Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
|
Көпмүше және оның стандарт түрі. Көпмүшелерді қосу және азайту
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
|
|
Көпмүшенің ұқсас мүшелері, оларды біріктіру, көпмүшенің стандарт түрі,
дәрежесі , көпмүшелерді қосу, азайту және көбейту туралы түсінеді, біледі;
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
Көпмүшенің ұқсас мүшелері, оларды біріктіру, көпмүшенің стандарт түрі, дәрежесі, көпмүшелерді қосу, азайту және көбейтуді есептер шығаруда қолданады;
|
Кейбір оқушылар:
|
Көпмүшенің ұқсас мүшелері, оларды біріктіру, көпмүшенің стандарт түрі, дәрежесі, көпмүшелерді қосу, азайту және көбейтуді есептер шығаруда жинақтап бағалайды.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар:
|
|
Негізгі сөздер мен тіркестер:
|
Көпмүше, көпмүшенің стандарт түрі, ұқсас қосылғыш
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
|
Талқылауға арналған тармақтар:
|
Бірмүшелер;
у ах2, у ах3 және у функциялары;
Дәреже және оның қасиеттері;
|
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?
|
Көпмүшені стандарт түрге қалай келтіреміз?
|
Жазылым бойынша ұсыныстар:
|
Көпмүше, көпмүшенің стандарт түрге келтіруді дәптерге түртіп алу;
|
Алдыңғы оқу
|
Бірмүше. Бірмүшенің стандарт түрі
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурстар
|
Басталуы
3 минут
10 минут
|
І . Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу.
Цифрлар бойынша үш топқа бөлінеді.
І топ ІІ топ ІІІ топ
Бірмүшелер Парабола Дәреже
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үйге берілген тапсырманы шарты бойынша тексеру
1-тапсырма.«Ойлан, жұптас, бөліс» стратегиясы( Топтық жұмыс)
І топ Бірмүшелер
ІІ топ у ах2, у ах3 және у функциялары
ІІІ топ Дәреже және оның қасиеттері
2-тапсырма. «Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт!» ауызша есептер
2.1. Амалды орындаңдар:
6y3 + 7y3 25c3d – 10c3d – 8c3d 9a2b3c3 – 27a2b3c3
2.2. Бірмүшелердің көбейтіндісін табыңдар:
7c ∙ 5b 6a3b2 ∙ (- 3ab4 ) 0,2a3bc4 ∙ 0,6ab6c7
2.3. Бірмүшелерді дәрежеге шығарыңдар:
(4x3y2 )2 (2a3bc6)4
|
Үлестірме материал
|
Ой толғау
Ортасы
10 минут
14 минут
|
Мағынаны ашу:
Берілген тапсырмаларды орындап көпмүше ұғымын енгізу.
Жаңа сабақ
2ab + 7c – 3a²b + 5a²b өрнегі 2ab, 7c, –3a²b, 5a²b бірмүшелерінің қосындысы болып табылады. Мұндай өрнектер көпмүшелер деп аталады.
Бірмүшелердің қосындысы көпмүше деп аталады.
2a + b екімүше
2a + b – bc үшмүше деп аталады.
Бірдей немесе коэффициенттері ғана өзгеше бірмүшелерді ұқсас мүшелер деп атайды.
Мысалы: 2х2у+5 х2у-3 х2у 4 х2у
Ұқсас мүшелердің алгебралық қосындысын оған теңбе-тең бірмүшемен алмастыруды ұқсас мүшелерді біріктіру деп аталады.
Мысалы: 3а2х+4+5 ах2- а2х-9 (3а2х - а2х)+ 5 ах2 + (4-9) 2 а2х + 5 ах2 -5
Көпмүшенің дәрежесі деп оның құрамындағы бірмүше дәрежелерінің ең үлкенін айтады.
Мысалы: 2 а2х + 5 ах2 -5 - үшінші дәрежелі көпмүше
2х2у3+5х4 - 3у4 – 3х3 – 4х2у + 5ху +7у – 9 бұл көпмүшенің үқсас мүшелері жоқ. Мұндай көпмүшелерді стандарт түрдегі көпмүше деп атайды.
|