Хромосомалар ядрода айқындала бастайды. Олар қысқарып, жуандап, серппеге айналады, сөйтіп белгілі бір ретпен орналасады;
Диффузды хроматиннің жинақталуы және ДНҚ молекулаларының тығыз серппеге оралуының нәтижесінде хромосомалар жекелене бастайды;
Профазаның алғашқы кезінде әрбір хромосома екі хроматидтерден тұратындығы анық көрінеді. Бұл – жасуша айналымының интерфаза сатысының S кезеңінде жүретін репликация нәтижесі.
Жасуша денесі ядролар арасында бөлінеді. Жасуша экваторында цитоплазмалық мембрана ішке қарай ойық түзеді. Жасуша толығымен 2 жасушаға бөлінеді. Жасуша органеллалары – ЭПТ, Гольджи аппараты қайта қалпына келеді