл онтогенездің түрлі кезеңдерінде көптеген жағдайлардың әсер етуінен пайда болады. Маркосян А.А. 1969 жылы биологиялық жүйелердің бірлікті тірі организмдердің қасиеттеріне негізделген жекеленіп дамудың жалпы заңдылығы екенін тапқан.
1975 жылы С.М.Громбах тапқан мүшелер мен жүйелердің қызметі әртүрлі. Осы жылдары 12 жасқа дейінгі балалардың дене құрылысы мен функциялық ерекшеліктері көп зерттелді. 60-80 жасқа байланысты адам денесінің құрылысымен қызметін көп зерттеді.
60-80 жылдар ортасында бастауыш, орта мектептерде жүргізілген бақылау мектеп гигиенасының қалыптасу дәуірі болып саналады. Тәрбиелеу нәтижесінде балалардың денесінің дамуы, жақыннан көру қабілеті, сыныптан сыныпқа көшкен сайын үдеп, көбейе түсетін көрсетілді. Мектеп гигиенасы нағыз дамыған мерзімі ХХ ғасырдың 70-90 жылдары. Бұл кезде балалардың өсуі, дамуы тікелей денсаулыққа байланысты. Бала өсуі, дамуы Маркосян А.А., Никитин Б.Н., балалар жүйкесінің жас ерекшеліктеріне байланысты.
Физиологияның негізгі бөлімдері. Физиология өзінің ғылыми бағытына қарай жалпы, жеке және қолданбалы болып жіктеледі.
Физиология жеке дамитын бірнеше салаларға бөлінеді: жалпы, салыстырмалы, эволюциялық, жас, арнаулы, экологиялық.
Адам, жануар анатомиясы, физиологиясы, жалпы гигиена, медициналық гигиена, биохимия, биофизика, психология, педагогика ғылымдарымен байланысты. Физиология организмдердің тіршілігін, барлық мүшелер, клеткалық қызметін зерттейді, функцияларын реттеу жолдарын анықталады.
Педагогика жүйке жүйесінің әрекетінің заңдарына сүйене отырып, оқу- тәрбие жұмыстарын ғылыми негізде іске асырады. Өз кезегінде физиология медицина мен ветеринарияның арнаулы салаларының негізі болып саналады.
Қазіргі кездегі физиология, басқа да ғылымдардың жетістіктерін кеңінен пайдаланып, медицина салаларының дамуына ықпалын тигізуде. Осы кездегі физиологиялық зерттеу жұмыстарында ғылым мен техниканың жетістіктерін, кибернетика, информатика, радиоэлектроника жаңалықтарын, есептеуші машиналарды, телеметрияны, т.б. кеңінен қолданады.
Физиологиялық процесс дегеніміз тірі организмде жаңа сапалы мазмұнға ие болған физикалық және химиялық өзгерістердің күрделі түрлерінің жиынтығы (асқорыту, тыныс алу, бөлу). Ал физиологиялық функция- тұтас организм немесе оның жеке торшаларының, ұлпаларының, мүшелерінің тіршілік әрекеті, қызметі. Организмнің басты қызметі зат алмасу болып табылады. Зат алмасумен өсу, даму, көбею, қоректену, қимылдау физиологиялық қызметтер тығыз байланысты. Тірі организмге оны өлі табиғаттан ерекшелендіретін бірнеше қасиет тән болады.

  1. Зат пен энергия алмасуы. Барлық тірі организм қоршаған ортамен затпен және энергиямен алмасып отырады. Олар сыртқы ортадан зат пен энергияны қабылдап, оларды түрлендіріп, пайдаланып, биосфераға ыдырау өнімдері мен жылу түрінде түрленген энергия бөліп отырады. Зат алмасудың нәтижесінде организм құрылымдарының химиялық құрамының тұрақтылығы, құрылысының күрделі реттілігі сақталып, тіршілік әрекеттері қамтамасыз етіледі.

  2. Өрбіп-көбею. Тірі организмнің маңызды қасиеттерінің бірі өрбіп-көбею қабілеті. Осының нәтижесінде организм өзіне ұқсас, өзіне тән ұрпақ қалдырады, түр сақталады.

  3. Өсіп-даму. Организмнің немесе оның жеке мүшелерінің толысып қалыптасуы. Туғаннан бастап өлгенге (тіршілік тоқтағанға) дейін жеке дарақтарда байқалатын қайтарымсыз, белгілі заңдылықпен атқарылатын бір-бірімен тығыз байланысты мөлшерлік (өсу, үлкею, торшалар санының көбеюі, т.б.) және сапалық (жіктелу, жетілу, қартаю, т.с.с.) өзгерістер.

  4. Тітіркенгіштік - әр түрлі әсерлерге құрылымның өзінің физиологиялық күйін өзгертумен жауап беруі. Осының нәтижесінде тіршілік сақталады, өсу, даму, жетілу процестері жүреді.

  5. Өздігінен реттелу (автореттелу) - белгілі бір жүйенің өздігінен сапалы әрекет етуін қамтамасыз ететін тікелей және қайтарымды байланысқа негізделген басқару процесіндегі жүйелілік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет