Сабақ мақсаты: оқушылардың физиологиялық дамуы жайлы мәліметтер беру Сабақ жоспары


Күн режимінің физиологиялық негізі



бет82/87
Дата01.05.2022
өлшемі216,16 Kb.
#141671
түріСабақ
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   87
Байланысты:
okush. fiziol. damu - darister

1.Күн режимінің физиологиялық негізі.
Күн режимі- организмнің тіршілік әрекеті қалыпты өтуіне қажетті күш-қуат пен энергияның сақталуын қамтамасыз ететін еңбек пен демалысты бөлудің динамикалық жүйесі. Оқыту, тәрбиелеу процесі осы ортада жүзеге асатындықтан ол баланың өсіп-жетілу, тіршілік жағдайлары ерекшеліктерін жан-жақты ескеруге негізделеді және организмнің ортамен физиологиялық тепе-теңдігін сақтауға арналады. Демек күн режимі оқу тәрбие жұмысының барлық факторларының организмге сауықтырушы және профилактикалық әсер етуінің негізі. Күн режимін жасауда баланың жасерекшелігі, оған қажетті ұйқының ұзақтығы, оның жалпы білім беретін және арнаулы музыка, көркемсурет, спорт мектепте болатын уақыты ескеріледі.
Жалпы білім беру орта мектебінің міндеттері: оқушыларға терең білім беру; еңбек дағдыларына үйрету; сондай-ақ балалардың денсаулығын қорғау, нығайту, оларды шаршау мен қажудан сақтау. Бұл мақсаттар балалардың жас ерекшеліктерін еске алып, негізгі гигиеналық талаптарды міндетті түрде орындаған да ғана орындалады.
Оқу- тәрбие жұмыстарына қойылатын гигиеналық талаптар оқушылардың күн режиміне тығыз байланысты. Гигиеналық жағынан дұрыс қарастырылған күн режимі- еңбек ету мен дем алудың үйлесімді болуын тиімді ұйымдастыра білу деген сөз. Күн режимі дұрыс ұйымдастырылса, жұмыс қабілетінің жоғары болуына әсер етеді де, шаршау процесінің ерте басталмауын ескертеді, оқушылардың тәртіптілігіне, ұқыптылығына әсер етіп, балалардың дұрыс өсуіне және денсаулығының жақсы болуына себеп болады.
Күн режимінің физиологиялық негізін алатын болсақ, ол оқушылардың жұмыс әрекеті мен уақыт мерзіміне шартты рефлекстердің жасалуы болып табылады. Оқушылар режиміне қойылатын негізгі талаптар белгілі уақытта бұлжытпай орындалса, оларда динамикалық стереотип пайда болады. Балалардың барлық системаларын тиімді жетілдіре білудің маңызды жағдайы, күн тәулік режимін- сергектік пен ұйқыны дұрыс ұйымдастыра білу болып табылады.
Күн режимінің негізгі нышандарына жататындар:
- әртүрлі жұмыс әрекеттерінің белгілі мөлшердегі ұзақтығы;
- таза ауада ұзақ уақыт болып, жеткілікті дем алу;
- уақытылы тамақтану;
- гигиеналық тұрғыдан алғанда толық бағалы ұйқы;
- дене жаттығулары мен спорт ойындарын көбейтіп, қозғалу белсенділігін жоғарылату. Егерде режимнің кей жағдайлары қайталанып отырса, адамда жұмыс әрекетінде белгілі ырғақ қалыптасады.
Режим дұрыс сақталған жағдайда, организмнің жұмыс әрекетінің қалыпты болуына уақытқа байланысты пайда болған рефлекс те жақсы мүмкіндік туғызады. Мысалы: тамақты белгілі сағатта ішетін болса, тәбет жақсы болып, астың қалыпты қорытылуы қамтамасыз етіледі. Демалу уақыты дұрыс сақталса тез ұйықтау мүмкіндік туады да, балалардың ұйқысы ұзақ болады.
Мектеп режимі- мектепте дұрыс ұйымдастырылған режим оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттыру, саналы тәртіпті күшейту, жұмыстың тиімділігін жоғарылату және мектеп оқушыларының денсаулығын нығайту үшін қолайлы жағдайлар туғызады.
Мектеп режимінің негізгі нышандары:
-оқу жылының және каникулдардың ұзақтығы; -оқу күні мен оқу апталары бойынша орындалатын жұмыс тәртібі;
- сабақтың ұзақтығы және оны гигиеналық жағынан дұрыс құру;
- сабақ арасындағы үзілістерді дұрыс ұйымдастыру және таза ауаны барынша пайдалану;
- кластан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру және уақытты мөлшерлеу
Мектептерде оқу жылының ұзақтығы балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты анықталады. Оқу жылының ең аз мөлшері төменгі 4 кластарда, ал орталау және жоғары кластарда бұлардан көбірек. Оқу жылы бойынша мектеп оқушыларының жұмыс қабілеті біркелкі болмайды: жұмыс қабілеті 1-ші тоқсанның аяғында және 2-ші тоқсанның бірінші жартысында жоғары болып, л бірінші тоқсанның бас кезінде біршама төмендеу болады. Олай болу себебі, организм жұмыстың қандай түріне болмасын бірте-бірте үйреніп, біршама уақыттан кейін, оның жұмыс қабілеті максималды жағдайға келеді.
Жұмыс қабілетінің жоғары дәрежеде ұзақ уақыт сақталуына күзгі, қысқы, көктемгі каникулдар мүмкіндік туғызады. Оқу жұмысының каникулдарымен кезектесуінің өзі жыл бойы бағдрламалық материалды дұрыс бөлуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге қалыптан артық шаршамауға, балалардың денсаулығын сақтауға және бірнеше ай бойы оқу жұмысын күш-қуатты қалыпқа келтіруге мүмкіндік береді. Ал бірақ сол киникулдарға қарамастан оқушылардың жұмыс қабілеті оқу жылының аяғында төмендей бастап, май айына таман оқушылардың көпшілігі шаршайды, қажиды. Сондықтан оқу жылының соңына қарай, оқушылар ұзақ уақыт демалуды талап етеді.
Ұзартылған күн мектептеріндегі, топтардағы, мектеп-интернаттардағы күн режимі:
Қазіргі кезде ұзартылған күннің 3 формасы бар:
1.күні ұзартылған мектеп; 2.жалпы білім беретін мектептердегі күні ұзартылған класс; 3.күні ұзартылған топ.
Күні ұзартылған мектептер мен мектеп-интернаттары балаларға сапалы білім беріп, олардың жақсы өсіп дамуын және денсаулықтарының нығаюын мақсат етеді.
-Күні ұзартылған мектептерде күн режимін дұрыс ұйымдастыру үшін белгілі жағдайлар талап етіледі: мектеп үйі мен бөлмелерінің гигиеналық талаптарға сай болуы; жақсы жабдықталуы, аула учаскелерінің көркем болуы т.б.
- Күні ұзартылған мектептер мен топтардағы күн режимі негізгі 2 түрге бөлінеді: 1. Жай мектептердегі оқу күніне ұқсас:класс сабақтары біткен соң балалар серуенге шығады, түскі тамаққа барады, содан кейін тәрбиешілердің басшылығымен үй тапсырмаларын орындайды. 2. Оқушылардың негізгі класс сабақтарынан кейін мұғалімнің күннің бірінші жартысында орындайды, ал оңай пәндер сурет, еңбек, ән, дене тәрбиесі күннің екінші жартысына ауыстырады. Зерттеу жұмыстарының нәтижесіне қарағанда, режимнің екінші түрі оқушылардың организмінің функциялық жағдайына қолайлы әсер етеді.
Күні ұзартылған мектептерде дене тәрбиесі жақсы жолға қойылуы тиіс. Күн режимінде сабақтың алдында өткізілетін гимнастика үшін таза ауада өтілетін қозғалмалы ойындар мен спортқа көңіл бөлу үшін, спорт секциясы үшін уақыт бөледі. Сонымен қатар оқушылардың шығармашылық қызметі мен эстетикалық тәрбиесіне де уақыт беру ескертіледі.
1-2 класс оқушыларының күндізгі ұйқысы үшін уақыт беріледі. Күндізгі ұйқы 1-1,5 сағат мөлшерінде гигиеналық жағынан дұрыс жағдайда болса, организмнің жұмыс қабілеті дұрыс қалыпқа келеді. Организмі әлсіреген оқушыларды 1-1,5 сағат мөлшерінде ұйықтатып, 3-3,5сағат серуендетіп алған жөн.
Мектеп-интернатында балалардың күні-түні болуы күн режимін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді: белгіленген оқу жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру, еңбек пен шығармашылық әрекеттерін дұрыс ұзақтылығы мен таза ауада демалудың жеткілікті болуы, дене тәрбиесін жақсы ұйымдастыру, гигиеналық дағдыларға үйрету. Мектеп-интернатқа оқу күні ертеңгілік зарядкадан басталады. Содан кейін төсек орын мен бөлмені жинастыру, жуынып-шайыну, ертеңгі тамаққа бару, серуендеу, сабаққа бару. Мектеп- интернатта оқу жұмысы жалпы білім беру мектептегідей ұйымдастырылады.
Түскі тамақтанудан кейін біраз серуендеп, педагогтердің басшылығымен барлық класс үй тапсырмаларын орындайды. Үй тапсырмасын орындау кезінде тәрбиешілер өз беттерімен жұмыс істейді. Үй тапсырмасын орындаудан кейін үйірме жұмыстарына қатысады. Сонан соң бос уақыт беріледі. Мектеп-интернатындағы күн режимі балалардың қимыл қозғалыс белсенділігің бірден жоғарылататындай болып құрылғаны жөн. Демалыс және каникул күндері оқушылар мектеп-интернатта қалады. Режимге қойылатын негізгі талаптарды сақтайда, ал бірақ уақыттың көбін таза ауада спорт ойындары мен серуендеуге бөледі, киноға, көрмелерге, музейлерге барады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет