Сабақ Математика Тақырыбы: Өтілген материалды бекіту



Дата10.06.2017
өлшемі73,78 Kb.
#18582
түріСабақ
Астана қаласы

42 орта мектеп


Ашық сабақ

Математика
Тақырыбы: Өтілген материалды бекіту

Өткізген: Мырзаханова А.А.

Сыныбы: 3 «Ә»


2016-2017 оқу жылы

  1. Сабақтың тақырыбы: Өтілген материалды бекіту

  2. Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Есептеу, ұзындық өлшем бірліктерін көрсету, амалдарды орындау, есеп шығару туралы білімдерін нығайту.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлауын, талдау, саралау, салыстыру қабілеттерін дамыту, шапшаң есептеу машықтарын, есте сақтау, зейінін, ой-өрісін, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды білімқұмарлыққа баулу, ұлттық сана сезімдерін тәрбиелеу, сыйластыққа, жинақылыққа жетелеу, ұқыптылққа бейімдеу. Таза, әдемі жазуға, шапшаңдыққа, алғырлыққа мейірімділік, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

  1. Сабақтың типі: Білім, білік, дағдыны бекіту сабағы.

  2. Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.

  3. Сабақтың көрнекіліктері: Тапсырмаларға керекті суреттер, саяхат сабаққа арналған суреттер.

  4. Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру.

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

  3. Ауызша есептеу.

  4. Өткенді қайталау және пысықтау.

  5. Оқулықпен жұмыс.

  6. Қорытынды.

  7. Үйге тапсырма.

  8. Бағалау.

  1. Сабақ барысы:

Балалар, сабағымызды бастамас бұрын үй тапсырмасын тексеріп алайық. Қане кім үйде орындап келген тапсырмасын оқиды? Қалғанымыз дәптерді ашып, үй тапсырмасын оқып тұрған оқушымен өзіміз орындап келген тапсырманы тексеріп отырамыз. Мен дәптерлеріңді қарап шығайын.

Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болмақ. Бүгін біз Көкшетау өңіріндегі Бурабайға саяхатқа шығамыз. Саяхатқа шығу үшін бізге ұшаққа билет керек. Билеттерді алу үшін біз мына авиакассадағы билеттердің астындағы ауызша есептеулерді дұрыс орындауымыз қажет.

1м=10дм

1дм=10см

1см=10мм


1м=100см

1дм=100мм



1км=1000м

1м=1000мм






Жарайсыңдар балалар, есептеуді дұрыс жүргіздіңдер. Барлығымызға билет берілді, ендеше барлығымыз Бурабай өңіріне келдік. Бурабай туралы не білеміз?

Ақмола облысының солтүстігінде «Бурабай» ұлттық паркі орналасқан. Бурабайдың тау-тасы да, көлі де, жазық даласы да ертегілер мен аңыздарға толы. Көкше жеріндегі Бурабайдың тамаша табиғаты, тылсым бейнесі – қарағайлы орманы, бір-бірінен көлдері арқылы бөлініп жатқан қатпарлы жартастары, биік құз басындағы тастары мен шыңдары небір бейнені көз алдыңа елестетеді.

Балалар, бүгін біз сендермен сабақ барысында есептер шығарамыз.

Қане барлығымыз оқулықтың 98-ші бетін ашайық.
Балалар, егер 1-тапсырманы дұрыс орындасаңдар Бурабай көліндегі Көгілдір шығанақты көреміз.

1-тапсырма: Бос орындарды тиісті санмен толықтыр.

3мм+7мм=1см 8см+2см=1дм

9мм+1мм=1см 6см+40мм=1дм

5см5мм+45мм=1дм 9дм+10см=1м

Балалар, сендер 1-тапсырманы дұрыс орындадыңдар. Мынау Бурабай көліндегі Көгілдір шығанақ. Ескі аңыз-әңгіме бойынша Алла дүниені жаратқанда бір халыққа орман байлығын, біреуге ұлан ғайыр даланы және ірі өзендерді, енді біреулерге әдемі таулар мен көгілдір көлдерді берген екен. Қазаққа тек қана дала тиіпті. Оған өкпелі қазақтар жаратқанның өздеріне назар аударуын және таңғажайып табиғаттың бір бөлігін беруін сұрапты. Сонда Алла өзінің қоржынынан ерекше мүсінді тау мен тасты аймақты, көгілдір суымен сұлу көлді даланың ортасына төге салыпты. Бұл жер шалғынды, гүлдерге бай әсем жер жанаты. Тауларында әртүрлі ағаштар мен бұталар, құстар мен жыртқыштар мекендейді. Көлдерінде балығы тулап, шалғынында көбелектер мен шыбын-шіркейлері тіршілік етеді.
Балалар, егер 2-есепті дұрыс шығарсаңдар Көкшетау бөктеріндегі Жұмбақтас тауын көреміз.

