Сабақ мақсаты: оқушылардың физиологиялық дамуы жайлы мәліметтер беру Сабақ жоспары



бет51/87
Дата01.05.2022
өлшемі216,16 Kb.
#141671
түріСабақ
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   87
Байланысты:
okush. fiziol. damu - darister

1. Зат алмасу туралы түсiнiк.
Заттар мен энергияның алмасуы тірi табиғаттың маңызды сапалы ерекшелiктерiнiң бiрi және организмнің негiзгi қызметi, бұл процесс тоқталған кезде тiршiлiк жойылады.
Зат алмасу процесi - сыртқы ортадан әр түрлi заттардың организмге түсуi, олардың сақталып, қорытылуы, әрi пайда болған ыдырау өнiмдерiнің бөлінуi. Сонымен бiрге организмнің тіршілiк әрекетiн сипаттайтын көптеген ар түрлi химиялық, электрлiк, термикалық және механикалық өзгерiстер байқалады. Заттардың алмасуы мен энергияның өзгеруi бiрiне-бiрi тығыз байланысты, себебі энергияның сақталу занына тәуелдi жүріп жатады. Организмге баратын химиялық заттардан жаңа клеткалар және олардың құрам бөлiктерi құрылады- бұл пластикалықтер немесе ассимиляция процесі. Сонымен қатар организмде «тіршілігін жойған» клеткалар мен олардың құрам бөлiктерiнің бұзылу процесі болады, яғни диссимиляция процесi жүредi. Осы процестердiң нәтижесінде организм керексіз заттардан босап, тiршілiк әрекетi үшін өзіне қажетті энергия алады.
3аттардың алмасуы балаларда ересек адамдарға қарағанда әр уақытта едәуiр жоғары және жастары қатарлас бір топқа жататындардың өзінде тұрақты болмайды, себебi организмнiң өсу мен даму процесiне және нерв системасының жағдайына тығыз байланысты.
Зат алмасу процесінің күшеюi және баяулау кезендерi байқалады олай болу себебi, әр түрлi жыл мезгiлдерiнде өсу және даму процестерiнiң күшейіп, баяулауына байланысты. Жаңа туған балаларда алмасу процесi қарқынды келедi, төменгi класс оқушыларында төмендеу болады да, ал бiрақ жыныстық жетілу кезiнде күштi жоғарылайды. Зат алмасу процесi ересек адамдарда жұмыстың ауыр-жеңiлдiгiне және денсаулық жағдайына орай өзгередi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет