Оспанова Азина Кошановна
Көкшетау қаласы №7 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
АС – АДАМНЫҢ АРҚАУЫ
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға әр түрлі деңгейдегі жаттығулар орындату арқылы қазақтың ұлттық тағамдарымен таныстыру.
Дамытушылық:
Оқушыларға астың түрлерін үйрете отырып, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік:
Халқымыз асты тіршілікке қажетті құндылықтардың бәрінен жоғары қойғандығын айтып, ұлт мәдениетінде тамақ, дәм татыру дипломатиялық және тәлім – тәрбиелік мәні бар екендігін түсіндіру
Білімділік:
Жаңа сөздерді меңгерте отырып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытуға түсінік беру.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, әңгіме, диспут, ән, жарыс т.б.
Сабақтың көрнекілігі: Мультимедиялық тақтада үлкейтілген тамақтар суреті шығарылады, интерактивті тақтамен жұмыс, сөздіктер
Сабақтың түрі: Интерактив сабақ.
Сабақ барысы:
ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢ:
Текшелерді басу /суретін ауыстыру/ арқылы қысқаша теориялық сұрақтарды сан ретімен анықтап, жауабы тыңдалады.
Сіздің сүйікті тағамыңыз қандай?
Сіз бос уақытта қазақтың қандай ұлттық тағамдарын дайындағанды ұнатасыз?
Ұлттық тағамдардың адам өміріне маңызы қандай деп ойлайсыз?
Ұлттық тағам қажет деп ойлайсыз ба?
Қазақтың қандай ұлттық тағамын білесің?
/Интерактивті тақтамен жұмыс/
№ 1 ТАПСЫРМА
қымыз –кумыс – кобылье молоко, целебный напиток и пища, шұбат –шубат- калорийный напиток из верблюжьего молока, қазы – қарта – самая дорогая, почитаемая часть мясо конины, жал – жая- самая вкусная часть мясо конины, шұжық – мясо, заправленное в кишки, очень ценный продукт , ірімшік - творог, құрт- молочный продукт, қуырдақ – мясо – зажаренное в жиру, масле, ет – (қазақша ет) – главная национальная еда народа, көбік – пена, появляющаяся при варке мяса, қамыр – тесто, заготовленное для выпечки, также для мясо по казахски, бата - благословение, доброе пожелание, мәзір – меню, ұлттық тағамдар - национальные блюда, бауырсақ – мучное изделие, жаренное в масле, в жиру, нәрлі – калорийный, ценный продукт – маңызды тағам.
Суретпен жұмыс. /қазақтың ұлттық тағамдары/
№ 1 ТАПСЫРМА
Мәтінді мұқият оқыңыз.
Қазақ халқы ұлттық тағамдарды дайындаудың ежелгі әдістерін осы күнге дейін пайдаланып келеді.
Бұрыннан белгілі, жылдың маусымдық ауысуына байланысты, адамның күш – қуатын ас арқылы толықтыру мақсатында, халқымыз тағамның мынандай түрлерін әзірлеген: Қыстың боранды күндерінде жылқы етінен тағамдар жасаған /жал- жая, қазы – қарта, езілген құрт қосылған көже; жаз айларында- сүт, ет пен сары қымыз, ірімшік пен сықпа құрт, ыстық шай; күздің қоңыр салқын күндерінде – қуырдақ, күзге сойған малдың етінен жасалған тағамдар; жазғытұрым – қымыз, айран, сүт тағамдары.
Ас, тамақ дайындауды қазақ әйелдерге жүктеген. Қазақ әйелдері тағамның алуан түрлерін дайындаумен бірге қыста да, жазда да оның таза әрі бұзылмай сақталуының әдіс – тәсілдері мен жолдарын таба білген. Бұл қағидаларды әйелдер ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіп, кейінгілерге үйретіп отырған. Мысалы, олар етті ыстап сақтауды, әсіресе, қымыз бен шұбатты баптаудың, құрт, ірімшік сияқты тағамдарды дайындауда қазақ әйелдерінің шеберлігі мен өнерін үлгі етуге болады.
МӘТІН БОЙЫНША ТАПСЫРМА.
№ 2 ТАПСЫРМА
Мәтін ішінде асты сызылған сөз тіркесінің мағынасын ашыңыз.
адамның күш – қуатын ас арқылы толықтыру
- Халқымыз адам өмірінде тамақтың орнын тіршілікте қажетті құндылықтардың бәрінен жоғары қойған. Бұған «астан үлкен емессің» немесе «арпа, бидай ас екен, алтын күміс тас екен», «асты қорлама» деген ескертпелер мен мақал – мәтелдер де куә бола алады.
- Ел мен елді татуластыру да, бірін – бірі құрметтеу де, қазақ кең дастарқан арқылы
яғни, ас, қонақасы арқылы көрсеткен. Қонақасы бергенде, дәмді тағам берумен бірге таза, бүтін ыдыстарына дейін ерекше назарда болған.
-/ «Не будь выше еды», «Просо, пщеница – это пища, а золото, серебро - камни», «Относись к пище бережно, иначе можешь потерять здоровье»./
№ 3 ТАПСЫРМА
Сергіту сәті
Мұғалімнің сөзі: Әріптермен жұмыс жасаймыз. /А, Қ, Ә, Д, М, Т, О, Б, Н, Ж/
Мен сұрақ қойғанда, қолыңыздағы әріптен басталатын сөз тауып, жауап беріңіз.
Отбасында қандай ұлттық тағамды дайындағанды ұнатасыз?
Үйге қонақ келгенде, қандай тамақ дайындайсыз?
Адамның денсаулығына пайдалы тағамды білесіз бе?
Есіңізде жүрсін!
Қымыздың пайдасы ертеден белгілі. Қымыздан гөрі жаңа сауылған сүті – саумал анағұрлым пайдалы. Ең алдымен саумал А және С витаминдеріне, сондай – ақ D, F, В12, витаминдеріне бай. Жылқы сүті аллергия тудырмайды /сиыр сүтіндей емес/, сондықтан оны бала тағамына пайдалана беруге болады. Ғалымдардың пікірінше, ол тек өкпе туберкулезін емдеп қана қоймай, асқазанның ойық жарасын, тоқ ішек пен аш ішек ойық жарасын, гастритті, бауырдың беріштенуін, өт тасын, жүйке жүйесі бұзылыстарын емдеуде жақсы көмектеседі. Бұл сүтті жұмыс қабілетін көтеру үшін, сондай – ақ операциядан және химиялық сәуле емінен кейін организмнің қалпына келтіру үшін пайдалануға болады.
№ 4 ТАПСЫРМА
Шашыраған сөздерден асқа байланысты фразеологиялық сөз тіркестерін құрастырыңыз
Үлгі:
ішкен асын жерге қояды – ( даже еду оставлю ради кого - то) /құрметтеу, сыйлау белгісі/
аузынан ақ май ағып отыр – (изо рта течет белое молоко) /тоқтықты/
( риза болғанда – «аузыңа май – масло тебе в рот»), (уайымдағанда – «ішкен асым батпайды – тамағымнан ас өтпейді – кусок в горло не лезет»), (тағамның байлығын көрсететін – «дастарқаны кең», «қазаны оттан түспейді- изобилие- широкий дастархан, казан не снимают с огня»)
№ 5 ТАПСЫРМА
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМЫ ЕТ АСУ ЖОЛЫН РЕТ- РЕТІМЕН ЖАЗЫҢЫЗ.
|
1
|
1
|
Ет табаққа түсіріледі
|
|
2
|
2
|
Қамыр жазылады
|
|
3
|
3
|
Қамыр табаққа салынады
|
|
4
|
4
|
Суға ет қайнатылады
|
|
5
|
5
|
«Ет» дайын
|
|
6
|
6
|
Көбігі алынады
|
|
7
|
7
|
Тұз салынады
|
|
8
|
8
|
Сорпаға қамыр салынады
|
|
9
|
9
|
Тұздық құйылады
|
|
10
|
10
|
Қамырдың үстіне ет салынады
|
Дастарқан жайылып, ет әзірленді. /еттің суреті/
ЖАҒДАЯТ
Сіз дәмнің үстіне келдіңіз. Не айтасыз?
«Ас тәтті болсын!», «Ас жұғымды болсын!»
№ 6 ТАПСЫРМА
Тамаққа байланысты ырымдар мен тыйымдар
/Приметы, запреты и народные понятия, связанные с трапезой/
Асты жамандама. /плохое про еду не говорят/ - тыйым
Аузында тамақ тұрғанда сөйлемейді. / С набитым ртом разговаривать запрещается/ - тыйым
Балаға шешен болсын деп таңдай жегізеді. /чтобы ребенок был красноречивым, ему дают отведать нёбо / - ырым
Дастарқан үстіне келген адамға дәм ауыз тигізеді, әйтпесе «күйеуің, не келіншегің тастап кетеді» деп әзілдейді. /прибывшего к трапезе приглашают отведать чего – либо и шутя напоминают: «если не отведаешь, может бросить муж /жена/» - ырым
Жасы үлкен адамнан бұрын тамаққа қол созбайды /не приступают к трапезе раньше взрослых/
Ас ішіп болған соң, «тойдым» демейді, «қанағат» дегені жөн. /Поев, не говорят наелся, говорят: доволен тем, что съел/
Тамақ ішіп болғаннан кейін, тұрып кетуге болмайды. Тамақтанғаннан кейін, ас қайырылып, бата беріледі. /После еды из – за дастархана нельзя просто встать и уйти. Поев, следует поблагодарить за пищу, пожелать благополучия и дора дому/
№ 7 ТАПСЫРМА
/Қарияның суреті/ - кеспе карточкалармен жұмыс
«Жалғасын тап» ойыны. /Суреттің артына жазылған ырым мен тыйымдарды жалғастыру/
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ:
Оқытушы:
- Бүгінгі сабақта біз не туралы білдік, нені көрдік, талқыладық?
- Ұлттық тағамның адамның денсаулығына пайдасы зор екендігін білдік, ет әзірледік, асқа байланысты ырым мен тыйымдарды білдік... Тамақтанғаннан кейін, ас қайырылып, бата беріледі.
- Батаны кім береді?
БАТА
Асың асың асыңа,
Береке берсін басыңа.
Бөденедей жорғалап,
Қырғауылдай қорғалап,
Қыдыр келсін қасыңа.
Бақыт сенің басыңнан,
Тепкілесе кетпесін.
БАҒАЛАУ
Оқытушы өз бақылауына байланысты бағалайды.
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ:
Жаңа сөздерді, фразеологиялық сөз тіркестерін, батаны жаттап келіңіз.
Ұлттық тағамдардың жасау технологиясын жазып келу. / құрт, қымыз .../
Достарыңызбен бөлісу: |