Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: Бейненің қағаз парағына дұрыс орналасуын біледі



Дата15.05.2020
өлшемі443,03 Kb.
#68559
түріСабақ
Байланысты:
user file 58973c4147af5
user file 58973c4147af5, Diplom-Metodicheskie-ukazaniya-2, 3


САБАҚ: Көркем еңбек.

Мектеп: №25 негізгі мектеп Тақырып :Саяхатқа аттанамыз өз бетінше композиция жасау.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Мамутова Г.Д тексерді :

Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Оқыту мақсаттары

1.1.3.1. Нақты материалдар мен техникалардың негізінде өз идеялары мен сезімдерін

шығармашылық деңгейде ұсыну.

1.Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Бейненің қағаз парағына дұрыс орналасуын біледі



Оқушылардың көпшілігі:

• мұғалімнің көмегімен өнер шығармаларының жанрын және жұмыс техникасын ажырату алады



Кейбір оқушылар:

• Таңдағанын түсіндіре отырып, сурет салу және баспа кезінде материалдармен мақсатты түрде жұмыс жасай алады



Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған әрекет

Ресурстар

Сабақтың басталуы

2-5 минут




Сабағымызды бастамас бұрын өткенді қайталап аламыз.

Жаңа сабаққа қызығушылығын оятамыз

Кітаппен жұмыс 80-81 бет Саяхатқа аттанамыз.

(МК. )Балалар бүгін сендермен хайуанаттар паркіне Саяхатқа шағамыз!

(Ұ,Қ). «Саяхат» тақырыбына арналған оқушыларды шабыттануға, өздерінің жеке әнгімесін құруға немесе қыдырған кездерін есіне түсіруге көмектеседі

Мұғалімнің нудбуктен хайуанаттар суреттерін көрсетеді

Оқушылардың альбомдары Қарындаштар



Сабақтың ортасы

6-30



(Ұ,Қ,ОТ) Ертегі(әңгіме) айтуды бастаңыз және оқушылардың өз тандауы бойынша суреттерде бейнеленген (немесе мұғалім таратып береді) заттарды елестетуді сұраңыз үлкен қала, түйе кеме ). Олар жұптасып немесе шағын топтарда қағазға суреттер салады.

Оқушылар салып отырған суреттеріне байланысты фильмдер және/немесе кітапты, суреттерді, пейзажист-суретшілердің репродукцияларын және басқа көркем образдарды қарап, содан кейін олардың бейнелерін салады. Сұрақтар қойыңыз:

‘Сіздер осындай жұмыстар жасап көрдіңіздер ме? ’

‘Сізде бір кездері осындай оқиғалар болды ма?’, ‘Сіз нені сезіндіңіз?’, ‘Суретші-иллюстратор өз ойы мен сезімін қалай көрсеткен?’, ‘Ол қарға ұқсас штрихтарды қалай сызды?’, ‘Сіз қандай түстерді пайдаланатын боласыз?’,‘Қалын шөпті қалай бейнелеуге болады?’,‘Сіз қандай құралдар мен материалдарды пайдаланатын боласыз?’



(Т, ОТ) Саяхат туралы әңгіменің бір бөлігін суреттеп салу үшін, оқушылар топпен материал тандайды. Оқушылар болашақ жұмыстарының суреттеуін және қалай жасауын ойластырып талқылайды, сонымен қатар альбомды пайдалануды үйренеді.

Таңбаларға арналған кесілген қағаз (мысалы, газет қағазы)

Балауыз борлар



Сабақтың соңы

Сабақты қортындылау мақсатында оқушылардың бүгінгі сабақта нені меңгергені туралы , не қызық не жеңіл , не ауыр болғанын сұраймын

Құралдарды жинаймыз.






Қосымша ақпарат

Дифференциация –сіз қолдауды қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырма беруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

  • Шығармашылық міндеттердің нәтижелерін дифференциациялау.

  • Міндеттерді оқып-үйренуді мұғалімнің альбомы мен көрсетуі арқылы үлгілеу.

  • Мұғалім мүмкіндігінше басшылық жасайды және қолдау көрсетеді.

  • Оқушылардың бір-бірін қолдап, жұмыс істеуін ынталандыру (біреуі басып шығарып жатқанда, екіншісі газетті ұстап тұрады).

  • Мұғалімнің неғұрлым күрделі баспаны ұсынуы.




  • Барсында, ортасында және алдыңғы сабақта үйренген материалдарға шолу жасау.

  • Бақылау, тыңдау

  • Сұрау

Рефлексия

Сабақтың мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болдыма?

Оқушылар бүгін нені үйренді?

Сабақтағы көңіл-күй неге ұқсас болды?

Менің дифференцациялық әдісім дұрыс болдыма?

Мен уақытында үлгердімбе?

Мен өз жоспарыма қандай өзгерістер енгізуді қалар едім және неге?


Осытарауды сабақтың рефлексиясы үшін пайдаланыңыз. Сіздіңсабағыңызтуралысолжақбағандағысұрақтарғажауапберіңіз.




Қорытынды бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру туралы, сондай-ақ үйрету туралыд аойланыңыз)?

1:

2:

Қандай екінәрс есабақты жақсартатын еді (сабақберутуралы, сондай-ақүйретутуралыдаойланыңыз)?



1:

2:

Мен сабақбарысындасыныпжәнежекелегеноқушылартуралыкелесісабаққадайындалуымакөмектесетін қандай деректерді білдім?




Қалыптастырушы бағалауү



Ортақ тақырып «Саяхат»

Бөлімше 1.3 «Шығармашылық идеялар мен сезімдерді көрсету және дамыту»

Бөлім: Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту.

Оқу мақсаты: 1.1.3.1. Нақты материалдар мен техникалардың

негізінде өз идеялары мен сезімдерін

шығармашылық деңгейде ұсыну.

Ойлау дағдыларының

деңгейі:

Қолдану


Бағалау критерийі: Білім алушы

Идеяны шығармашылық жолмен ұсынады.

Өз идеясын/сезімін нақты материалдар мен

техникалар арқылы көрсетеді.



1-тапсырма

Суреттерге мұқият қараңыз. Орындалу техникасына көңіл бөліңіз.



Алақаныңыздың көмегімен қағаздан өзіңіз қалаған суретті ойыншық

жасаңыз.

Ол үшін:

1) Орындайтын жұмысыңыздың тақырыбын анықтап алыңыз.

2) Алақаныңызды қағаздың бетіне қойып, шетін бастырып сызыңыз.

3) Сұлбаны қиып алыңыз. (Қажет болса бірнешеуін жасаңыз.)

4) Сұлбаға түрлі бөлшектер қосып, өз идеяңызды аяқтаңыз.

5) Жұмысыңызды таныстырыңыз.



Дескриптор: Білім алушы

- алақанының сұлбасын ұқыпты қияды;

- өз идеясына қатысты бөлшектермен толықтырады;

- жұмысын тақырыпқа сай көркемдейді;

- өз жұмысын таныстырады.

43

2-тапсырма



Жұптық жұмыс. Саяхатқа шығатын әуе шарын жасап көріңіз.

Жұмысты бастамас бұрын жұбыңызбен қандай түсті қағаздарды

қолданатындықтарыңызды және шарларыңыздың өлшемін ақылдасып, анықтап

алыңыздар.



Ол үшін:

Қажетті құралдарды (түрлі-түсті қатырма қағаз, қарындаш, қайшы,



желім, жіп) дайындап алыңыз.

Қатырма қағазды ортасынан бүктеңіз.

Қағаздың бір жақ бетіне әуе шарының суретін салып, жиегі бойынша қиып

шығыңыз. Осындай 3-5 бөлшек дайындаңыз.

Бөлшектерді 4-суретте көрсетілгендей етіп, бір-біріне жарты бөлігімен

беттестіре отырып, барлық бөлшектерді айналдыра жабыстырыңыз.



Соңғы бөлшекті жапсырмас бұрын арасына жіп салыңыз.



Дескриптор: Білім алушы

- әуе шарының пішінін дұрыс салады;

- бөліктерін бір-біріне дұрыс желімдейді;

- шардың көлемді пішінін шығарады;



- жұмысты ұқыпты орындайды.
















Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет