2. Зат алмасуферменттерінің рөлі Ферменттер организмдегi биохимиялық реакцияларды тездетедi. Қазiргi кезде белгiлi болған ферменттердi бәрi де белоктар болып саналады. Организмдегi зат алмасу процесiнің барлық түрлерiнiң жүзеге асуы ферменттердiң белсенділігіне байланысты. Олардың белсендлiгі көптеген факторға тәуелді. Ферменттер тек реакцияларды жылдамдатып қоймай, оны реттеуге де мү мкiндiгi бар. Ферменттер клеткаларда пайда болып, әрбiр клеткада олардың саны 1000-ға жетедi.
Ферменттер белгiлi бір температуралық жағдайда әсер етедi. Жануарларға тән ферменттердiң белсендiлiгi 40-50°С да ең жоғары болады. Температура бұл мөлшерден жоғарыласа, белсендiлiгi төмендеп, оның табиғи қасиетi жойыла бастайды. Ферментативтi белсенділігі зат алмасу нәтижесiнде пайда болған, заттардың (метоболиттердiң) әсерiнен өзгеруi мүмкiн. Ферменттер организмде болып жататын барлық процестерге катысады. Соның нәтижесiнде ас қоррытылу, газ алмасу, гемоглобиннiң жасалуы жүзеге асады. Ферменттердің процесiнiң орталық нерв системасына баруын жылдамдатуына және басқа да көптеген процестерге қатысы болады. И.П. Павлов ферменттердi «өмiрдiң кiлтi және қоздырғышы» деп атады. Белгiлi ағылшын ғалымы Дж.Бернал егер ферменттер болмаса, жер бетінде тiршiлiк болмаған болар едi, организмде биохимиялық реакциялар тездемеген болар едi- деп әдiл айтқан.