7м3дм-65см= 5см-50мм= 85мм+12см=

6дм8см-48см= 3см5мм-19мм= 19см+15мм=
Балалар, сендер 2-есепті дұрыс шығардыңдар. Мынау Көкшетау бөктеріндегі Жұмбақтас тауы. «Жұмбақтасты» бір қырынан қарасаң – бұрымды жас қызға балайсың, екінші қырынан қарасаң - орамал тартқан келіншекке балайсың, үшінші қырынан қарасаң – бетіне әжім түскен кемпірге балап таңқаласың. Сол себепті бұл жартас жұмбақтас деп аталған.

Балалар, егер 3- есепті дұрыс шығарсаңдар Көкшетау бөктеріндегі Оқжетпес тауын көреміз.

  1. Есепте не туралы айтылған?

  2. 2 саны нені білдіреді?

  3. 10 саны нені білдіреді?

  4. Есептің сұрағы қандай?

  5. Есептің сұрағына бірден жауап беруге бола ма?

  6. Неге?




  1. Оны қалай табамыз?

Шырын туралы

Бір қораптағы шырынның мөлшері

Қорап саны

Шешей барлығы қанша литр шырын сатып алды?


Иа

Бір қораптағы шырын мөлшері мен қорап саны белгілі


Бір қораптағы шырынның мөлшеріне қорап санын көбейтеміз.


Сатып алды-2л-дан 10 қорап

Барлығы-?,л

Ш:2·10=20 (л)

Ж:Барлығы 20 литр шырын сатып алды.




  1. Есепте не туралы айтылған?

  2. 286 саны нені білдіреді?

  3. 314 саны нені білдіреді?

  4. Есептің сұрағы қандай?

  5. Есептің сұрағына бірден жауап беруге бола ма?

  6. Неге?

  7. Оны қалай табамыз?

Шырын туралы.

Қоймадағы апельсин шырыны

Алма шырыны

Қоймада барлығы қанша қорап шырын бар?


Жоқ

Қоймадағы алма шырынының қанша литр екені белгісіз.

Алпельсин шырын санына алма шырының санын қосып,қанша қорап алма шырынын бар екенін табамыз. Барлығын табу үшін апельсин шырыны санына, алма шырынының санын қосамыз.


Апельсин шырыны-286 қ

Алма шырыны-?,314-ке артық ?,қ

Жауабы: 4қорапта 32 қарындаш бар.

Ш:286+314=600 (алма шырыны)

286+600=886(қорап)

Ж:Қоймада барлығы 886 қорап шырын бар.



Балалар, сендер 3- есепті дұрыс шығардыңдар. Мынау Көкшетау бөктеріндегі Оқжетпес тауы. Оқжетпес туралы мынадай аңыз бар екен:Қалмақ қызына Абылай ханның әскерлері «мен аламын» деп таласады. Сонда Абылай жауынгерлерін ренжітіп алмас үшін “Бұйырдым тұтқын қыздың қалауына” дейді. Тұтқын қыз жігіттердің өнерін сынау үшін үш шарт қояды. Біріншісі — Көкшенің ең биік шыңының басындағы найза ағашқа байланған шәйі орамалды атып түсіруі еді. Қыздан дәмелі хан батырларының барлығы да “шіреніп садақтарын шыңға кезегенімен” ешқайсысы сыннан өте алмайды. Шың содан кейін Оқжетпес аталыпты.
Балалар, егер 4- есепті дұрыс шығарсаңдар Бурабай көліндегі 3 әпке тауын көреміз.

Тура теңдіктер: Теңсіздіктер:

15·0=455-455 350-335<1·58

298-116=91+91 298-116>1·8

917-909=1·8 917-909>15·0

350-335=15·1 455-455<91+91

Балалар, сендер 4- есепті дұрыс шығардыңдар. Мынау Бурабай көліндегі 3 әпке тауы. Үш апалы-сіңлілі тас бейнесі туралы аңыз былай баяндалады: Біздің азаматтарымыз, қазақ шабуылшылары шабуылға кеткенде елде, яғни ауылда өңкей бала-шаға, шал-кемпірлер қалған ғой. Соны пайдаланған жоңғардың нояндары ауылға басып кірмекші болады. Қазақ жерін жауға бермеймін-деп жаңағы үш апалы-сіңлілі қол ұстасып жауға қарсы жүгіргенде үш қыз тас болып қатып қалған. Жау кері қайтқан. Бұл үш қыздың қайсарлығын, өжеттілігін, отансүйгіштігін көрсетіп тұр емес пе!
Балалар, егер 5- тапсырманы дұрыс орындасаңдар Бурабайдағы күннің батуын көреміз.

219+(589-130)=678

(678+98)-517=259

(800-218)+(326+92)=1000

900-(859-214)=255

Балалар, сендер 5- тапсырманы дұрыс орындадыңдар. Мынау Бурабайдағы күннің батуы.

Жақсы балалар бүгінгі біздің саяхатымыз сендердің арқаларыңда өте тамаша өтті,қаншама әсем жерлерді көрдік.

- Түсінбеген сұрақтарың бар ма?

- Сонымен біз бүгінгі сабақ барысында не істедік?

- Не үйрендік?



Үйге тапсырма: 99 бет № 6,7

Енді сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет