«Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі «Қаратал орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 7 «А» сынып, география Пән мұғалімі: Бекбаева М.К. ҚАЙТАЛАУ САБАҒЫ 3 тарау: Физикалық география
4 бөлім: Биосфера
Бүгінгі сабақта қайталайтын тақырыптар: Биосфера және оның құрамдас бөліктері.
Топырақ және оның құрамы мен құрылымы.
Қазақстанның топырақ түрлері.
Сабақ мақсатына жету үшін: 7.3.4.1 – биосфераның құрамын, құрылымын, шекаралары мен қасиеттерін анықтау; 7.3.4.2 – топырақ құрамын және құрылымын зерттеу (тәжірибе көрсету); 7.3.4.3 – Қазақстанда топырақ түрлерінің таралуы (картамен жұмыс). Алдыңғы сабақта бөлінгендей топтың өздерін таныстыруы «Кішкентай құпия» Сандарды пайдалана отырып, артында жасырылған әріптерден, сөздерді табыңдар? (1 минут) 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18
Д з т о к м г с ы а қ е в у ұ п ч р
І–топ: Жердің тіршілік қабығы қалай аталады?
ІІ–топ: Неліктен биосфера атмосфераның төменгі қабатын қамтиды? Дәлелдеңдер?
ІІІ–топ: Литосферада биосфераның төменгі шекарасы қандай заңдылық бойынша анықталады? Неліктен?
1.Жердің тіршілік қабығын анықтау;
2.Неліктен биосфера атмосфераның төменгі қабатын қамтиды дәлелдеу;
3. Литосферада биосфераның төменгі шекарасы қандай заңдылық бойынша анықталады?
1.Жердің тіршілік қабығын анықтайды;
2.Неліктен биосфера атмосфераның төменгі қабатын қамтиды дәлелдейді;
3. Литосферада биосфераның төменгі шекарасы қандай заңдылық бойынша анықталатынын біледі.
1 тапсырма: І топтың жауабы: Себебі, атмосфераның жоғарғы қабатында тіршілік жоқ, озон қабаты тіршіліктің шекарасын айқындап береді. Осылайша, атмосферада шамамен 20 км биіктікке дейін тіршілік жалғасады.
ІІ топтың жауабы: Ол жер қойнауының температурасымен және судың сұйық күйде ену деңгейімен айқындалады.
ІІІ топтың жауабы: Биосфера (грекше биос-тіршілік, өмір, сфера-шар) – бұл ұғым биология ғылымына XIX ғасырда ене бастады. Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана аталатын. Кейінгі кездерде биосфера геологиялық мағынада да қолданылады. Биосфера- жердің тіршілік қабаты.
Топырақтың құрамын зерттеу үшін тәжірибе жасап көрейік
2 тапсырма: 1 ші тәжірибе І–топқа: Бір кесек топырақты стакандағы суға саламыз.
Көпіршіктер көрінді ме?
Не байқадық?
2 ші тәжірибе ІІ–топқа: Бір уыс топырақты темір қалбырға салып отқа қойып қыздырамыз. Оның үстіне шыны ұстаймыз. Шынының астыңғы бетіне су тамшылары пайда болды.
Ол қайдан шықты?
Топырақ бойында ауадан басқа тағы не бар?
3 ші тәжірибе ІІІ–топқа: Бір уыс топырақты темір қалбырға салып қыздырып, қандай өзгеріс байқауға болады?
Қазақстан аумағындағы топырақтың маңыздылығына салыстырмалы баға беріңдер: 3 тапсырма: