Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар



Дата08.04.2022
өлшемі20,97 Kb.
#138403
түріСабақ
Байланысты:
геом 7



Сабақ тақырыбы:

Үшбұрыштың биссектрисы, медианасы, биіктігі және орта сызығы .

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.1.1.14теңқабырғалы, теңбүйірлі, тікбұрышты үшбұрыштардың элементтерін білу;
7.1.1.12үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктігі, орта перпендикуляры, орта сызығы анықтамаларын білу және оларды салу;
7.1.1.15сүйір бұрышты, доғал бұрышты және тікбұрышты үшбұрыштардың биіктіктерінің орналасуын салыстыру;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:
Оқушылар үшбүрыштың биіктігі, медиана және биссектрисасы туралы қысқаша түсінік алу арқылы олардың анықтамасымен және сызбасымен танысады

Қайталау сұрақтары:
1. Түзу бойында нелер орналасқан? /Латын бас әріптермен белгіленетін нелер?/(Нүкте)
2. Қазақтың байырғы өлшем бірлігі? (шақырым)
3. қандай фигураның формуласы (шеңбер ұзындығы)
4. Барлық бұрыштары тік болатын төртбұрыш (тіктөртбұрыш)
5. Қиылыспайтын екі түзу қалай аталады? (параллель)
6. Қосындысы 180˚ - қа тең болатын бұрыштар? (сыбайлас)
7. Үшбұрыштар теңдігінің неше белгісі бар? (үш)
1)Екі нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады?
(Аксиома: Кез келген екі нүкте арқылы бір ғана түзу жүргізуге болады)
2)Екі түзудің қанша ортақ нүктелері бар болуы мүмкін?
(Екі түзудің тек бір ғана ортақ нүктесі бар болады немесе ортақ нүктесіә болмайды)
3)Кесінді деген не?
(Түзудің берілген екі нүктесі мен олардың арасында жатқан барлық нүктелерінен тұратын бөлігін кесінді деп атайды.)
4)Сәуле дегеніміз не?
(Түзуде жатқан нүкте сол түзуді жарты түзуге бөледі.Жарты түзуді сәуле деп атаймыз)
5.Тең фигуралар дегеніміз не?
(Сәйкес нүктелері беттесетін екі фигура тең фигуралар деп аталады.)
6.Беттестіргенде ұштары дәл келетін кесінділер қалай аталады? (тең кесінділер)
« Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісін пайдаланып оқулықтан №561есепті топта шығарады,талдайды
. Үшбұрыштың биіктігі, биссектрисасы және медианасы.
Үшбұрыштың биіктігі деп оның төбесінен қарсы жатқан қабырғасы арқылы өтетін түзуге түсірілген перпендикулярды атайды. 55 - суретте АВС үшбұрыштың ВН биіктігінің Н табаны оның АС қабырғасында жатыр. Ал, 56 - суретте биіктіктің табаны Н Ас қабырғасының созындысында жатыр.
Үшбұрыштың берілген төбесінен жүргізілген биссектрисасы деп осы төбесіндегі бұрыш биссектрисасының қарсы жатқан қабырғасымен шектелетін кесіндіні айтады. (57 - сурет, АD - биссектриса).
Үшбұрыштың берілген төбесінен жүргізілген медианасы деп осы төбені қарсы жатқан қабырғасының ортасымен қосатын кесіндіні айтады. (58 - сурет, ВD – медиана).

  • ∠АОВ=70° болатын бұрышқа ОС биссектрисcасы жүргізілген. АОС және СОВ бұрыштарын анықтап, салыстырыңдар.

  • Шешімі:

  • ∠АОС=∠СОВ= ∠АОВ=70°/2

∠АОС=35°
∠СОВ=35°

1 есеп. Біреуі екіншісіне 30 0 үлкен сыбайлас бұрыштарды тап.


2 есеп Үшбұрыш сыз. Үшбұрыштың медианаларын жүргіз
3 есеп. АВС жәнеДЕF үшбұрыштары тең: ДЕ=2 см, ЕF= 3 см, ДF= 5 см,. АВС үшбұрышының қабырғаларын табыңдар.
Тапсырмаларды «Бағалау ағашы» әдісімен бағалаймын

Үйге тапсырма беру


Рефлексия

  1. Мен үшін бүгінгі сабақта құнды болғаны...

  2. Топтық талқылауда мен не үйрендім?

  3. Не қиын болды?

  4. Не қызықты болды?





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет