VІIІ. «Өрмек» ойыны
Жауаптар:
Период
Клаузиус
Сублимация
Конденсация
III. Жаңа сабақты түсіндіру (30 мин)
Курс тақырыбы: №11.1 Тербелмелі қозғалыс
Сабақ тақырыбы: №6. Тербелмелі қозғалыс. Тербелістердің пайда болу шарттары. Гармониялық тербелістер
Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын шамалар
Гармониялық тербелістер
Күнделікті өмірде біз тербелістер деп аталатын қозғалыстармен жиі ұшырасамыз.
Тербеліске мысал: ағаш бұтақтары, әткеншек, бесік, домбыра шегі, қабырға сағатының маятнигі.
Бұл қозғалыстардың бір-біріне ұқсастығы: олардың барлығы қайталанып отырады. Және қандай да бір уақыт өткен соң бастапқы орнына қайтып келеді. Дененің тербелмелі қозғалысы периодтылығына тән. Қозғалыстың периодтылығы бұл дене орнының белгілі бір уақыт өткен соң шамамен дәл қайталанып отыратындығы.
Тербелістер деп дененің бірдей уақыт аралығындағы дәлме-дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалысын айтады.
Еркін тербелістер деп дене тепе-теңдік күйінен шығарылғаннан соң сыртқы күштің әрекетінсіз болатын тербелістерді айтады.
Еріксіз тербелістер дегеніміз — сыртқы периодты күштің әрекетінен болатын тербелістер.
Тербелмелі қозғалыс үшін мына шарттар орындалуы қажет:
1) Бастапқы күйге қайтаратын күш болуы керек, яғни серпімділік күш.
2) Үйкеліс мейлінше аз болу керек, себебі үйкеліс тербелістің өшуіне себепші болады.
Гармониялық тербеліс
Белгілі бір уақыт аралығында қайталанып отыратын процестер немесе қозғалыстар тербеліс делінеді. Тербелмелі процестер табиғатта, техникада кеңінен таралған. Мысалы, сағат маятниктерінің тербелісі, двигательдің поршеньдерінің қозғалысы, жүректің соғуы...
Физикалық табиғаты жағынан тербелістер әр түрлі болады. Сондықтан механикалық, электрлік тербелістер деп бөлінеді. Бірақ әртүрлі тербелмелі процестер бірдей сипаттамалармен, теңдеулермен анықталады. Ендеше тербелістерді бірыңғай тәсілмен зерттеу керек.
Тек механикалы шамалардың (ығысу, жылдамдық, удеу т.б.) өзгерісімен сипатталатын тербелістер механикалық тербелістер деп аталады.
Тербеліс кезінде өзгеретін шаманың мәні бірдей уақыт аралығында қайталанатын болса, ондай тербелістерді периодты тербелістер деп атайды.
Жүйеге энергия берілгеннен кейін сыртқы күштер әсер етпейтін тербелістерді еркін тербелістер деп атайды. Тербелістердің ең қарапайым түрі гармониялық тербелістер болып табылады.
Синустар немесе косинустар заңымен өтетін тербелістер гармониялық делінеді.
Гармониялық тербелістің теңдеуі
мұндағы– тербелген нүктенің орнықты күйінен ауытқуы; t - уақыт; - тербелістің амплитудасы, циклдік жиілігі, - бастапқы фазасы; - t уақыт мезетіндегі тербеліс фазасы.
Тербелістің циклдік
жиілігі
немесе
мұнда және – тербелістің жиілігі мен периоды.
IV. Жаңа сабақтан алған білімдерін бекіту (16 мин)
Тапсырма №1.
Суреттегі тербеліс амплитудасы қандай? 0,1 м
Тербеліс периоды қандай? 0,4 с
Тербеліс жиілігі қандай? 2,5 Гц
Тапсырма №2.
Тапсырма №3.
№1. Серіппеде тербеліп тұрған жүк 8 с ішінде 32 тербеліс жасады. Тербеліс периоды қандай? (0,25 с)
Берілгені:
|
Шешуі:
|
Есептелуі:
|
|
|
|
T - ?
|
|
Жауабы: 0,25с
|
№2. Тербеліс жиілігі қандай? (4 Гц)
№3. Масаның қанат қағу тербеліс жиілігі 600 Гц, ал араның қанат қағу тербеліс периоды 5 мс. 1 мин ішінде қай жәндік қанатын көп қағады және қанша көп қағады? (24000)
Берілгені:
|
ХБЖ
|
Шешуі:
|
Есептелуі:
|
|
|
|
|
n - ?
|
|
|
Жауабы: 24000
|
Тербеліс біздің айналамызда:
«Магнит тілі неге тербеледі»
Егер сезгіш магнит тілше бір сәт зер салып қарап тұрса, оның тыныш тұрмай үнемі бір жағына немесе екінші жаққа қарай ауытқып тұратынын байқау оңай. Магнит тілінің тербелістері көп болғанда күннен-күнге 15- 20 ауытқып тұрады. Магнит тілі үнемі тыныш тұра бермейді, аздап тербеліп тұрады. Кейбір күндері ол «толқып тұрады» кенеттен және абайсызда дір ете қалады да, бір мезет тыныштала қалады, сонан-соң жан-жаққа бұрылып тыпыршиды. Тілдің тербелісі бірнеше градусқа жетеді. Осылайша бірнеше сағатқа, кейде күннен күнге созылады. Магнитологтар ондай күндерді ұйыту немесе дауылды күндер деп атайды. Ғалымдардың пайымдауынша, магнит тілінің тынымсыз тербелісі ауа райының өзгерісін, яғни дауылдың, катты желдің соғатынын білдіреді деген.
«Домбыра шегінің тербелісі»
Ішек тербелгенде оны қоршаған ауаның бөлшектері де сондай жиілікпен тербеліп, бір жерде тұрған тербеліс ауаның екінші қабатына берілелі, сөйтіп, бастапқы тербеліс жан-жаққа тарай бастайды. Әрине, мұнда да ауаның бөлшектері тербеліске түседі де, қайтадан орнына келеді.
«Жәндік қанаттарының тербелісі»
Ірі денелі қоңыздың қанаты баяу тербеліп отырады, ал ұсақ масаның қанаты жиі тербеледі. Ірі қоңыздар қанатын секундына 100-120, кішкене қара шыбын қанатын 350 рет, ал, сары масаның қанаты секундына 500-600 рет тербеледі. Қанаты үлкен қоңыздар ұшқанда қанаттың дыбысы қаттырақ естілсе, кішкентай масаның қанаттары нәзік болғандықтан нәзік үн шығарады.
Тербелістің зияны: қатты тербелістен (дірілден) машина бөлшектері шыдамай «сөгіле» бастайды. Мысалы, машинаның моторы қатты айналған кезде, бүкіл автобусты солқылдатып, терезесі мен есіктер әндетіп, ызыңдай бастайды. Осы тербелістің өзі еденді, терезені, қабырғаларды бекіткен шегелерді, винттерді босатып жібереді.
Тербелістің пайдасы: ұсақ тербелістер сом темірді жерге қазықтай қаға алады. Оның көмегімен кез- келген затты бір орнынан екінші орынға көшіруге болады. Жуан бағанды, не трубаны жер қойнауына батыру үшін оның жоғарғы жағына дірілдеткішті орнатып, жерге қадаса болғаны, труба жерді солқылдата босатып инедей ене бастайды.
«Жүрек соғысы»
Жүрек тәулігіне денедегі қанды толық 1000 рет айналдырып отырады. Жүректің қанды айдаған кездегі күші өте қуатты. Бір сағатта жеңіл машинаны 1 м жоғары көтеретіндей қуат бөледі.
Оны дүниедегі тоқтаусыз істейтін жалғыз мотор дейді.
Жүрек минутына 70 рет, бір жылда 37 миллионнан астам соғады.
Орта есеппен алғанда, адам жүрегі өмір бойы 2,5 миллиард рет соғады. 300 миллион литрдей қан айдап шығады. Адам ұйқыға кеткенде, соның өзінде жүрек сағатына 340 литр қан айдап шығады.
V. Үйге тапсырма беру (2 мин)
Г.Герц туралы баяндама жазу
«Тербелістің тұрмыста қолданылуы» тақырыбында конспект
«Тербеліс және менің мамандығым» эссе
VI. Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау (2 мин)
Валюталық тербеліс туралы аңыз
Ертеде жұмыс істеп, көршілерімен сауда жасап үш ағайынды өмір сүріпті. Олардың үлкені денелі әрі күшті болыпты. Көршілеріне құдықтан су тасып, сол үшін көршісі оған нан беріп отырыпты.
Екіншісі қулау болыпты, ол үлкен ағасынан нанның жартысын алып, оны екі картопқа айырбастап, бірақ ағасына бір картоп әкеліп беріп, біреуін өзіне алып қалып отырыпты. Ал кіші бауырлары жер жыртып, сәбіз егіпті. Ағалары оның неліктен бұлай істейтінін түсінбепті, себебі нан мен картопты көршілерге су тасу арқылы-ақ алуға болатын еді.
Бірақ бір күні көршілері өз ауласынан құдық қазып, енді үлкен ағасы суды тек жарты нанға ғана айырбастай алатын еді. Ортаншы ұл тіпті түксіз қалады, себебі үлкен ағасы жарты нанды бөлгісі келмейді. Бірақ оған жалғыз нанмен өмір сүрген қызықсыз. Сонда кіші інісі келіп, көршілерде сәбіз жоқтығын айтты. Ол сәбізді ортаншы ағасына берді. Ал ол көршілерге барып, бір сәбізді үш картопқа айырбастап алады.
Бұл аллегория кімге түсініксіз, суды мұнайға, нанды долларға, картопты айфонға, ал сәбізді қолдан жасап, шетелге сатуға болатын кез келген тауарға теңеңіз. Ал содан кейін ойланыңыздар, теңге мұнайға қазіргі кездегідей тәуелді болмау үшін не істеу керек. Себебі елдер арасындағы тауар айналымы біздің әрқайсымызға байланысты. Сондықтан әр адам жаңа тауар өндіріп, оны экспорттауға тырысу керек. Мысалы, Жапонияда ешқандай қазба байлығы жоқ. Бірақ олар неше түрлі заттарды құрастырып, шетелге сатып байып отыр. Сендердің мамандықтарың «Ақпараттық жүйелер». Сондықтан сендерге әр түрлі бағдарламалар, гаджеттер ойлап табуға балады. Ал ол үшін тымбай еңбек етіп, өз білімдерің мен іскерліктеріңді дамыту керексіңдер.
Оқытушы __________ Г.К.Мукушова
Достарыңызбен бөлісу: |