Қайрадинова Жұлдыз Жұмағалиқызы, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шебір ауылы, Қаратөбе орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, ІІІ базалық деңгейден өткен, ІІ санатты ұстаз.
Сабақ:_математика__Мектеп:_Қаратөбе_орта_мектебі__Күні:_14.12.2016жыл'>Сабақ: математика
|
Мектеп: Қаратөбе орта мектебі
|
Күні: 14.12.2016жыл
|
Мұғалімнің аты-жөні: Қайрадинова Жулдыз
|
Сынып: 3 «ә»-сынып
|
Қатысқандар:15 оқушы
|
Қатыспағандар:0
|
Сабақтың тақырыбы
|
Бағасы, саны, құны шамалары арасындағы тәуелділік
|
Сабақ мақсаттары
|
Бағасы, саны, құны шамалары араларындағы тәуелділік туралы мағлұмат беру. Алған мағлұматтарын өмірде пайдалана білуге, қолдана білуге тәрбиелеу. Әр ел валютасы мен теңге тарихы туралы қосымша мәліметтер беру. Кесте бойынша есептер құруға, қалдықпен бөлуге машықтандыру
|
Күтілетін нәтиже
|
Бағасы, саны, құны шамалары араларындағы тәуелділік ұғымдары туралы ұғынады, бір заттың бағасы, саны, құнын табуға тапсырмалар орындайды
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 минут
Үй тапсырмасы
2 минут
Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту
5 минут
Электронды оқулықпен жұмыс
(5 минут)
Қазымыр оқушы
(10 минут)
Сергіту сәті
3 минут
Дәптермен флип-чартпен жұмыс
Кім қырағы?
(2 минут)
Дарынды оқушы
(5 минут)
|
1.Хорға тұру. Егемен ел Қазақстан әнін хормен айтады
2. Түрлі-түсті теңгелерді суыру арқылы топтарға бөлінеді. Әр топ басшысын, хатшысын, бақылаушысы мен баяндаушысын сайлайды
№3 тапсырма. Қалдықпен бөлуді орында. Әр топ екіден оқиды, мәнін айтады.әрбір оқушы өзін бағалайды.
Сабақтағы бағалау туралы айтып кетемін. Топ бақылаушысы топ мүшелерін ашық журналға сабақ сатысы сайын бағалап отырады
Биыл тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл болып жатырғанын жақсы білеміз. Төл теңгеміз қашан қашан ұлттық валюта түрінде енгізілгені туралы мұқият қараймыз. (видеоролик көрсету)
Қазақстанда ұлттық валюта қашан енгізілген екен? (1993ж, 15 қарашада, сағат 8-00-де.
Балалар, бізге теңге не үшін керек?
Олай болса балалар, бүгінгі сабақ біздің күнделікті өмірімізге, болашағымызға өте керек тақырып екен. Дәптерімізді ашып тақырып жазайық.
13 қараша, Бағасы, саны, құны шамалары арасындағы тәуелділік
Баға, сан, құн деген не екенін электронды оқулықтан қысқаша ғана тыңдайық
Баға-бір заттың бағасы
Саны- сатылған заттың саны
Құн- барлық сатып алынған затқа төленген ақша
Әр топқа тапсырмалар беріледі
Әр топ өздерінің аттарын табады. Неліктен шарларда Б, С, Қ әріптері жазылған?
Әр топ өз тобының атын табады
Б-баға
С-сан
Қ-құн топтары
Баға тобы - №1, сан тобы - №2, құн тобы - №3 тапсырманы орындайды. Заттың бағасын, құнын, санын табу үшін не істеу керектігін айтады
(ереже шығарады)
№2 Кесте бойынша есеп құрайық!
Бағасы
|
Саны
|
Құны
|
90тг
|
2
|
?
|
?
|
2
|
100тг
|
30тг
|
?
|
90тг
|
Кесте бойынша есеп құрады
«Абди дүкенінде» ойыны
Оқушылар сатушы және сатып алушы болып ойнайды, дүкеннен оқу-құралдарын сатып алады Бір оқушы сатушы болады, қалған оқушылар сатып алушылар. Оқушылар берілген чекке заттың құнын жазып алып барады да оқу құралдарын сатып алады
Дүкен-магазин-shop
Ашық-открыто-open
№3 амалдарды баған түрінде орындайды
№3
Амалдарды баған түрінде орында
426+352=778 478+421=899 725+264=989
658-432=226 784-343=441 965-654=311
№9
Қалдықпен бөлу дұрыс орындалған ба?
Оқушылар алдарындағы дұрыс, бұрыс белгілерін көтеру арқылы жауап береді
№10
Қыздар ақшаны қалай бөліседі?
180/6=30
Ж: 30 теңгеден бөліседі
|
Түрлі-түсті шоколад теңгелер
Слайдтар
Ашық журнал, флип-чарт
Теңге тарихы туралы видеоролик
Электронды оқулық
Әр топқа кестелер
Оқу құралдары, бағасы, чектер
Флип-чарт, маркерлер
Дұрыс, бұрыс белгілері
Оқулық
|
Соңы
5 минут
|
Кері байланыс: «Кубизм» әдісі бойынша
|
Кубик
|
Бағалау
3 минут
|
Ашық журнал бойынша бағалау. Топ бақылаушысы сабақ бөлімдері бойынша қойған бағаларынан қорытынды баға шығарады.
5,6 стикерге- «5», 3,4 стикерге – «4», 2,3 стикерге-«3», 1 стикерге – «2» деген баға қойылады
|
Ашық журнал, стикерлер
|
Сабақ
|
Математика
|
Күні
|
22. 12. 2016 жыл
|
Сынып: 3 «Ә» - сынып
|
Қатысқандар: 15 оқушы
|
Қатыспағандар: 0
|
Сабақтың тақырыбы
|
Екі-үш амалмен шығарылатын есептер
|
Сабақ мақсаттары
|
2- 3 амалмен шығарылатын есептерге жаттығу жұмыстарын жүргізу.
Оқушыларды топпен бірігіп жұмыс жасауға, бірін- бірі бағалай білуге, жинақы әрі шапшаң жұмыс жасай білуге машықтандыру
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
1 минут
Топқа бөліну
2 минут
«Өрмекші» торы әдісі
Үй тапсырмасы
2 минут
Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту
Тапсырмалар
3 мин
Сергіту сәті
5 минут
10 минут
10 минут
Сергіту сәті
5 минут
|
Балалар, қазір қыс мезгілі екенін білеміз. Бугін біздің сыныпқа қыста қыстап қалатынт суықторғайлар ұшып келіпті. Сол суықторғайлар сіздерге жақсы тілек өлеңін арнап отыр. Суықторғайлар тоңған уақытта бір-біріне жақындап жылу береді екен. Енді осы тілек өлеңін оқу үшін бір-біріміздің қолымыздан ұстап бір-бірімізге алақан жылуымызды беріп өлеңді оқиық.
Топқа бөліну үшін мына стикерлерді суырайық. Стикерде жазылған өрнектер мәнін тауып, ойланып тұрамыз. Таптық па?
Бөлінгіш
Бөлгіш
Бөліндінің мәні
Әр топ басшы, хатшы, бақылаушы, баяндаушы, басшысын сайлап алады. Баяндаушы 2еу болады
«Өрмекші торы» әдісімен таныстыру
№9 тапсырма
36, 40 48 86 34
Дәптер жинау
Өрмекшілер туралы мәлімет
Күн жадын, тақырыпты жазу
3 деңгейлік тапсырмалар
№1 ауызша
№2 салыстыру ауызша. Белгілер көтеру
Түсі әртүрлі, үлкендігі әртүрлі, бірақ пішіні бірдей қарларды тауып терезеге жапсыр
2 деңгейлік тапсырмалар
№3 теңдеуді шешу( флипчартпен жұмыс)
3 7 48
№4 Амалдарды орында. Флип-чартпен жұмыс
520см+340см=860см
160мин-50мин=110 мин
48сағ-47сағ=1 сағ
412см+37см=449см
«Шырша жырын» айтқызу
1 деңгейлік тапсырмалар
№ 5, 6, 7
№5
1 гүлге қонған көбелектер мен аралар
|
Гүл саны
|
Барлық ара мен көбелектер
|
2
?
|
?
сонша
|
18 ара
27 көбелек
|
Ш: 18/2=9 27/9=3
№6
Ш: 9*3+36=27+36=63(бақбақ)
№7
12+24+17=53 (бақа)
«Дарынды оқушы»
№11 тапсырма
Қоян, түлкі, елік, көртышқан борсық
|
Слайд
Суықторғайлар
Стикерлерге жазылған тапсырмалар
Топ аттары
Өрмекші торы
Флип-чарт
Бағалауға арналған стикерлер
№1 есепке тапсырмалар
Қарлар
Маркерлер
Слайд, видеокараоке
А4 қағаздар
Жануарлар суреті
|
Соңы
5 минут
|
Кері байланыс: «Кубизм» әдісі бойынша
|
Кубик
|
Бағалау
|
Ашық журнал бойынша бағалау
|
Ашық журнал
|
Сабақтың тақырыбы: Төлдер
Мақсаты: 1. «Төрт түлік» тарауы бойынша білімдерін тиянақтау. Жіңішке дауысты дауысты дыбыстарды таба білуге жаттығу жұмыстарын жасау.
2. Мәнерлеп, жүргізіп оқуға баулу. Өз ойын ашық айта білуге машықтандыру.
3. Төрт түліктің қадір-қасиетін, пайдасын ұғына отырып, оларды баға, қорғай білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері.
Көрнекілігі: Төлдер, төрт түлік суреттері, сергіту сәтіне арналған қасқыр мен қораның қима суреттері, асықтар.
Жүрісі: 1. Оқушылар 4 топқа: «Құлын», «Бота», «Қозы-лақ», «Бұзау» топтарына бөлініп отырады.
Сабаққа психологиялық дайындық. «Көңіл-күй ахуалы». Балалар екі көңіл-күйдің біреуін таңдайды.
☹ ☺
Оқушылар қол ұстасып: «Мен саған жақсы көңіл-күй тілеймін!» деп айтады.
2. Сабақ 5 бөлімнен тұрады. 1-бөлім: «Ой-толғау», 2-бөлім: «Төлдер тапсырмасы», 3-бөлім: «Мәнерлеп оқу», 4-бөлім: «Жаттығу жұмысы», 5-бөлім: «Ой-қорыту».
3. Үй тапсырмасы: Өткенді қайталау
1-бөлім: «Ой толғау»
Әр топ өзіне берілген төл туралы сйлейді. Төлдің аты, енесі, оны қалай шақырады, оның иесі, өзіне тән ерекшелігі, пайдасы, одан алынатын тағамдар, ол туралы білетін өлең, жұмбақ, мақал, жаңылтпаштар т.с.с айтуға болады. Жақсы жауап берген оқушылар 1 ұпай (асықпен) бағаланып отырады.
2-бөлім: «Төлдер тапсырмасы»
Әр топтан бір оқушы шығып, тапсырма суырады. Ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Дұрыс жауап берген оқушылар асықпен бағаланады.
Сұрақтар:
Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай? Дыбыстар нешеге блінеді?
Сөз неден құралады? Сөйлем неден құралады? Мысал келтір.
Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
Жуан дауыстыларды, жіңішке дауыстыларды ата.
3-бөлім: «Мәнерлеп оқы»
Оқулықтағы «Төлдер», «Әнші төлдер», «Бөрте лақ» өлеңдерін оқып көрсетемін. Мағынасы ашылады. Әр топ өзіне қатысты төл туралы шумақты мәнерлеп оқып көрсетеді. Жақсы оқыған оқушылар асықпен бағаланып отырады.
Сергіту сәті, ойын: «Қасқырдан құтқарайық»
Өрісте жайылып жүрген төлдерді аш қасқыр көріп қалады. Төлдерге қарай бет алады. Қане, балажлар, төлдерді қорасына шақырып, қасқырдан құтқарайық. Әр топ өз төлін қораға шақырады. (төлдерді шақыру) Дұрыс шақырған топ иелері асықпен бағаланады.
4- бөлім: «Жаттығу жұмысы»
37-жаттығу. Сөздерді оқып көшіріп жазу. Жіңішке дауысты дыбыс әріптердің астын сызу.
Қой, ешкі, серке, түйе, тоқты, теке, саулық.
Тақтаға шығып, дұрыс орындаған оқушылар асықпен бағаланады.
38-жаттығу. Мәтінді түсініп оқыту. Құрамында жіңішке дауыстысы бар сөзді атату. Әр сөйлемді әр топ оқып, тапсырмасын орындайды. Дұрыс жауап берген оқушылар асықпен бағаланады.
5-бөлім: «Ой-қорыту»
Балалар, осымен «Төрт түлік» тарауын да аяқтадық. Сонымен төрт түлік мал жақсы өсуі үшін не керек? Әр топтан бір суретші шығып айтып, тақтаға түрлі-түсті бормен суретін салады. Ойларын айтып сабақты қорытады.
Бағалау: Оқушылар асық саны бойынша бағаланады.
Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу.
Дарындылықты анықтауға және дамытуға арналған суреттер
Кембридж бағдарламасының жеті модулі бойынша сабақтарды қызғылықты етіп өткізу үшін үнемі оқушылардың сабақтан жақсы әсер алуына байланысты инновациялық технологияны қолданып отыру қажет. Бағдарлама оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік ой-пікірін жеткізе білетін ынталы сенімді болуды қалыптастырады. Күнделікті сабақтарда сыныпта ынтымақтастық ахуал қалыпастыру оқушылардың білімге құштарлықтарын, көңіл күйлерін жақсартуына оң әсерін береді. Ынтымақтаса жұмыс істей отырып, олар бір нәтижеге жету үшін топ ережелерін сақтауды үйренеді. Өз-өздерін реттеулері мен көшбасшылыққа ұмтылуы артып, дарындылары айқындала бастайды. Бағдарламаның 5-модулі - талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқушылардың қабілеттерін дер кезінде анықтай білген ұстаз ғана болашақ дарынды да тани біледі, әрі оны дамыта алады. Сабақ арасында қолданып жүрген дарындықты анықтауға және оны дамытуға арнап жасаған суреттерімді ұсынып отырмын. Бұл суреттер әрбір оқушыға әртүрлі көрінуі мүмкін. Тіпті нақты жауабы жоқ десе де болады. Бала қиялына ерік беріп, оны дамыта білу керек.
Дарындылықты анықтауға және дамытуға арналған суреттер:
Балапан(жоғарыдан қарағандағы көрініс)
Ауыр жүк көлігі(астынан қарағандағы көрініс)
Бірнеше жауабы бар: шар, теннис таяқшасы, чупа-чупс
Қалпақ киген мысық (жоғарыдан қарағандағы көрініс)
Бірнеше жауабы бар: ай, қарбыз не қауын тілігі
Қырынан тұрған кітап (жоғарыдан қарағандағы көрініс)
Қайықта отырған ескекші адам(жоғарыдан қарағандағы көрініс)
Аққала (Жоғарыдан қарағандағы көрініс)
Алма (жоғарыдан қарағандағы көрініс)
Балта (астынан қарағандағы көрініс)
Киіз үй (үстінен қарағандағы көрініс)
Достарыңызбен бөлісу: |