Сабақ мақсаты: оқушылардың физиологиялық дамуы жайлы мәліметтер беру Сабақ жоспары


Ұйқы және оған қойылатын гигиеналық талаптар



бет28/87
Дата01.05.2022
өлшемі216,16 Kb.
#141671
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   87
Байланысты:
okush. fiziol. damu - darister

5. Ұйқы және оған қойылатын гигиеналық талаптар.
Көптеген жылдар бойы нерв жүйесі бүкіл организм секілді ояу кезінде қажиды, сондықтан ұйқы кезінде өзінің жұмыс қабілетін қалпына келтіруі тиіс. Тежелу организмді шектен тыс қажудан сақтайды.Тежелудің негізгісі- ұйқы.
Ұйқы- мидың белсенді (әрекет) күйі, оның мұндай күйі ерекше ми системаларының жұмысына байланысты. Аралық мидың алдыңғы бөлігінде гипоталамуста орналасқан ми аймағы табиғиұйқының кілті. Ұйқы- терең, баяу, тез немесе парадоксальды фазалар. Баяу ұйқы кезеңінен соң тез ұйқы келеді. Бұл кезде адамды ояту қиын, демек ол терей ұйқыға айнала бастауы.Ояну белгілерінің бұлайша әдеттен тыс ұштасуы, ұйқының одан әрі тереңдеуіне байланысты тез ұйқы кезеңін парадоксальды (әдеттен тыс) ұйқы кезеңі деп атайды. Бұл ұйқы 15-20 мин. Созылып, баяу ұйқымен алмасады.
Түннің алғашқы жартысында баяу ұйқы басым, таңертең тез ұйқы кезеңінің аралығын едәуір ұзара бастайды. Тез ұйқы кезеңінде оятқан адам осы сәтте не көргенін айтып береді. Баяу ұйқы кезеңінде адам түс көрмейді. Ұйқының түрлері.
1. Тәуліктік- барлық жануарларға тән.
2. Маусымдық- кейбір сүтқоректі, құстарға тән.
3. Гипноздық- адамды сөзбен сендіру арқылы п.б.
4.Наркотикалық-химиялық заттарға байланысты болады (морфи, эфир, хлороформ).
5.Патологиялық-мидың әртүрлі жағдайларына байланысты өзгерістерінің нәтижесінде пайда болады.
Ұйқының рефлекториялық теориясын шығарған И.П.Павлов. Ұйқы –ішкі тежелу, ол ми қыртыстарының белгілі бір бөлімдерінде пайда болып, содан барлық ми қыртыстарына таралып, қыртыс асты бөлімге дейін жетеді деп түсінік берген И.П.Павлов.
Түс көру: Ұйқы кезінде ми жұмыс істейді. Түс көру- психикалық процестердің ұйқы кезіндегі активтілігінің дәлелі. Адам тез ұйқы кезінде түс көреді, демек түн бойына 1,5-2 сағ түс көреді. Түс көру кезінде адам көзі қимылдап, түс көрінісін анықтап қарағандай болады. Соқыр туған адамдардың көзі қозғалмайды.
Ғалымдар түс көрудің ролін мидың ұйқыдағы қалпын оянудан сақтау деген. Түс көру адамның қалыпт психикалық әрекетін сақтау үшін қажет, өйткені түс көру мүмкіндігінен айыоған адамдардың психикасы бұзылады.
Ұйқы гигиенасы. Балалардың ұйқы гигиеналық жағынан алғанда оның, ұзақтылық мөлшерінің маңызы зор. Ұйықтауға дайындалу ұйықтайтын бөлмені желдетуден, таза ауада серуендеуден басталады. Ұйқы алдында тіс тазалау, аяқты жылы сумен жуу, душқа түсу, жатуға ыңғайлы ішкиімдер кию қажет. Ұйықтайтын бөлме температурасы +11С аспауы қажет. Төсек орын жұмсақ та, өте қатты да болмауы керек, өйткені жылы орыннан дененің қысым түсетін жекелеген учаскелерінің қан айналымы бұзылып, бұдан ұйқыдағы адам жиі дөңбекшиді.
Балалар, жас өспірімдер жинамалы, торы өте иілгіш кереуетте ұйықтауға болмайды, омыртқалары қисық бітеді. Ұйықтағанда тік, оң бүйірімен, шалқасынан жату керек, себебі жүректің қалыпты соғуын қамтамасыз етеді. Жатар алдында тамақ ішпеген жөн, 1,5-2 сағат бұрын ішкен жақсы.Ұйқысы қанбаған балалар әсіресе нәрестелер қыңырланады, ал мектеп оқушылары 1-2 сабақтан соң ұмытшақтыққа болып, белсенділігі төмендейді, басы ауырады.
Балалардың ұйықтау ұзақтылығы жас шамасына тәуелді болады: 4-5 жас- 14-13 сағат; 6-7 жас—11,5-12 сағат, 8-9 жас—10,5-11сағ; 10-11 жас—10-10,5сағ; 12 жас—11сағ; 13-15 жас—9,5сағ; 16-18 жас—8,5 сағат.
Ұйқының ұзақтығы азаятын болса, орталық нерв системасының функциялық жағдайына зиянды әсер етеді де, организмде көптеген физиологиялық өзгерістер туғызады.
Балалардың ұйқысыздығы мен ашуланшақтығы. Ұйқының гигиеналық нормаларын бұзғандықтан, олардың қозу, тежелу динамикасы бұзылады-ұйқысыздыққа әкеледі.Мұндай балаларда ашуланшақтық немесе неврастения (нерв жүйелерінің әлсіздігі) п.б. Бұл аурумен ауыратын балалар тез қажиды, жылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет