Сабақ мақсатына жету үшін



Дата01.03.2022
өлшемі4,09 Mb.
#133788
түріСабақ
Байланысты:
7 А сынып қайталау сабақ 02.02.2022 жыл


«Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі «Қаратал орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
7 «А» сынып, география
Пән мұғалімі: Бекбаева М.К.
ҚАЙТАЛАУ САБАҒЫ
3 тарау: Физикалық география
4 бөлім: Биосфера
Бүгінгі сабақта қайталайтын
тақырыптар:
Биосфера және оның құрамдас бөліктері.
Топырақ және оның құрамы мен құрылымы.
Қазақстанның топырақ түрлері.
Сабақ мақсатына жету үшін:
7.3.4.1 – биосфераның құрамын, құрылымын, шекаралары мен қасиеттерін анықтау;
7.3.4.2 – топырақ құрамын және құрылымын зерттеу (тәжірибе көрсету);
7.3.4.3 – Қазақстанда топырақ түрлерінің таралуы (картамен жұмыс).
Алдыңғы сабақта бөлінгендей топтың өздерін таныстыруы
«Кішкентай құпия»
Сандарды пайдалана отырып, артында жасырылған әріптерден, сөздерді табыңдар? (1 минут)
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18
Д з т о к м г с ы а қ е в у ұ п ч р
  • 145 14 17 10 12 13
  • 34 16 9 18 10 11
  • 7 14 6 14 8
  • 8 15 18
  • 8 10 2 1 9

1451417101213 (Докучаев)
34169181011 (топырақ)
7146148 (гумус)
81518 (сұр)
810219 (сазды)

І–топ:
Жердің тіршілік қабығы қалай аталады?
ІІ–топ:
Неліктен биосфера атмосфераның төменгі қабатын қамтиды? Дәлелдеңдер?
ІІІ–топ:
Литосферада биосфераның төменгі шекарасы қандай заңдылық бойынша анықталады? Неліктен?

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

1.Жердің тіршілік қабығын анықтау;
2.Неліктен биосфера атмосфераның төменгі қабатын қамтиды дәлелдеу;
3. Литосферада биосфераның төменгі шекарасы қандай заңдылық бойынша анықталады?

1.Жердің тіршілік қабығын анықтайды;
2.Неліктен биосфера атмосфераның төменгі қабатын қамтиды дәлелдейді;
3. Литосферада биосфераның төменгі шекарасы қандай заңдылық бойынша анықталатынын біледі.

1 тапсырма:
І топтың жауабы:
Себебі, атмосфераның жоғарғы қабатында тіршілік жоқ, озон қабаты тіршіліктің шекарасын айқындап береді. Осылайша, атмосферада шамамен 20 км биіктікке дейін тіршілік жалғасады.
ІІ топтың жауабы:
Ол жер қойнауының температурасымен және судың сұйық күйде ену деңгейімен айқындалады.
ІІІ топтың жауабы:
Биосфера (грекше биос-тіршілік, өмір, сфера-шар) – бұл ұғым биология ғылымына XIX ғасырда ене бастады. Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана аталатын. Кейінгі кездерде биосфера геологиялық мағынада да қолданылады. Биосфера- жердің тіршілік қабаты.

Топтар бірін-бірі бағалайды

Топырақтың құрамын зерттеу үшін тәжірибе жасап көрейік
2 тапсырма:
1 ші тәжірибе І–топқа:
Бір кесек топырақты стакандағы суға саламыз.
Көпіршіктер көрінді ме?
Не байқадық?
2 ші тәжірибе ІІ–топқа:
Бір уыс топырақты темір қалбырға салып отқа қойып қыздырамыз. Оның үстіне шыны ұстаймыз. Шынының астыңғы бетіне су тамшылары пайда болды.
Ол қайдан шықты?
Топырақ бойында ауадан басқа тағы не бар?
3 ші тәжірибе ІІІ–топқа:
Бір уыс топырақты темір қалбырға салып қыздырып, қандай өзгеріс байқауға болады?
Қазақстан аумағындағы топырақтың
маңыздылығына салыстырмалы баға беріңдер:
3 тапсырма:

Бағалау критериі

Дескриптор

Қазақстандағы топырақтың түрлерін және таралуын анықтайды;

Қазақстандағы топырақ түрлерін біледі;
Топырақтың маңыздылығына салыстырмалы баға бере алады;

Кері байланыс
Мен көңілдімен.
Көптеген жаңа ақпараттармен таныстым.
Мен көңілсізбін.
Ақпарат өте көп болды, маған меңгеру қиын болды.

Кері байланыс. «Күн» әдісі.Оқушыларға бұлт пен күн бейнесіндегі стикерлерді флипчарттарға жабыстырады.

Қорытынды

Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет