Сабақ мақсаттары



Дата26.06.2018
өлшемі29,49 Kb.
#44212
түріСабақ
Исатаева Гульбара Койлыновна,

Оңтүстік Қазақстан облысы,

Сарыағаш ауданы,

№28 Абылай хан атындағы жалпы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Сүт қалай ұйықтады?

Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар: Қазақтың белгілі сықақшыл ақыны О. Әубәкіровтің өмірбаянымен танысады, ертегідегі астарлы ойды ашады.

Көптеген оқушылар: Ертегіні түсініп оқиды

Кейбір оқушылар: Ертегідегі сүттің іс-әрекетін қара сөзбен әңгімелейді

Тілдік мақсат

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Ұйып, аттандап, ұйқышыл.

Мәтіндегі қорытынды ой. Ұйқы –дұшпан.



Бағалау критерийлері

Ертегіні түсініп оқиды.

Ертегідегі сүттің іс-әрекетін қара сөзбен әңгімелейді.



Құндылықтарды дарыту

Ұйқышылдық, еріншектік, жалқаулық сияқты жаман әдеттерден аулақ болуға, тұрақты батыл болуға тәрбиелеу.

Пән аралық байланыстар

Дүниетану, қазақ тілі, жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары




Бастапқы білім

Сүт өнімдері

Бұрыннан бар білімді қалай белсендендіре аласыз ?

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс - әрекеттер

Ресурстар










Сабақ барысы


Сабақтың ортасы \ сабақтың негізгі бөлімі

Сабақтың соңы

Психологиялық дайындық

Ойға толып санамыз,

Бестік баға аламыз.

Баласындай бір үйдің,

Тату болсын арамыз.

Мозайка әдісі бойынша 4 топқа бөлу Қаймақ, айран, ірімшік, құрт

Үй тапсырмасын сұрау.

Қомағайлық. Қожанасыр мен ашқарақ.



    1. Мәтіндерді түсініп оқу.

    2. Мәтін мазұнын айту.

    3. Қонақ туралы мақал-мәтелдер жаттау

«Конверт-сұрақ» әдісі

1-топ Қомағайлық мысалынан түсінгеніңді айт.

2-топ Қожанасыр мен ашқарақ аңызының кейіпкерлерін ата және олардың ісін қимылмен көрсет.

3-топ Ашқарақтың іс-әрекеті туралы не дер едің?

Қожанасырдың іс-әрекеті туралы не едің?

4-топ Сен ашқарақтың орнында болсаң не істер едің?

-Қонақта өзіңді қалай ұстайсың?

Жаман әдеттерге не жатады?

Кім жүйрік? топтық мақал-мәтелдер жарысы

Мағынаны ашу Жұмбақ шешу

Базарда сатылмайды,

Таразыда тартылмайды.

Өзі балдан да тәтті,

Өмірге бір шапағатты. Ұйқы

Ұйқы туралы сұрақтарға жауап беру:


  • Балалар, ұйықтағанды жақсы көресіңдер ме?

  • Неше сағат ұйықтайсыңдар?

  • Ұйқыдан сендерді кім оятады?

  • Ұйқышы деп қандай адамды айтамыз?

Жаңылтпашты жатқа айту.

Ұйқышыл кісіні ұйқы қысты,

Ұйқышыл кісінің ұйқысы күшті.

Сылдыр сұйық су емес,

Ішсең шөлің қанады.

Ақ болса да қар емес,

Шешуін кім табады? /Сүт/


  • Мал төлдеп әр ауыл

Пісірдік ақ бауыр.Бұл не? /уыз/

* Күбіге құйып піскен не? /Қымыз/

* Ұйытып қойып ішкенім не? /айран/

* Кілегей шайқап алғаным не? /май/

* Сөреге кептіріп жайғаным не? /Құрт/
Ребус шешу

Бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Сүт қалай ұйықтады?» ертегісі

Ал, балалар, жарайсыңдар.

Бұл ертегі туралы деп ойлайсыңдар? Сүт



  • Сол сүтті қайдан аламыз? Төрт түліктен

  • Осылардың ішінде қандай сүтті ұйытуға болады. Қой, ешкі, сиыр

  • Түйенікі –шұбат , биенікі- қымыз дейді.

- Бұл ертегіні жазған кім?

- Оспанхан Әубәкіров

Оспанхан Әубәкіров 1934- 1986 ж Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. Әзіл-сықақ жанрының шебері.

Сергіту сәті: Көңілді күн

Оқулықпен жұмыс

Мәтінді тұтас мәнерлеп оқып беру;

Сөздік жұмыс

Ұйып қапты- қоюланды

Ел-жұрт-халық, көпшілік, қауым

Қайран қапты-таң қалды

Берекесі қашыпты- мазасызданды

Ашыпты-көпіршіді

Құтырыпты-көтерілді

Іріп қапты-бұзылды

Ұя салыпты- ауыспалы мағынада

Бұлапты-жылапты

Еңіреп- дауыстап, қайғырып

Сары су - ашыған сүттен аққан су

Тізбектеп, кезекпен оқыту

-Әжеміз быжынаған айранды қалтаға неге құйды?

-Одан не ақты?

-Сары судың пайдасы бар ма?

-Қалтадағы сүзбеден не істейді?

-Көп ұйықтаған неге зиян?

Суретпен жұмыс

Ертегідегі сүттің іс-әрекетін қарасөзбен әңгімелеу.

Балалар, бұл ертегіде қандай жаман қасиет туралы айтылады?

-Ұйқышылдық.

-Ол туралы мәтінде қандай нақыл сөз берілген?

-Ұйқы- дұшпан.

-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Артық ұйқы адамға зиян. Ертегідегі көп ұйықтаған сүт құртқа айналды. Ал өмірде бұл сүттің орнына адамды қойсақ, ол адамды қандай деп айтамыз? / оқушылар өз ойларын айтады/.

Адам өз өмірінің үштен бір бөлігін ұйқымен өткізеді.

Ұйқының қанбауы адам ағзасына кері әсерін тигіеді. Алайда қажетті уақыттан көп ұйықтау да зиян.


    1. Жүрек жұмысын нашарлатады.

    2. Ағзасын әлсіретеді.

    3. Есте сақтау қабілетін төмендетеді.

    4. Басын ауыртады.

    5. Сергектігін азайтады.

Ұйқы мөлшері:

Сәби - 16 сағат

Кіші балалар – 11-13 сағат

Жасөспірімдер – 9 сағат

Ересектер – 8 сағат

«Сөз құра» ойыны Топтық жұмыс

Берілген буындардан сөз құрап жазу



Сабақты қорытындылау:

«Кім жақсы меңгерді?» топтық жұмыс

1- топ Ақын ертегіде ненің әрекетін суреттеген?

Сүттің аянышты халін кім байқады?

Жұрт « сары су» жайлы не дейді?

2- топ Ертегінің авторы кім?

Бір күні сүтке не бопты?

Сүт неліктен жылады?

3- топ Ақын осы ертегі арқылы не айтпақ болды?

Оспанхан Әубәкіровтың туған жылы?

Ел-жұрт неге қайран қалды?

4 – топ Ұйықтаймын деп сүт қандай күйге ұшырады?

Өлең неліктен ертегіге жатады деп ойлайсың?

Оспанхан Әубәкіровтың туған жері?

Оқушылардың білімін бағалау

Үйге тапсырма:


      1.  Ертегіні мәнерлеп оқу.

      2. Ертегіні қарасөзбен әңгімелеп айта білу.

      3. Жалқаулық, ұйқышылдық туралы мақал-мәтел жаттау.

Слайд
Қаймақ, айран, ірімшік, құрт суреттері


Конвертке салынған сұрақтар

Слайд

Слайд



Ребус

Төрт түлік суреттері слайд

О Әубәкіров

Слайд

Ноутбук

Ведио


Оқулық

Сурет слайд

Таратпа қағаздар

Сұрақ жазылған парақшалар





Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырасыз?

Ертегінің мазмұнын ашатын мақал-мәтелдер жинақтау

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Оқушылардың мәтіннің мазмұнын түсіну және негізгі ойын анықтай алу қабілеті бағаланады бағалау критерийлері арқылы бағаланады.


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сергіту сәті өткізіледі жазу кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады, үзіліс кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады



Жалпы баға (мұғалімнің рефлексиясы)

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ?)

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік \ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сабақ бойынша кері байланысы


Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз . Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары \ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?




Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?




Жеткізбесе неліктен?




Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?




Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?




Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды? Неліктен?






Бағалау критерийі

Дескриптор

ұпай

Мәтіндердің мазмұнын айту.



Үй тапсырмасы

Қомағайлық. Қожанасыр мен ашқарақ.



«Конверт-сұрақ» әдісі

Сұрақтарға жауап бере алады.



1





Кім жүйрік? топтық мақал-мәтелдер жарысы

Қонақ жайлы мақал-мәтелдер айта алады.



1


Ертегіні түсініп оқиды.




Жаңа сабақ

Жаңылтпашты жатқа айту

Іштей оқиды.

Тізбектеп, кезекпен оқиды.

1


Ертегідегі сүттің іс-әрекетін қарасөзбен әңгімелейді

Суретпен жұмыс

Ертегідегі сүттің іс-әрекетін қарасөзбен әңгімелей алады



1





«Сөз құра» ойыны Топтық жұмыс

Буындардан сөз құрай алады.


1





«Кім жақсы меңгерді?» топтық жұмыс

Сұрақтарға жауап бере алады.




1


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет