Сабақ мақсаты: оқушылардың физиологиялық дамуы жайлы мәліметтер беру Сабақ жоспары


Жас кезендеріне байланысты энергияның алмасуы



бет53/87
Дата01.05.2022
өлшемі216,16 Kb.
#141671
түріСабақ
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   87
Байланысты:
okush. fiziol. damu - darister

3. Жас кезендеріне байланысты энергияның алмасуы
Өсіп тұрған организм оттегін қабылдау және көмірқышқыл газын бөлу қарқыны бойынша сипатталады, себебi балаларда алмасу процесінің жоғары болатыны мәлiм. Мектеп жасына дейiнгi балалардың 1 кгдене массасы 6,1см3 оттегiн кажет етедi, 14-15 жастары жас өспiрiмдер-4,5 см3. ал ересек адамдарда- 3,7 см. Соған сәйкес жас кезеңдерiне тәуелдi негізг алмасудың көлемi алғашқы кезде жоғарылап, ал содан кейiн төмендей түседi.
Организмнiң жағдайына, оның кызметiне, қоршаған ортаның темературасына байланысты зат алмасу қарқыны өзгерiп отыруы мүмкiн. Бұлшық еттердiң тыныштьқ жағдайындағы аш қарындағы дене мен сыртқы орта температурасының қалыпты кезіндегі энергия жұмсалуды сипаттайтын алмасудың дәрежесі негізгі алмасу деп аталады.
Негiзгi алмасу килокалория (ккал) немесе килоджоуль (кдж) бойынша анықталады. Әрбiр жас топтарына сай негiзгi алмасу бiршама тұракты болады. 7-6 жаста 33 ккал, 12-14 жаста — 34 ккал, ересек адамдарда - 24 ккал. 12-13 жаста негізгі алмасу қыздарға қарағанда‚ ұлдарда жоғары. 12-13 жастан бастап жыныстық жетiлу кезенiне дейiн алмасудың бұл түрi қыздарда, көбейе түседi. Ал жыныстық жетiлуден кейiн ұлдарда қайтадан жоғарылайды. Жыныстық жетiлу кезiнде негiзгi алмасу жоғарылайды, ұлдарда (14-16 жастардан бастап) және қыздарда (12-14 жастардан бастап) 10-20 процентке жоғарылайды. Негiзгi алмасу ересек адамдармен салыстырғанда, балаларда артықтау болады, себебi бала тканьдерiнiң ассимиляцияға қабiлетi және оның организмiнiң өсу қарқыны жоғары. Балаларда энергияның алмасуы жасқа, бойының‚ ұзындығына, жынысқа, нерв системасының функциялық жағдайына, дене бітіміне, терi астында майдың болуына және басқа да себептерге байланысты болатыны анықталған. Тамактың қандай түрi болмасын зат алмасуды жоғарылатады. Әсiресе белоктардың әсерi үлкен. Бұлар организмге тамақ заттармен барған кезде, зат алмасу өте күшті жүреді. Бұлшық еттердiң қызметiне байланысты энергияның бөлінуі әр балаларда болсын, әрi ересек адамдарда болсын, орындалатын қимыл-қозғалыстардың түрiне сай анықталады. Қимыл-қозғалыстарға қатысатын бұлшық еттердiң тобы неғұрлым күшті жиырылса, энергияның бөлінуі соғұрлым тез болады және бұлшық ет талшықгары неғұрлым күшті жиырылса, энергияның бөлiнуi соғұрлым арта түседі. Энергияның бөлiнуi организмнiң жеке ерекшелiк қасиетіне де тәуелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет