Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: Үшбұрыштар
Күні: Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні: Ережепқызы Ақынбике
Сынып: 7 Қатысқандар: Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Үшбұрыштың биссектрисы, медианасы, биіктігі.
|
Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу
мақсаттары (оқу
бағдарламасына сілтеме)
|
7.1.1.12
үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы және биіктігінің анықтамаларын білу және оларды салу;
|
Сабақтың мақсаты
|
Сыныптағы барлық оқушылар: Үшбұрыштың медианасының, биссектрисасының, биіктігінің қасиеттерін және анықтамаларын айта алады;
|
Бағалау критерийі
|
Ойлау дағдыларының деңгейлері
|
Жетістік критерийлері
|
Білу
|
Үшбұрыштың медианасын, биссектрисасын,
биіктігін және орта сызығын біледі;
|
Түсіну
|
Медиана, биссектриса, биіктігін ажыратады;
|
Қолдану
|
Үшбұрыштың медианасын, биссектрисасын, биіктігін сыза алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Тілдік мақсаттарды анықтау
|
|
Оқушылар:
|
- тақырыптың ұғымдары мен терминдерін пайдаланады;
- фигуралардың өзара орналасуын суреттейді;
- сызбаның салынуын түсіндіреді;
- сызбада берілгендерді сипаттай алады;
|
Лексика мен сөз тіркестері
|
Медина, биссектриса,биіктік.
|
Диалог үшін немесе жазылым үшін пайдаланылатын сөз тіркестері
|
Үшбұрыштың медианасы дегеніміз...
Үшбұрыштың биссектрисасы дегеніміз...
Үшбұрыштың биіктігі дегеніміз...
Үшбұрыштың орта сызығы дегеніміз.
|
Құндылықтарға баулу
|
Жауапкершілікке тәрбиелеу және еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алуға тәрбиелеу.
|
Пəнаралық байланыс
|
Бейнелеу өнері(сызбанұсқасын салу),
Музыка (сергіту орындау)
|
Тақырып бойынша
алдыңғы білім
|
«Бізді қоршаған әлемдегі үшбұрыштар» тақырыбы бойынша үшбұрыштың анықтамасын, элементтерін және түрлерін біледі.
Транспортирдің көмегімен бұрышты өлшей алады.
|
Сабақ барысы
|
|
Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу
түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
3 мин
|
Ұйымдастыру: Балалар, біздің Тәуелсіздігіміздің нышаны Астана қаласындағы «Бейбітшілік және келісім сарайы» ғимараты қандай геометриялық фигураға ұқсайды?(Үшбұрыш)
Оқушыларға 2 нұсқада есептер беріледі.
Тақырыпты түсіндіре отырып оқушыларға берілген есептерді шығарту.
І. «ТОП» стратегиясы
Топқа бөлу: «Сыңарынды тап» әдісі арқылы 3 түрлі түстегі үшбұрыштар биссектрисасы, медианасы, биіктіктері бойынша қиылған, жартысын тауып, түстер бойынша бөлінеді.
1-топ: «Медиана» - қызыл түс
2-топ: «Биссектриса» -жасыл түс;
3-топ: «Биіктік»-көк түс
|
Слайд№1
Астана қаласындағы «Бейбітшілік және келісім сарайы» ғимараты суреті;
2 нұсқа беріледі
Кесте толтырады
«Үшбұрыш қиындылары»
|
Сабақтың ортасы
25 мин
15 минут
10 минут
|
ІІ. «Галерея» стратегиясы
Топтық жұмыс
1-топ тапсырмасы:
«Үшбұрыштың медианасы»
2-топ тапсырмасы:
«Үшбұрыштың биссектрисасы»
3-топ тапсырмасы:
«Үшбұрыштың биіктігі»
Әр топқа тапсырма және оны орындау алгоритмі беріледі. Әр топ үшбұрыштың медианасы, биссектрисасы, биіктігі анықтамаларын оқулыққа сүйене отырып тұжырымдайды. Оқушылармен бірлесе отырып үшбұрыш пен түзудің өзара орналасуын қарастыру сұралады.
Оқушылармен үшбұрыштың осы сызықтарын салу алгоритмін талқыланады.
1-топ:
1.Кез келген АВС бұрышты үшбұрышын сыз;
2.АВ қабырғасының ортасын тауып D әрпімен белгіле;
3. С нүктесі арқылы СD нүктелерін қос;
4. СD кесіндісі АВС үшбұрышының АВ қабырғасына жүргізілген медианасы деп аталады.
5. Жауап бер:Үшбұрыштың медианасы деген не?
7.АС қабырғасына медиана жүргіз.
8. ВС қабырғасына медиана жүргіз.
9.Сұрақ: Осы сызбадан не байқадыңдар? Қандай тұжырым айтуға болады?
2-топ:
Кез келген АВС үшбұрышын сыз;
А бұрышын транспортирмен өлшеп, екіге бөл.
А нүктесі мен ВС қабырғасын қосатын кесінді жүргіз.
СD кесіндісі АВС үшбұрышының ВС қабырғасына жүргізілген биссектрисасы деп аталады.
Жауап бер:Үшбұрыштың биссектрисасы деген не?
7.В төбесінен биссектриса жүргіз.
8. С төбесінен биссектриса жүргіз.
9.Сұрақ: Осы сызбадан не байқадыңыздар? Қандай тұжырым айтуға болады?
3-топ:
Кез келген АВС үшбұрышын сыз;
А төбесінен қарама-қарсы жатқан қабырғаны анықта
А төбесімен қарама-қарсы қабырға 900 градус бұрыш жасайтындай кесіндімен қос.
АD кесіндісі АВС үшбұрышының ВС қабырғасына жүргізілген биіктігі деп аталады.
Жауап бер:Үшбұрыштың биіктігі деген не?
В төбесінен биіктік жүргіз.
С төбесінен биіктік жүргіз.
9.Сұрақ: Осы сызбадан не байқадыңыздар? Қандай тұжырым айтуға болады?
|