(Ұ) Оқушылардан«Көшу»сөзін қалай түсінетіндерін сұрау.
-Балалар, «Көшу»деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
(Оқушылардың жауаптары тыңдалады)
(Ұ) «Көшпенділер» ойыны Әр оқушының алдына көлік түрлерінің атауы жазылған үлестірме парақшалар таратамын.
-Балалар қазір сендермен ойын ойнаймыз.
-«Көш қозғалды»дегенде сендер алдарындағы заттарды алып,келесі топпен орындарынды ауыстырасыңдар.
«Көш қоныстанды»деген сәтте сендер қай орынға келіп тоқтадыңдар,сол жерде қалуларын керек.
/мұғалім бірнеше рет ойынды жалғастырады/
-Балалар,ойын барысында сендер не байқадыңдар?
/Балалардың мүмкін болатын жауаптары/
-Біз орнымызды ауыстырдық.
-Бір жерден екінші жерге көштік
-Ал бір орыннан екінші орынға көшкен адамдарды қалай атауға болады?
(Балалардың жауаптарын тыңдау)
-Көшпенділер
-Көшпенділер деп кімдерді айтамыз?Неліктен?
Көшпенділер туралы не білесіңдер?
-Ия,біздің ежелгі ата-бабаларымызды көшпенділер деп атайды.
-ендеше бүгінгі сабақта біз кімдер туралы сөйлесеміз?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу
Сабақтың тақырыбы:Біздің ежелгі ата-бабаларымыз.Олар кім?
-Сабақтың мақсаты: Әртүрлі уақыттағы адамдардың өмірі туралы түсінік болу.
-Сабақтың мақсатына жету үшін біз нені үйренуіміз керек?
Жетістік критерийлері: Ежелгі ата-бабаларымыз туралы айтып береміз.Өткен және қазіргі уақыттағы адамдардың тіршілігі туралы түсінік аламыз
-Балалар,тақтаға зер салып берілген сөзжұмбақты шешіп көрейік Шешуі: /жета ата/
-Балалар,қазақта мынадай мақал бар
«Жеті атасын білмеген ер жетім»
-бұл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
-Сендерге өз жеті аталарын туралы және қай рудан шыққандарынды біліп келіңдер деген тапсырма берген болатынмын.
-Қане ,кім өзінің атасын айтып бере алады?
(Әр топтан 1 оқушы тұрып таныстырып шығады)
-Жарайсыңдар! Жеті атаны білу-біздің парызымыз.
-Ертеде біздің бабаларымыз тайпаға бөлініп өмір сүрген екен.
(Ұ) Интерактивті тақтадан сурет бойынша жұмыс жалғасады.
-Бұл кімдер?
-Немен айналысып жүр?
-Бізге,біздің ата-бабаларымызға бұлардың қандай қатысы бар?
-бұл тайпа қалай аталады?Кім біледі?Естігендерін бар ма?
Бұл үлкен тайпаның атын табу үшін мына сөзжұмбақты шешіп көрейік
(Балалар жауаптарын тақтаға өздері жазады)
1.Біз қазір қандай бөлім өтіп жатырмыз /Саяхат/
2.Ежелгі адамдар ең алғаш қай елді мекендеді? /Африка/
3.Қазір қай жыл мезгілі? /Қыс/
-әр жауаптың бірінші әріптерін қосып оқысаң,үлкен тайпаның атауын табасың.
(Т) Зерттеу жұмысын жүргізеді (Бірін-бірі бағалау)
А3 көлеміндегі параққа оқушылар суреттен кім бейнеленгенін,бұл адамдардың қандай тіршілік жасап жатқанын,шаруашылықтарын,қару-жарақтары қандай болғаны,қандай көлік түрлерін пайдаланғанын айтып беруі тиіс.Оқушылар өз жұмыстарын тірек схема немесе кесте түрінде безендіреді.Әр топ өзінің жұмыстарын тақтаға іліп қояды.Әр топ бір-бірінің жұмыстарын қарап шығады,тексереді.Өздерінің тілектерін,ұсыныстарын пікірлерін стикерлерге жазып іледі.
-Балалар,сыныпта Томирис есімді қыз бар ма?
-Томирис есімді неше қызды танисың?
-Ал неліктен есімдерін Томирис қойды деп ойлайсың?
(оқушылар өз ойларымен бөліседі)
Аудиожазбада Томирис туралы мәлімет беріледі.Батыр қыздың суреттері көрсетіледі.
/үнтаспадан оқылады/
Ежелде ұлы даламыздың сақ тайпаларында Томирис есімді патшайым болған екен. Ол халық арасында Тұмар ханшайым есімімен де белгіл. Томирис бес жасынан атқа отырып,ал жеті жасынан қолына қылыш алған екен.Сақ ханшайымы Томирис батыл,ержүрек,сымбатты еді.
Жауыз Кир патша өз әскерлерімен жерімізді басып алмақ болды.Томирис елін жаудан аман құтқарып қалды.
|