Сабақ мақсаты: оқушылардың физиологиялық дамуы жайлы мәліметтер беру Сабақ жоспары



бет31/87
Дата01.05.2022
өлшемі216,16 Kb.
#141671
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   87
Байланысты:
okush. fiziol. damu - darister

1. Тірек-қимыл аппаратының маңызы
Адамның тірек-қимыл аппараты сүйектер мен еттерден, сіңірлер мен тарамыстардан тұрады. Кеңістікте қозғалып жүру, денені тік қалыпта ұстау, теңдікті сақтау қабілеттері адамның сүйек- ет жүйесінің қасиеттері мен қызметіне байланысты. Сүйек- ет жүйесіне, яғни тірек- қимыл аппаратына адамның қаңқасы мен бұлшық еттері жатады. Скелет 3 түрлі қызмет атқарады: тірек, қимыл, қорғаныш. Адам скелеті 206 сүйектен тұрады, олар сіңірлер, буындар арқылы байланысады. Скелеттің тірек- қимыл қызметі оған бекілген бұлшық еттермен байланысты болады. Бұлшықеттердің жиырылуынан сүйектер рычаг тәрізді қозғалу қызметін атқарады. Қорғаныш қызметін негізгі органдарды механикалық зақымданудан қорғау (миды бас сүйегі).
Олар бірімен бірі буын арқылы жалғасып, қозғалмалы келеді. Қаңқаға бұлшықеттер бекітілген. Ет пен сүйек адамның негізгі тірегі және оның қозғалуы, еңбек етуі сүйек-ет жүйесінің қызметі.
Тірек қызметі- скелеттің басқа барлық мүшелерді ұстап тұруынан, денеге белгілі қалып және пішін беруінен тұрады.
Қорғаныш қызметі- шеміршектен оған бекіген еттермен байланысқан сүйектер қуыс құрайды, онда тіршілік үшін маңызды мүшелер орналасады. Ал ет соққыдан, жағымсыз әсерлерден қорғайды. Мысалы: ми- баспен, жұлын- омыртқамен т.б.
Қимыл қызметі- негізі еттер жүйесі. Нерв импульстерінің әсерінен жиырыла отырып, олар сүйектерді қимылға келтіреді, бұл кезде өздері серіппеге айналады да, скелеттің пассивті элементтері болып қалады. Еттің негізгі қызметі- сүйектерді қозғалысқа келтіру.
Қан жасау қызметі- скелет қанның минералдық құрамын белгілі дәрежеде ұстайды, сүйектерде қан жасау қызметін қызыл май орындайды.
Скелеттің химиялық құрамы: адам өмірінің әр кезеңінде сүйектің химиялық құрамы әртүрлі. Ол жасына, қоректену сипатына, организмдегі зат алмасуға, ішкі секреция бездері мен бұлшық ет жұмысының қызметтік күйіне байланысты.
Сүйектің негізгі физиологиялық қасиеті- қаттылық пен серпінділік. Сүйектерге бейорганикалық заттар- Са, Р, Мg тздары қаттылық қасиет береді. Сүйекте қалыпты қызмет үшін 30 дан астам микроэлементтер бар- Al, F, Se, Zn, Cu, Ba. Сүйектің серпімділі оссеин және оссеомукоид сияқты органикалық заттарға байланысты.
Бейорганикалық заттар қышқылдарда ериді, ал органикалық заттар- жанады. Мысалы: сүйекті тұз, азот қышқылына салса- сүйек формасын сақтап, қаттылығынан айырылады, оңай иіледі. Сүйекті қыздырғанда органикалық заттары (оссеин) жанады минералды заттар қалады. Сүйек морт сыңғыш келеді. Сүйектің құрамы атқаратын қызметіне, адамның жасына қарай әртүрлі келеді. Салмақ көп түсетін сүйектерге бел омыртқасы, жамбас, аяқ сүйектері онда минерал заттары көп. Ересектерге қарағанда жас балаларда органикалық заттар көп. Ол скелеттің иілгіштігін қамтамасыз етеді. Бірақ дұрыс отырмағаннан сүйектің қисық болуы деформация әсерін тигізеді. Басталған қисаюлар өз кезегінде ішкі мүшелер жұмысына теріс әсер етеді. Сондықтан тірек-қимыл аппаратының қисаюын болдырмау үшін мектепте де, үйде де баланың дұрыс отыруын қадағалау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет