Сабақ материалы пән: «Бағдарламалау тілдері» Тақырыбы: «Реляциялық деректер базасы.»


DELPHI-ГЕ MS ACCESS – ТЕ ЖАСАЛҒАН ДЕРЕКТЕР ҚОЙМАСЫ ФАЙЛЫН АШУ



бет8/10
Дата26.10.2023
өлшемі0,6 Mb.
#188387
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Открытый Урок Реляциялық деректер базасы
434, 9-kl-soch, osh sor kazahskaja-literatura 9-klass kaz
1.2 DELPHI-ГЕ MS ACCESS – ТЕ ЖАСАЛҒАН ДЕРЕКТЕР ҚОЙМАСЫ ФАЙЛЫН АШУ
MS Access қосымшасында жасалған Кесте1 атты кестеден тұратын Baza1.mdb атты деректер қоймасы файлын Delphi ОБП тілі ортасында ашуды қарастырайық. Ол үшін келесі әрекеттер қадамдап орындалады.
I. Delphi формасына компоненттер палитрасындағы ADO парағынан ADOСonnection компонентін орналастыру керек. Оны сервермен байланыстыру үшін компонентте немесе ConnectionString қасиетінде 2 рет шерту керек. Нәтижеде ашылған терезе 2 пункттен тұрады:
Use Data Link File (Арнайы файлды қолдану)
Use Connection String (Қоылу жолын қолдану)

Сурет 74. ConnectionString терезес
і
Екінші пунктті таңдап, Build батырмасын шерту керек. Шыққан терезенің Provider (Поставщик) парағынан деректер қоймасына қатынаудың барлық мүмкін болатын ADO драйверлері ішінен компьютерге MS Office пакетімен автоматты орнатылатын Microsoft Jet4.0 OLE DB Provider драйверін таңдау керек. Ол MS Access ДҚБЖ деректеріне қатынауды жүзеге асырады.

Сурет 75. Провайдер таңдау терезесі
Экранға шыққан Connection (Қосылу) терезесінде деректер қоймасы файлының атауын (мысалда Baza1.mdb) енгізіп, қосылуды тексеру қажет. Қосылу ойдағыдай аяқталса, «Проверка подключения выполнена» хабарламасы шығады.
Деректер қоймасына әрбір енген сайын пароль сұрамау үшін ADOСonnection компонентінің LoginPrompt қасиетіне false мәні қойылады. Қоймамен қосылу үшін Connected қасиетіне true мәні орнатылады. Осымен деректер қоймасына қосылу аяқталады.
II. MS Access қосымшасында жасалған Baza1.mdb атты деректер қоймасы файлының Кесте1 атты кестесіне қатынау үшін Delphi формасына ADO парағынан ADOTable компоненті орналастырылып, компоненттің төмендегі қасиеттеріне келесі мәндер орнатылады:
ADOTable1. Name:=ADOTable1;
ADOTable1. Connection:=ADOConnection1;
ADOTable1. TableName:=’Кесте1’;
Егер деректер қорына қосылу дұрыс жасалған болса, онда кесте атауы TableName қасиетінде автоматты түрде көрінеді.
ADOTable1. Active:=true;
III. Кестедегі деректер бейнелеу үшін формаға DataAccess парағынан DataSource компонентін орналастыру қажет. Бұл компонентке бейнеленетін кестені көрсету үшін компоненттің DataSet қасиетінде ашылатын тізімнен ADOTable1 кестесін таңдау керек.
IV. Деректерді формада нақты бейнелеу үшін DataControls парағынан DBGrid компоненті орналастырылады. Бұл компонент деректерді кесте түрінде бейнелеуге мүмкіндік беретін тор- компонент. Бұл компонентте кесте жолдарын қосуға, жоюға және редакциялауға болады.
Қосымша жасаудың соңғы этапы компонент торларын кестені бейнелеу компонентімен байланыстыру болып табылады. Ол үшін DBGrid1 компонентінің DataSource қасиетінде DataSource1 мәнін көрсету қажет.

Сурет 76. MS Access- те жасалған ДҚ кестесін Delphi-де ашу
Нәтижеде Кесте1 кестесінің мазмұны DBGrid1 компонентіне шығады. Ашылған кестені редакциялауға, жазба қосуға және жазбаны жоюға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет