3.Оқу-тәрбие процесінің гигиенасы Мектептегі оқу тәрбие жұмыс тарының басты міндеті – жастардың ой өрісін дамыту, сабақ үлгеріміне қажетті жағдай тудыру, денсаулығын сақтап, денесін шынықтыру. Ол үшін мектептегі барлық жұмыстар балалардың жасына лайық, организмдерінің ерекшеліктеріне сай жасалады. Оқу-тәрбие жұмыстарының ұзақтығы, ауырлығы оқушылардың жұмыс қабілетіне, жыл маусымдарының организмге әсеріне байланысты жоспарланады. Сондықтан бастауыш сыныптардағы оқу жылы жоғаргы сыныптарға қарағанда қысқа, жазғы демалыстары ұзақ болады.
Оқу бағдарламасы балалардың жасына қарай жылдан жылға күрделеніп отырады. Оқу жылы ішінде әрбір тоқсан сайын оқушыларға демалыс беріп тынықтырады.
Жазғы демалыстан соң балалар еңбекке біртіндеп үйрене бастайды. Бірінші тоқсанның басында оқушылардың сабаққа зейіні төмен болғандықтан оқу жылының алғашқы апталары өткен тақырыптарды қайталап, бекітуге арналады да, жаңа тақырыптарды өте бастайды. Оқу жылының барысында барлық пәндерден мектеп бағдарламасы біртіндеп қиындап, жыл аяғында балалар шаршаған кезде қайта жеңілденеді. Оқу жоспары балалардың жыл бойындағы еңбек қабілетін де ескереді. Қыркүйек айында және сәуір мен мамыр айларында еңбек қабілеті төмендейді. Яғни қыркүйек айында өткен оқу жылындағы, сәуір мен мамыр айларында жыл бойында оқыған материалдарды қайталайды. Қазан-наурыз айларының арасында еңбек қабілеті күшті болғандықтан негізгі материалдарды, жаңа тақырыптарды өтеді.