Сабақ мақсаттары: бірлескен оқиғалар үшін ықтималдықтың қосу заңдылығын тұжырымдайды



Дата07.02.2022
өлшемі39,63 Kb.
#89437
түріСабақ
Байланысты:
Тапсырма


Тақырып 4. 2. Оқиға ықтималдығы және оның қасиеттері. Шартты ықтималдық. Ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелері.Бірлескен оқиғаларды қосу ережелері.

  • Сабақ мақсаттары:

  1. бірлескен оқиғалар үшін ықтималдықтың қосу заңдылығын тұжырымдайды;

  1. есеп шығару барысында, бірлескен оқиғалар үшін ықтималдықтың қосу заңдылығын қолданады;

Бағалау критерийі :

Оқушылар

  • бірлескен оқиғалар үшін ықтималдықтың қосу заңдылығын тұжырымдайды;

  • есеп шығару барысында, бірлескен оқиғалар үшін ықтималдықтың қосу заңдылығын қолданады;



Тапсырмалар
Тапсырма 1
Бірінші мергеннің нысанаға тигізу ықтималдылығы 0,8, екінші мергендікі– 0,9. Ықтималдылықты табу керек: а) екеуінің де нысанаға тиуінің; б) кемінде біреуінің тигізу;.


Тапсырма 2
Тараз қаласында қыркүйекте жаңбыр жауу ықтималдылығы 0,4, жел болу ықтималдылығы – 0,7. Жел мен жаңбырдың бірге болудың ықтималдылығы 0, 2. Жаңбыр немесе жел болу ықтималдылығы қандай?
Тапсырма 3
3. Машиналар жарысында бірінші айналымнан ұту ықтималдылығы 0,6, екінші айналымнан 0,9. Табу керек:

  • Екі машинаның да ұту ықтималдылығын;

  • Кемінде біреуінің ғана ұту ықтималдылығын;

Тапсырма 4
Сауда орталығында бірдей екі автомат кофе сатады. Күннің соңына дейін автоматта кофе таусылып қалу ықтималдығы 0,3 тең. Екі автоматта да кофе таусылып қалу ықтималдылығы 0,12. Екі автоматта да кофе қалуының ықтималдылығын табыңыз.


Тапсырма 5
3 бөлікке бөлінген нысанаға мерген атады. Бірінші бөлікке тигізу ықтималдылығы 0,45, екіншіге тигізу ықтималдылығы – 0,35.Бірінші атқаннан мерген, бірінші немесе екінші бөлікке тигізу ықтималдылығын табыңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет